Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет17/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Сабақтың тақырыбы: Е.Ерботин.Даңғой.

Сабақтың мақсаты:

Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру. «Даңғой» өлеңімен таныстыру.Сөздік қорын, ой - өрісін, танымдылық қабілеттерін дамыту.Патриоттық, адамгершілік тәрбие беру. Жаман әдеттер мен жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Күн шапағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Мұғалім: Екі көз не үшін керек?

Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін.

Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар: Ақыл - кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: Екі қол не үшін керек?

Оқушылар: Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?

Оқушылар: Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Сендер Отанымыздың жарқын болашағысыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

АМАНДАСУ САЛТЫ бойынша алған білімдерін пысықтау, әңгімелеу



ІІІ. Жаңа сабақ Е.Ерботин.Даңғой.

Жұмбақ. Шешуі: қияр.

Қиярдың суреті слайдта.

- Қияр қандай көкөніс?

- Қандай пайдасы бар?

- Қиярды қайда пайдаланады?

Қияр туралы оқушыларға жаңа мәліметтер беру.

Қияр шөптекті, бақшада өсетін дақыл. Асқабақ тұқымдас көкөніс түрі. Қиярдың отызға жуық түрі бар. Жемісі қабақ, тағамға пайдаланады. Қияр 12°С жылылықта егіледі. Жылу сүйгіш, топырақ жылынып, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі.

Балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.

Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік алу. «Даңғой» өлеңімен танысу. Ой өрісімізді кеңейту.

«Даңғой» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Тақтамен жұмыс.

Қарашаның жиырма тоғызы

Даңғой(мысал)

Есентай Ерботин

Автор туралы мәлімет беру.



Есентай Ерботин (1940 – 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланады. Содан бері «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін біз «Даңғой» деген мысалымен танысамыз.

Мысалды оқып беру. Түсіндіру. Сұрақтарға жауап беру. 3 қатардан 3 оқушы өлеңді оқиды.

Ал, енді даңғой дегенді толықтырайық. Даңғой- мақтаншақтық, өзін өзі асыра бағалау, айналасын менсінбеу.

Мысал бойынша білім баспалдағын сызу.



Жарамсыз қалуы

Семіп қалуы

Шарықтау шегі

Мақтануы

Шиеленісуі

Қиярдың көзге еленбеуі

Дамуы

Басталуы

Сөздік жұмысы. Даңғой- мақтаншақтық, өзін өзі асыра бағалау, айналасын менсінбеу.

Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс.

(Мысалдағы нақыл сөздерді тауып оқыңдар.)

Жарамаса кәдеге,

Құр жатқаннан не пайда?

Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда?



Мақтаншақтық жаман әдет. (жаман әдет туралы жазу)Құр мақтанғаннан іспен дәлелдеп көрсеткен жөн. «Сөзден сөз құра» ойыны.

Мақтаншақтық

Мақтаншақ --- ақша ------ қан -------- ақта

мақтану ------- ана --------- ата -------- ақтық

қатық ---------- ат ----------- қант ------- ақ

тымақ --------- шақа ------- шақ ------- мақта

Сабақты қорытындылау. Психологиялық тренинг.

Балалар, мынау не? Сары доп, жер, шар, күн

Бүгінгі сабақ көңілді, қызықты, мазмұнды өтті. Сондықтан мен оны күнге теңесем қалай болар еді?

Тамаша! Керемет! Жақсы!

Күнге не жетпей тұр?

Сәулесі, шапағы.

Оны өздерің жасаңдар. Бүгінгі сабақта қандай жұмыс жасадық? Нені үйрендік?

Сабақты бағалау.

Артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өту.



Үйге тапсырма: Мысалды түсініп оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ш.Смаханұлы. Тәкаппар.

Сабақтың мақсаты:

Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру, сұрақ қою арқылы баланы жан-жақты ойлауға, сөйлеуге үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту.

Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу жаман әдеттен аулақ болуға

үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

а) «Даңғой» мысал өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) рольге бөліп оқушылардың оқуы

б) не түсіндің?

- Мысалда қандай жаман қасиеттер айтылған?

Үлестірмелі тапсырмалар.

1. Мақтанған қияр қандай күйге ұшырады?

2. Мысалда қандай әдет сыналған?

3. Мақтаншақ адам қандай болады?

ІІІ. Жаңа сабақ Ш.Смаханұлы. Тәкаппар.

Адам бойында жаман және жақсы қасиеттер болады екен. Жақсыға әркез жақын болып, жаманнан бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Осы мақсатта Ш.Смаханұлының «Тәкаппар» деген мысал өлеңімен танысамыз.



1. Мысал- қызықты да, қысқа шығарма . Әр мысалда түйінді ой болады. Мысал- өнеге айту сипатында шығарған шығарма. Адамға бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырады.

Шона Смаханұлы 1924-1988 ж. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Белгілі сатирик, әзіл-сықақ жанырының шебері. «Қу түлкінің сыбағасы», «Қоңыраулы шеңгел» мысалдарының авторы.

2. Мғынаны тану.

- «Тәкаппар» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

(өзімшіл, мақтаншақ, паң)

- Осылай болу дұрыс па?

3. 1қатар: Балықтың адам үшін қандай пайдасы бар?

2 қатар: Балық түрлерін ата.

(шортан, алабұға, сазан, бекіре).

4. Мысалды мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

5. Мысалдан балықтың мақтануын , құрлықтағы куйін тауып оқыту.

6. Мысалдан балықтың мақтануын, құрлықтағы күйін тауып оқыту.

(дәптермен жұмыс) кестеге жазу:

Балықтың 1-ші сөзі:

Балыктың 2-ші сөзі;

Жөнімді өзім білемін, Мөлдір суым мекенім,

Сусыз-ақ өмір сүремін. Енді қайтсем жетемін?

Қадіріңді білмедім

Неге шалқып жүрмедім.

Ой қозғау.

Екі мысалды салыстыру.

Е. Ерботин ұқсастығы Ш. Смаханұлы

«Даңғой» «Тәкәппар»

Қиярдың мақтануы. 1. Өзімшіл Балықтың мақтануы.

2.мақтаншақ

3.өркөкірек

Мысалдағы қорытынды ой не?

1 қатар: Мақтаншақ- жаман әдет.

2 қатар: Мақтанғаннан не пайда

Өндірмесе дәнеме.

-Мысалдан өзіңе қандай сабақ алдың?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

.ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:



мысалды мәнерлеп оқу. Тәкәппар балықтың суретін салу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет