Сабақтың тақырыбы: Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер



бет1/2
Дата14.12.2023
өлшемі24,44 Kb.
#196946
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
11 Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Кинематика

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер
бойымен бiрқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. (Пр № 3)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.14 сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

-сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолданады



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут


Өткенге шолу
6 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру


«Word wall» платформасы арқылы

1. Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы деген не?


2.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың арасында қандай байланыс бар?
3.Айналу периоды, айналу жиілігі деген қандай шама?
4.Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыстың үдеуі мен жылдамдығы өзгере ме?
5.Бұрыштық жылдамдық деген не? Ол неге тең?
6.Шеңбер бойымен жасаған толық бір айналымның бұрылу бұрышы неліктен 2 П-ға тең болады?
7. Шеңбер бойымен қозғалатын дененің жылдамдығы қалай бағытталған?
8.Айналу периодының өлшем бірлігі неге тең?


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау

Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1-топ.Сызықтық жылдамдық
2-топ.Бұрыштық жылдамдық
3.Радиус
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.





ҚБ: ауызша мадақтау

ω,R,υ әріптері жазылған стикерлер

9 сыныпқа арналған оқулық, интерактивті тақта


https://wordwall.net/resource/58622210





Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
10 минут


Жұптық жұмыс
7 минут
Жеке жұмыс
16 минут

Сабақтың соңы

3 минут




«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі


1-топ. Физикалық диктант (қосымша 1)
2-топ. Анықтамалық кесте (қосымша 2)
3-топ. Сәйкестендіру (қосымша 3)


1-тапсырма. Дұрыс, дұрыс емес тұжырымдар (қосымша 4)
2-тапсырма. Сағаттың минут- тық, секундтық тілшелерінің ұзындығы берілсе, сызықтық жылдамдығын қалай анықтауға болады?


«Кім жылдам» әдісі. Есептер шығару


1-есеп. Жердің өз осінен айналу уақыты 24 сағ. Экватордағы нүктенің айналуының бұрыштық және сызықтық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Жер радиусы 6400 км-ге тең деп есептеңдер.


2-есеп. Мұнара сағатының минуттық тілінің ұзындығы 3,27 м. Осы минуттық тілдің ұшының сызықтық жылдамдығын табыңдар.


3-есеп. Жердің Күнді айнала қозғалғандағы бұрыштық және сызықтық жылдамдығын есептеп табыңдар. Жер орбитасының радиусын 150 млн. Км-ге тең деп алыңдар.


4-есеп. Велосипедші радиусы 100 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, 2 минут- та бір айналым жасайды. Оның айналу периодын, сызықтық және бұрыштық жылдамдығын табыңдар.


Рефлексия. Қызық. Қиын. Құнды
Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу
Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу.



Топ мүшелері оқулықтағы мәтінмен танысады, жұппен ой бөліседі, топ ішінде талқылайды. Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.


Оқушылар жұппен бірлесіп тапсырманы орындайды. Тақырып бойынша дұрыс, дұрыс емес тұжырымдар жазады, келесі жұп табады.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Берілген есептерді шығарады және интерактивті тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өз жауаптарын тексереді.

Оқушылар үгінгі сабаққа ауызша кері байланыс береді.





ҚБ: «Әріптесіңді бағала» әдісі арқылы топтар өзара бағалайды


ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет