Қарқынды оқушыларға қосымша тапсырма беремін. Тапсырма
1.Интернеттің кез келген бір браузерін аш.
2.Жұмыс алаңында тұрған «Қазақстан» бумасынан «Рухани жаңғыру» құжатын ашып, ішіндегі мәтінді қарап шық
3. Ол құжатты ангиплагиат бағдарламасында тексеріп нәтижесін көр.
3.Құжаттың бірінші азат жолымен екінші азат жолының орнын ауыстырып, қайта тексеріп көп.
4. Алыдңғы құжат пен соңғы құжаттың айырмашылығын жаз
Сергіту сәті «Алма, шие, өрік, банан» Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
Компьютер, қосымша ақпараттық ресурс
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Оқушының ойлау дағдысы
Түсіну
Бағалау критерийі
Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды
Жағдаят берілген.
«Өмірді өзгерткен жаңалық» тақырыбындағы жобалар байқауы жарияланды. Байқау шарты бойынша үлкен 3 жаңалық туралы жоба дайындау қажет. Азамат интернеттен екі жаңалық туралы ақпарат алып, өз жобасына қосты. Ал тағы бір жаңалық туралы ақпараттырұқсат сұрамай – ақ сыныптастарынан алып, оны да өз жобасына қосты. Дайын жобаны Азамат әділқазылар алқасына жіберді. Азаматтың әрекетінің заңдылығын анықтаңыз.
Азамат _____________________, себебі ____________________________.
Дескриптор
Көшірудің заңсыздығын анықтайды;
Көшірудің заңсыздығына қорытынды жасайды.
Оқушылардың қалыптастырушы тапсырмасын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын