Сабақтың тақырыбы Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қаупі бар? Оқу мақсаттары



бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі477,28 Kb.
#175672
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 сынып кмж
Үш қадамдап секіру (Мақсұт Бексұлтан), 1. нау асты тексеру барысында ж рек а у жиілілігі минутына 96 б, айсулу
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс

  • «Еркін талқылау»әдісі арқылы екі топқа тапсырма беріледі.

«Домен» тобына

  • Тапсырма

Жағдаят.
Бір оқушы хакер болуды ұйғарады. Ол өзінің сыныптастарының электронды поштасының құпия сөзін таба бастады. Кейбір сыныптастарының құпия сөзін тез тапты. Және олардың атынан басқа біреулерге хат жаза бастады.


А) Қалай ойлайсың, одан кейін не болды? (сөйлемді аяқтаңыз)
Ә) Мұндай жағдайлардан шығудың қандай жолдары бар?

«Браузер» тобына



  • Тапсырма

Жағдаят.
Айдархан «Қазақстан» тақырыбында екі шумақ өлең құрастырып, Интернетте жариялады. Бірнеше күннен кейін, Айдарханның жариялаған өлеңін оның жақын досы Марат Интернеттен алып, сыныптастарына «мен шығардым» деп хабарлайды және оны сыныптастарымен талқылайды.Оны Айдархан көріп таң қалады.
Интернеттегі бөгде жұмыстың көшірмесін алу заңсыз екендігін достарыңа қалай түсіндірер едіңдер?
«Кері байланыс бутерброды»
Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....

Қосымша ақпараттық ресурс







  • Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс)

Оқушыларға жеке компьютерде орындауға арналған тапсырма беремін.
Тапсырма
Сұрақ:

  1. «Ақпараттық қауіпсіздік» дегенімізді қалай түсінесің?

  2. Ақпараттық мәдениетке мысал келтіріңіз

  3. Плагиат деген жақсы ма, әлде жаман ба?

  4. Егер бір өлең шумақтары екі немесе үш сайтта бір жолдарына өзгеріс енгізіп жарияласа, ол плагиат болып есептеле ме?

  5. Интернеттен көшірілген жұмыстардың құндылығын қалай бағалауға болады?

Осы сұрақтардың жауабын менің поштама жіберіп отырады. Оқушылардың дұрыс жауабына қарай көңіл күй смайлигі арқылы бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет