Сабақтың тақырыбы: Иррационал теңдеулер және оның жүйесін шешу. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.06.2018
өлшемі0,87 Mb.
#41175
Сабақтың тақырыбы: Иррационал теңдеулер және оның жүйесін шешу.

Сабақтың мақсаты:

1). Білімділік: Оқушыларға Иррационал теңдеулер, теңдеудің бөгде түбірі, иррационал теңдеулер жүйесі туралы білім беру; Оларды иррационал теңдеулерді шешу тәсілдерімен таныстыру.

2). Дамытушылық: Алған білімді есептер шығаруда,жаңа білімді бекітуде қолдана білу, иррационал теңдеулер мен олардың жүйелерін шешу дағдысын қалыптастыру., пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, еңбек ету қабілеттерін дамыту, шыдамдылыққа, өз бетімен еңбеектеніп нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі:топтау, сұрақ –жауап, проблемалық.

Сабақ жоспары:

1). Ұйымдастыру кезеңі.

2). Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3). Жаңа сабаққа дайындық ретінде А). Тірек ұғымдарын пайдалану.

Сынып екі топқа бөлінген. Екі топқа тапсырма.

Теңдеу және теңдеулер жүйесі деген ұғымдар жайлы не айта аласыздар?

Схемасын сызу. Мыалы:




Б) Мына теңделердің ішінен өздеріңе таныс теңделерді атаңдар.

А). 2Х+3=4 Б). 4х² -х+3=0 В) х³+х -х²+1/3=0 Д) √ х-9-√х-16=1


Оқушылар осы кезге дейінгі білетін теңдеулер түрін айтып болған соң , аталмаған теңдеулердің иррационал теңдеулер екендігін айтамын. Оқушылардың алдына мынандай сұрақ қойылады. Бұл теңдеулердің өзге теңдеулерден айырмашылығы неде? Оқушылар берген жауаптарды талдап жалпылай келе олардың алдарына иррационал теңдеу дегеніміз не ? деген проблемалық сұрақ қойылады. Оқушылар өздері анықтаманы тұжырымдайды. Оқушылар бірнеше мысалдар жазады.

Одан соң Иррационал теңдеуді шешу барысында ең бірінші теңдеуді шешудің мағынасы болатынын немесе болмайтынын анықтап алу керектігі айтылады. Оқушылардың өздері келтірген мысалдарын қайтадан қарастырамыз. Мысалы: √5х+3=-1 теңдеуін шешудің мағынасы жоқ, өйткені аифметикалық түбірдің мәні теріс сан болмайды. Иррационал теңдеуді шығару кезінде теңдеуге кіретін түбірлерді арифметикалық түбір лер деп қарастырады. Ол үшін түбір таңбасының ішіндегі айнымалының мүмкін болатын мәндер жиынын анықтау керек. Екі топқа Иррационал теңдеуді шешудің жалпы әдістерінің екі нұсқасын оқып, сызба түрінде жазу тапсырылады.



1). Иррационал теңдеуді шешудің жалпы әдістері сызба түрінде көрсетіледі.










Ескерту: Теңдеудің екі жағын бір дәрежеге шығағанда олар мәндес теңдеу болмайды. Сондықтан түбірлерін міндетті түрде тексеріу керек. Айнымалының бастапқы теңдеуді қанағаттандырмайтын бөлігі бөгде түбір деп аталады.

Мысал: 1-ші топқа.

√Х=Х-2 жауабы: Х= 4

2-ші топқа есеп: √(Х²-2) =√Х Жауабы:Х=2
Топпен кітап бойынша өздік жұмысы Кубизм әдісі.

№ 417 а), б)

№ 418 а), б)

№419 а),б).

Топтағы есеп тексерілгеннен кейін, әр топтан бір оқушы шығып есептерін тақтада көрсетеді, Сосын өздерін бағалайды,сабаққа қатысқаны үшін бір ұпай , тақтаға шыққан бала үш ұпай.

Сергіту сәті:

1). Жыл он екі айда 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі.

Ж/бы: 28 саны барлық айда кездеседі.

2) Қазақтың жыл аттары:

1) Тышқан.

2. Сиыр

3. Барыс.



4. Қоян

5. Ұлу


6. Жылан

7. Жылқы


8. Қой

9. Мешін


10. Тауық

11. Ит


12. Доңыз.

Туған жылға 9-ды қосып, бөлгендегі қалған қалдығы өзіңнің туған жылыңыз болып шығады. Кәне өздеріңіздің қазақша жылдарыңызды есептеп көріңіздер.

Ешқандай қалдық қалмаса ол доңыз болғаны.

Сабақты бекіту:

Деңгейлік тапсырма .




Сұрақ –жауап: «сен-маған, мен-саған» ойыны
Бағалау парығы.


Аты-жөні:

1

Ауызша жауап




2

Есепке талдау




3

Өздік жұмыс




4

Деңгейлік тапсырма.




5.

Сұрақ-жауап




Қорытынды:

Үйге тапсырма: №420. Ереже.
Каталог: uploads -> doc -> 0fa1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa1 -> Сабақтың тақырыбы: Web-беттер және сайттар. Html редакторы, визуалды редактордың негізгі мүмкіндіктері және сыртқы түрі
0fa1 -> Кәсіби қазақ тілін жаттығу әдісі арқылы оқыту Төлеген Вера Қазақ тілі және әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет