Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет21/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ІІІ. Жаңа сабақ М.Әуезов. Бала Абай мен Барлас ақын.

« Ой шақыру» стратегиясы.

Абай


II. Мағынаны тану.

1."Сөзжұмбақты шешіп көр"

1. Мәтін қалай аталады? Бала.......

2...... Абайдың жасы он үшке толған еді.

3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?

4. Абай неден көп шықпайтын болды?

5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?

6. Биыл әсіресе Абайдың...... өскен.

1. М. Әуезовтің "Бала Абай мен Барлас ақын” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.

2. М. Әуезовтің "Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.



3. Сұрақ - жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т. б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист - шыншыл

т. б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.

1. Мәнерлеп оқу (өзім).

2. Сұрақ - жауап.

3. Рольмен оқыту.

4. Кейіпкерлерді табу.



2."Болжау" стратегиясы

Не болады деп ойлайсыз?

Оған қандай дәлел бар?

Не болды?



Сергіту сәті.

3. Топпен жұмыс.

Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.

І топ - Бала Абайға мінездеме беріңдер

ІІ топ - Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер

ІІІ топ - Байкөкшеге мінездеме беріңдер

ІҮ топ - Барласқа мінездеме беріңдер

Ү топ - Барлас Абайға қандай бата берді

4.«Еркін жазу» стратегиясы

Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.

Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.

Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.



Сабақты қорыту:

Венн диаграммасы.

Барлас ------------ Байкөкше

Венн диаграммасына жалпы ойды қорыту.

Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.

Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5 - 6 тапсырма.

1. Сөздік дәптермен жұмыс.

2. Дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.

Бағалау кезеңі. (Топпен бағалау)

Сабақтың тақырыбы: Т. Жұртбай. Қоңыр қозы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Балаларға Мұхтардың балалық шағы туралы мәліметпен таныстыру. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Топтасып жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Оқушылар жұптаса тұрып, бір - біріне шапаттау арқылы сәттілік тілейді. Ол үшін қолды айқастыра отырып, оң жаққа және сол жаққа шапаттайды.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әңгімені бөлімдері бойынша (топ бойынша сұрақтар беріліп, дайындық жұмыстарына уақыт беріледі) түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

«Жазушылар» топтамасы. М. Әуезов..(тыңдау)

Әр топ ой түйінін өзге топ алдында қорғайды.

М. Әуезов – кім?

Ол - жазушы, драматург, Абайды әлемге танытушы. Мұхтардың атасы Әуез Абайдың замандасы болған.

ІІІ. Жаңа сабақ Т. Жұртбай. Қоңыр қозы.

Қоян Ою аҢ Ыдыс Радио Қоңыз Орақ Зырылдауық Ырғақ

М: - Бүгін біз Мұхтардың бала кезіндегі бір сәтпен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай (1951 жылы, Шаған ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы.[1]

1974-1990 жылдары «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді.

1990-1998 жылдары М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, директор.

1998- 2001 жылдары докторант, ҚазҰУ-да оқытушы.

2001 жылдан «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Шығармашылығы

«Жүрегімде жұмыр жер» өлеңдер мен поэмалар, «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер - бесік» роман- новелласы, «Бейуақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе», «Талқы» роман-эсселері, «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Күйесің жүрек... сүйесің!», «Бесіңді аяла!...» кітаптары жарық көрген. Т.Жұртбай Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды. Ол «Алаш ақиықтары» жинағын құрастырып, Алаш қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырды. Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.[2]

Әңгімені бөліктерге бөліп, өзіндік топпен жұмыс жасата отырып, әңгіменің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқушыларға оқыту. 1 - топ 1 – абзац

2 - топ. 2 - абзац

3 - топ 3 - абзац

4 - топ 4 - абзац

Топтық тапсырмалар

Әр топ өз мәтін бөліктері бойынша тапсырмаларды тізбектеп орындайды.

1. Мазмұндау

2. Тізбектей оқу Кезектесе отырып

3. Суреттеу

Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.



Сергіту сәті. Би терапиясы

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

1 - топ сұрағы

- Бала Мұхтарды атасы неліктен «қоңыр қозым» деп атады?

Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттеген жолдарды тауып оқы.

2 - топ сұрағы

- Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды?

Абай ауылының көрінісін суреттеген жерді тауып оқы.

3 - топ сұрағы

Мұхтар ойынға неге араласпады?

Мұхтарды қызықтыратын нәрселерді тауып оқы.

4 - топ сұрағы

Оның назары неге ауды?

Ұлттық ойындарды ата. Мәтінде кездескен кейіпкерлерді ата.



Дәптермен жұмыс.

Мына сөз тіркестерін дәптерге жаз: күн шуағы, жасыл кілем, жасыл құрақ т.



Қорытындылау.

Ортақ топ жасау арқылы суретпен жұмыс жүргізу. Сұрақ - жауап әдісімен.

Венн диаграммасы бойынша екі ауылды салыстыру.

І – Мұхтар аулының көрінісі.

ІІ – Абай аулында

Бағалау

Бірін - бірі бағалау. Мұғалім тарапынан әр оқушының білімі мен белсенділігін кестелік бағалау.

Кері байланыс. Рефлексия.

Ұнады, ұнамады. Мен үшін жаңалық болды.



Үйге тапсырма: Әңгімені бөлімдері бойынша түсінік айтуға дайындалу


Сабақтың тақырыбы: Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Сабақтың мақсаты:

Саналы түсініп оқу мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру Шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілетін сөздік қорын молайтып тіл байлығын дамыту. Дана жазушының ұлылығы кемеңгерлігін дәріптеу оқушыларды өз елін туған жерін табиғатын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Мұхтар ауылының көктемгі көрінсін суреттейтін жолдарды тауып оқу



А)Мәтін неше бөлінен тұрады

Ә)Бөлімдерге қандай ат қойдық

1 бөлім «Мұхтар аулының көрінісі

2 бөлім «Абай ауылында»

Б) Ұлттық ойындарды ата



ІІІ. Жаңа сабақ Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Сөзжұмбақ шешу

1.Көктемде ненің шуағы молаяды? күннің

2.Төлдер қайда асыр салып жүр? көгалда

3.Жер бетін қандай кілем жапқан? түкті

4.Қаңқылдаған қаздар қалай ұшып барады? төбеден

5.Қаздар қайда қонады? көлге

6.Аспан қандай? мөлдір

Мағынасын тану

Балалар бүгін біз Тұрсын Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай» әңгімесін оқимыз. Әңгімені топқа бөліп оқытамын мазмұнын әңгімелетемін



Сөздік жұмбақ

Сыз-дамқыл-----ылғал су

Белдеу-киіз------үйдің туырлығының сыртынан бастырылып байланатын арқан

Мініс ат--------мінетін ат(көлік)

Тал-түс--------дәл түс шаңқай түс

Автор сұрақтарына жауап беру



«Кім зерек?» Ойыны

1)Абай ауылына келген Мұхтарды не қызықтырып еді?

2)Оны кім байқады?

3)Мәтіннен бала Мұхтар туралы Абайдың айтқан сөздерін табу

4)Әуез қарт Мұхтардың құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсың?
Қорытындылау Тестпен жұмыс

1.Қазақтың ұлы ақыны кім?

А) Ыбырай

Ә) Абай


Б) Шоқан

2.Абай жолы роман-эпопеясын жазған кім?

А) М.Әуезов

Ә) Ш.Мұртаза

Б) Ж.Жабаев

3. «Көксерек» әңгімесін жазған кім?

А) Абай

Ә) Шоқан


Б) М.Әуезов

Бағалау

Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу

«Көктем» тақырыбына сурет салу

Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза. Бала Тұрар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.

Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту. Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдірлеп


Амансыз ба, Алтын күн!

Амансыз ба, Көк аспан!\

Амансыз ба, достарым!

Сендерді көріп қуанам!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай.

Мәнерлеп оқу «Көктем» тақырыбына сурет салу

А) «Бала Мұхтар мен Абай» мәтінін оқытып, мазмұндау.

Ә) «Пікірлер ағашын» толтыруларын тексеру.

«Байлық» әңгімесінің авторы.

Абайды әлемге танытқан адам.

Торғай даласында тұңғыш мектеп ашқан, қоңырау соққан адам.

Қазақ ғалымы кім?

Киіз үйдің сүйегі.

«Тұрар» деген сөз шықты.

ІІІ. Жаңа сабақ Ш. Мұртаза. Бала Тұрар.

Кіріспе әңгіме.

Рысқұлов Тұрар 1894-1943 мектепті үздік бітіріп, Пішпек орман шаруашылығы техникумына оқуға түседі. Ташкентке келіп, мұғалімдер институтына түсіп, оқуын жалғастырады. 1916 жылы ұлт азаттық күресіне қатысады. Осы көтерілісте ұсталып, түрмеге қамалады.

ІІІ. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынып, енгізілген үзінді «Бала Тұрар» деп аталады.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Қазақтың белгілі жазушысы. «Қызыл жебе», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қара маржан» шағармаларыныі сонымен бірге «Бала Тұрар» шығармасының авторы.

«Бала Тұрар» әңгімесін мәнерлеп оқып беру.

Шығармада Тұрар қай жағынан көрінеді?

Тұрар не туралы ойлап отыр еді?

Тергеушінің Тұрар оқыған сыныпқа келуі?

Ол неліктен Атамырзаны емес, Тұрарды таңдады?

Бекіту кезеңі. Венн диаграммасы бойынша

1 қатар – Тұрарға мінездеме.

2 қатар – Атамырзаға мінездеме.

3 қатар – «Бала Тұрарға» өміріндегі жағдайды осы өмірімен салыстыра жазу.

Тұрар


Ортақ қасиет

Атамырза


Жақсы оқушы, тәртіпті, ұқыпты, шыншыл, адал,, адамгершілігі мол, кедей баласы

Екеуі де ұл бала, бір сыныпта оқиды, жас шамасы қатар

Мақтаншақ байдың баласы, нашар оқиды, адамгершілігі аз, тез күледі, өтірік мақтанады, жаман оқушы.

Сөздік жұмыс. Тұрқы – сырт пішіні

Селсоқ – немқұрайлы

Ебедейсіз – икемсіз.

Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

Сынпқа келген кім?(тергеуші)

«Бала Тұрар» әңгімесінің авторы кім?(Ш.Мұртаза)

«Бала Тұрар» әңгімесіндегі таудың аты?(аспара)

Ш. Мұртазаның туған жері?(Жамбыл облысы Жуалы ауданы)

Атамырзаның әкесінің аты?(Айбар)



Жақсы-жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер.

Сергіту сәті

Әке тілін аламын,

Ана тілін аламын.

Жақсы оқу мақсатым,

Таудай үлкен талабым.

Ой толғаныс

Т - тәртіпті

Ұ - ұқыпты

Р - риалды

А - адам

Р - ризалады



«Бес жол өлең» стратегиясы

Зат есім --------- Тұрар

Сын есім ------- ержүрек, зерек

Етістік ---------- оқыды, жазды,



Сөйлем Тұрар Сталинге хат жазған.

Ақын


Сұраққа жауап
Саған кім көбірек ұнады? Неліктен?

Сен мәтіннен қандай ой түйдің? Ойыңды дәлелде...


Қорыту





Тұрар

Атамырза

1)киімі

2)Түр-сипаты, мінезі

3)Күлкі шақырған не нәрсе?

4)Аа әрпін жазуы

5)Мұғалімнің бағасы







БАҒАЛАУ
Үйге. Мәтіннің мазмұнын айту



Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Біржан.

Сабақтың мақсаты:

С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау. Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Қоңырау сыңғыры үнімен,

Сыныптың есігі ашылды.

Қарсы алып қонақты иілген,

Көреміз әдепті ұл - қызды.

Отырып жайғасып алайық,

Түгел ме құралдар қарайық.

Ұстаздар келіпті қонаққа,

Бұрылып сәл назар салайық.

Күй күшті, тауды, тасты бұзатұғын,

Орнына өз өрнегін сызатұғын.

Талқандап тас кереңді үн оятып,

Дүкені дүниенің қызатұғын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар.



ІІІ. Жаңа сабақ С. Сейфуллин. Біржан.

С. Сейфуллин. “Біржан”

С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен – қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты.

Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.



Біржан сал Қожағұлұлы

Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған.

Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі.

Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ, “Әнші, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады.

Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады.

Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтіп, ұстаз деп таниды.



Сөздік жұмыс

Нарқын - сөздің бағасы, құны.

Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам.

Біржан салдың әні "Теміртас"

Біржан деп атым шықты алты алашқа,

Құдайым берсін өмір Теміртасқа.

Жасымыз 61 - ге келгенінде,

Құдайым берді науқас ғазиз басқа.

Алдымда шамшырағым, Теміртасым,

Тілегім болсын ұзақ сенің жасың.

Қош болыңдар бауырым, балаларым,

Байқаймын ажал шіркін құтқармасын.



Тапсырманы талдау

“Нарқын” сөзін басқа сөзбен алмастырып көр.

“Ағызған қызыл тілден шекер балды” жолдарының мағынасын қалай түсінгеніңді әңгімеле.

Сөзге шешен, тілге жүйрік, суырып салма

Жыр жазамын жүрегіммен

1 - топ


Кім білмейді Біржан салды,

............... шешен тілді.

............... шырқағанда,

............... жеңілмейді.

2 - топ

"Екі ішектің бірін қатты,



Бірін сәл - сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра".

Сұрақтар

1. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?

2. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған?

3. Біржанның қандай әндерін тыңдадық?



Проблемалық сұрақ

Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан



Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, “Ләйлім шырақ”, “Теміртас”


Әнге әуес, күйге құмар бала, өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі. (М. Әуезов)

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу

Сабақтың тақырыбы: Н. Ғабдуллин.Батырдың мінезі.

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп рухын көтеру , үлгі өнеге тұту. Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру ,мәтіннің мазмұнын,негізгі идеясын ашу. Балаларға бағыт бере отырып, топпен жұмыс істеуге дағдыландару , оқушының ой-өрісін дамыту. Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. “Біржан” өлеңін жатқа айту



Бекіту: 1.Біржан дегеніміз кім?

2 Өлеңнің авторы кім?

3.Сәкен Сейфулин туралы не білеміз?

4.Өлеңнен не үйрендік?

5.Қандай өнерлі адамдарды білесің?

6.Өнерге байланысты қандай мақалдар білесің?



ІІІ. Жаңа сабақ Н. Ғабдуллин.Батырдың мінезі.

1. Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс

А) Мәтінді дауыстап, әр топқа бөліктер бойынша оқыту

Ә) Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқыған бөлімдерін түсіндіреді.

Б) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерімен танысып талдайды.

В) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтарады.

Батырдың мінезі мәтінінің авторы Нығмет Ғабдуллинмен таныстыру.Нығмет Ғабдуллин 1927 жылы 27 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туылған.



Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы болған.Қазақтың Абай атындағы педагогика инстутында ұстаздық еткен, Профессор.Балалар Батырдың

мінезі деген әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы,Жуалы ауданы Көлбастау ауылында туылған.Кеңес Одағының батыры Қ.Р халық қаһарманы.

Енді , балалар видиороликке назар аударамыз

- Балалар, сендер кинодан не көрдіңдер? 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Бұл халық үшін ауыр кезең болды.Отанымызға қатерлі күн туды. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.

1945 жылы 9 мамырда біздің әскеріміз жеңіске жетті.

Биыл Ұлы жеңіске 70 жыл толды.

- Сендер қандай батырларды білесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Ұлы Отан соғысының батырларының суреттерін көрсету, есімдерін таныстыру.

Батыр ата-бабаларымыздың әруағына бас иеміз.

Ер-есімі ел есінде . Ешкімде ешнәрседе ешуақытта ұмытылмайды .

Тыныштық жаса тыныштық

Осы сөз бізге тым ыстық

Көркейе берсін еліміз

Көбейе берсін ырыс құт.

Елімізде тыныштық бейбітшілік болсын.

Оқулықпен жұмыс.

Тірек сөздер стратегиясы

Шайқас,қайрат,майдан,әнгіме,орман,жауынгер, бекініс, тәуекел, қауіпті зона

Тапсырма:

Осы тірек сөздерді мәтіннен тауып оқу.Оқушыларға оқыту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.



Дәптермен жұмыс.

Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.



Ой толғаныс:

Екі түрлі түсініктеме күнделігі .

Бекіту сұрақтары.



Үйге тапсырма : « Батырдың мінезі» мәтінін түсініп оқу .

Мазмұнын айту, реферат жазу, мақал-мәтелдер жаттау.



Бағалау:

Рефлексия:

Еркін микрафон


Сабақтың тақырыбы: С. Машақов. Мәншүк.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Мәншүк туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте түсу. Өлеңді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға түсіндіру. Өлеңнің мазмұнын ашып, талдауға үйрету.

Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Жас ұрпақты елін, жерін, халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, ержүректікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

- Өткен сабақта кіммен таныстыңдар?

- Ендеше «Бауыржан» туралы не білемі?

Топтастыр әдісі бойынша

Бауыржан

өжет



қайсар

батыр


тәуекелшіл

ІІІ. Жаңа сабақ С. Машақов. Мәншүк.

Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

(Әлия, Мәншүк, ауыл ардагерлерінің суреттері көрсетіледі)

1. Автормен таныстыру.

Сәду Машақов

27 қараша 1906ж туған



«Отан үшін»

Семей обл. Жаңа Семей ауд.«Сапарда» қазақ ақыны «Жылдар жыры»

«Жастық өмір жырлары»Кешкі Самал

Мәншүк


Мәнсия

Невель қаласын азат етті,пулеметші, 1992ж Орал қаласы Орда ауд.

19 жасында майданға аттанды, 5 жасында жетім қалған,Әмина тәтесі тәрбиелеген

Оқулықпен жұмыс

1. Ө Ә.Молдағұлова 6 жасында анасы Маржан қайиыс болып,әкесі Нұрмұхамбет 2 баласымен қалады.Ол Әлияны нағашы апасы Тәжібикеге береді. Оған Әлия тез бауыр басып кетеді. Оның шын есімі Ылия болған. 1934 ж Әулиеатадағы Теміржол мектебіне 1 сыныпқа барады.1935 ж Москваға көшіп орысша білім алады.Ол кіші кезінен ұшқыш болуды армандайды. Әлияның жаны жұмсақ,мінезі ұяң, бірақ керек жерінде өз сөзін өткізе білетін қайсар қызболған.Ол гүлді, көктемдегі гүл көмкерген даланы жақсы көретін. Өлеңді жатқа мәнерлеп оқып беру

Тәжібаевтың сөзіне жазылған С.Бәйтерековтың «Әлия » өлеңі бар

2. Тізбектеп оқыту.



Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт екенін аңғарыңдар?

2. Мәншүктің қолында қандай құрал бар?

3. Оның аты қалай?

4. Мәншүк – кім?

5. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ер жүректілігін суреттеген жолдарын тауып оқы.

------------------- Өлім қаупінен жасымаған

------------------- Отан үшін шайқасқан

Мәншүк

------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған



------------------- Жаудан тайсалмаған.

Сөздікпен жұмыс:

Қаһарман –.батыр, ер жүрек

Қатуланған – ызаланған, кектенген ашу, ыза

Жасымаған – көңілі босамаған

Қауіп – қорқыныш, қатер.

Сергіту сәті: «Мәншүк» әнін тыңдау



Дәптермен жұмыс: 1 - тапсырманы жазу.

Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.

«Кім мерген» ойыны. Сабақты бекіту.

1. Мәншүк кім?

2. Қай жылы туған?

3. Неше жасында майданға аттанды?

4. Оның шын есімі кім?

5. Биыл неше жасқа толды?

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Бағалау: -

Үйге: «Мәншүк» өлеңін жаттау.
Сабақтың тақырыбы: С. Жиенбаев. Әлия.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, Отан үшін жанын қиған қазақ қызының ерлігінен мағлұмат беру, білімдерін көтеру.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр аға – апаларға деген шексіз құрмет сезіміне тәрбиелеу, Отанды сүюге, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

Қуанамын мен де,

қуанасың сен де

Қуанайық бәріміз,

арайлап атқан күнге

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Мәншүк» өлеңін жаттау. -Сәду Машақовтың өлеңін жаттау және топтық тапсырмалар берілді.Өлеңді жатқа сұрау



ІІІ. Жаңа сабақ С. Жиенбаев. Әлия.

Топтық тапсырмаларды сұрау

І – топ Өлең мазмұнынан не түсінгенін бейнелеу.

ІІ – топ Өлең мазмұнын айту

ІІІ – топ Батыр сөзіне 5 жолды өлең

1 – топ Мәншүк Мәметова кім?

2 – топ Батырлық, ерлік жайында қандай мақал – мәтел немесе нақыл сөз білесің?

3 – топ Мәншүк апамызға қандай атақтар лайық деп ойлайсыңдар.

Сергіту минуты

Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсін

Қыз қолында гүл жүрсін

Қанат қақсын көгершін.

-Балалар, көгершін қандай құс?

-Ендеше осы көгершін бізге өз сөзжұмбағын жасырыпты, бәріміз бірге шешіп көрейікші.

Ұлы Отан соғысына қатысқан пулеметші батыр қыз кім?

Мәншүк апамыз Ұлы Отан соғысында қандай қаруды қолданды.

Мәншүк апамыздың пулеметі қалай аталды?

Мәншүк өлеңінде зеңбірекпен қатар тағы қандай соғыс қаруы аталған?


-Ендеше бүгін Сағи Жиенбаевтың Әлия апамызға арнап жазған «Әлия» өлеңімен танысамыз.

-Алдымен Әлия апамыз туралы танысып алайық.



Дәптермен жұмыс.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

-Енді белгілі ақын Сағи Жиенбаевтың Әлия апа өлеңімен танысайық.

Сағи Жиенбаев өмірімен таныстыру.



Жиенбаев Сағи (5.5.1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 1994, Алматы) — ақын.Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955).1956 — 1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі,1965 — 1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді.

Шығармашылығы

1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан. “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың “Сыйлық” (1960), “Қыр гүлі” (1966), “Сырлы теңіз” (1963), “Қайырлы таң” (1966), “Ақ толқын” (1967), “Сол бір көктем есімде” (1969), “Алтын қалам” (1971), “Жадымдасың, жас күнім” (1972), “Әлия”, (1973), “Оймауыт” (1975), “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты. Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің, “Махамбет”, “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы. Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.[1][2]



Кітаппен жұмыс

-Барлығы өлеңді өз беттерінше бір рет оқиды, өлеңді әр оқушыға оқыту.

І – топ Өлеңдегі түсініксіз сөздерді табады.

ІІ – топ Өлең ұйқасына талдау жасайды.

ІІІ – топ Өлеңнің мазмұнын айтады.

*4 – тапсырма бойынша кестедегі берілген сөздердің өлеңдегі баламасын жазу

Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас

Сергіту минуты

-Балалар осы өлеңді әуенге салып айтып көріңдер депті. Сендер Ибрагим Нүсіпбаевтың «Достық» әнін білесіңдер ме? Есімізге түсірейікші. Ендеше осы Әлия өлеңін бір әннің әуеніне салып айтып көр деген тапсырма бар екен. Кәне барлығымыз «Достық» әнінің әуенімен айтып көрейікші.



Кітаптағы 5 – тапсырмаға қарайық. Мақал – мәтелдерді түсініп оқы. Олар берілген мәтінге қатысты екенін айтып көр.

І топ Ер есімі – ел есінде.

ІІ топ Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

ІІІ топ Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді.

Енді осы соңғы мақалға қатысты Әлия апамыздың ерлігі бағаланды ма?

(Әлияға қойылған ескерткіштер, Әлия атымен аталған көшелер мен мектептер, Әлияға берілген атақ туралы айтылады)

-Әлияға арнап көптеген ақындар өлең жазған. Әлия деген әнді білеміз бе? 1977 жылы халқымыздың дара әншісі Роза Рымбаева орындаған «Әлия» әні «Жыл әні» атағын жеңіп алған. Ал әлемдік байқауда лауреат атанған екен.

Ендеше осы әннен үзінді тыңдап жіберсек.

Роза Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні көрсетіледі.

Сабақты бекіту

Балалар «Микрофон сізге» ойынын ойнап жіберейік.

-Біз бүгін Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңімен таныстық. (Оқушылар жалғастырып алып кетеді)

Сабақты қорытындылау

-Балалар, біз бүгін мерген қыз, батыр қыз Әлия апамыз туралы көп мағлұмат білдік. Ал мен сендерге бір нәрсені айтқан жоқпын. Ол Әлияның шын есімі. Расында Әлияның шын есімі кім және оны майдандас достары қалай атаған?



Үйге тапсырмаӨлеңді барлығымыз жаттап аламыз.

Бағалау


Сабақтың тақырыбы: Шығарма №4 «Қазақтың батыр қыздары»

Сабақтың мақсаты:

Отан үшін жанын қиған қазақ қызының ерлігінен мағлұмат беру, білімдерін көтеру.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр аға – апаларға деген шексіз құрмет сезіміне тәрбиелеу, Отанды сүюге, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сағи Жиенбаев «Әлия» өлеңін жатқа айту



ІІІ. Жаңа сабақ Шығарма №4 «Қазақтың батыр қыздары»

А) Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.



Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған

1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды.

Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды.

Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.

Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі.

Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген.

Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1944 ж. 14 қаңтарда Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, отаны үшін, елі үшін қаһармандықпен қаза тапты.

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді.

Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.

Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады.



Көшелер

Әскери-теңіз флотының кемелері

Каспий жүк таситын теплоходы

Ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі) ӘЛИЯ ЕСІМІМЕН АТАЛАДЫ

Ә)Мәншүк Жиенғалиқызы Маметова 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған.

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұлы дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.

Б)Суреттер бойынша әңгімелеу

В)Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: өткенді қайталау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет