Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі
Сабақтың тақырыбы
ІV-А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Көміртек және оның қасиеттері
Химия пәнінің мұғалімі
Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы
Астана, 2016 оқу жылы
Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі
Химия пәнінің мұғалімі Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы
Пән: Химия
Сынып: 10 «А»
№ 25 сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: ІV-А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Көміртек және оның қасиеттері.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Оқушылардың IV-А топшасы элементтерінің периодтық жүйедегі орны, көміртектің атом құрылысы, валенттілігі, тотығу дәрежелері туралы білімдеріне сүйене отыра, көміртектің табиғаттта таралуы, қасиеттері, биохимиялық рөлі, аллотропия, кристалдық торлар жайлы түсініктерін кеіейтуге мүмкіндік туғызу. Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
ИГЕРІЛЕТІН МАЗМҰННЫҢ ОҚУШЫ ҮШІН МАҢЫЗЫ:
Оқушылардың химиялық өндіріске деген көзқарастарын қалыптастыру
САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
АҚПАРАТ БЛОГЫ.
ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ.
III. ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ.
IV. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ.
V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ БЛОГЫ.
ОҚЫТУ ӘДІСІ:
Проблемалық. Элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері топша бойынша қалай өзгереді және оның себебі неде?
МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТӘСІЛІ:
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ:
Белсенді танымдық (интерактивті).
ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:
Сабақтың ЛТ, ЖБЕА және ИТ блоктарында беріледі.
ОҚУШЫ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ:
Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ИТ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.
Достарыңызбен бөлісу: |