ОҚУШЫДА ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ: Тақырыпты қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалдарын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайд мәтінін) тұжырымдап үйрену; логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу; өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарлату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу,объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы .
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР: Кокс, антрацит,фуллерен,адсорбция,адсорбенттер,адсорбат.
АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ: Оқулық – Н. Нұрахметов, К. Сарманов, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. «Химия» оқулығы 9-сынып (Алматы қ., «Мектеп», 2005ж.).
Оқулық – Н. Нұрахметов, К. Бекішев, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова. «Химия» оқулығы 10-сынып (Алматы қ., «Мектеп», 2010ж.).
САБАҚТЫ БАҒАЛАУ: Оқушының оқу іс-әрекеті ол сабақтың технологиялық картасындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ИТ блогындағы тапсырманы және үй тапсырмасын орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:Тақырыпты оқулықтан қайтала.
Оқушыға ақпарат
Мұғалімге ақпарат
I. АҚПАРАТ БЛОГЫ
ЖОСПАРЫ: Көміртектің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.