Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық педагогикасы Жоспар Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы



бет5/5
Дата13.12.2021
өлшемі21,37 Kb.
#126039
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. 03.12.2021 ж. Педагогика - дәріс

Тәрбие тұжырымдамасы

  Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамалық жағдайлары мектеп тәрбиесін дамытудың  маңызды тенденцияларын  бейнелейді:

v  Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;

v  Оқушы тұлғасын мектептің тәрбие жүйесінің өзегі деп қарастырады;

v  Тәрбиені ізгілендіру, жалпыадамилық құндылықтарды қалыптастыру;

v  Баланың шығармашылық қабілетін, оның даралығын дамыту;

v  Ұлттық және мәдени құндылықтарын дамыту;

v  Жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиенің үйлесімдігі;

 Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы және технологиясы тек оқыту мен тәрбие жүйесінің негізі ғана емес, көп жағдайда білім берудің мазмұнын да айқындайды.

Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылауымен байи түсуде;

-          ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс

- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

-          баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде;

-          мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

-          қоғамдық білім мен педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Сөйтіп, оқытудың жаңа технологиясын жетілдірудің психологиялық - педагогикалық бағыттағы негізгі ой - тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

-          есте сақтауға негізделген, оқып, білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл - ойды дамытатын оқуға көшу;

-          оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламаға өту.



Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық  дәрежеге жетелеу. Жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал «Бастауыш білім» 2006, № 5, 20 бет

  2. «Бастауыш мектеп» журналы 2002, № 12, 15 бет

  3. Республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журнал «Әдіскер мұғалім» 2005, № 5, 30 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет