Бекітемін _____________________ Оқу ісінің меңгерушісі_____________________________
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
|
Мектеп: №274 орта мектеп
|
Күні: 24.09
|
Мұғалімнің аты-жөні: Кадырбаева К.П.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:17
|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Қыз Жібек» жыры және ұлттық құндылықтар
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
|
Сабақтың мақсаттары
|
«Қыз Жібек» операсы туралы мәлімет алады, бүгінгі күнде қолданылатын әдет-ғұрып, салт дәстүрлерді саралайды.
Шығармадағы тарихи құндылықтарды талдап, шынайы өмірмен байланыстырады.
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
|
Басы
10минут
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
| | |
Қима қағаздар
|
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Зымыран сұрақтар»
1.Операның авторы кім?
2. Басты рөлдерді кімдер ойнаған?
3. Опера қай жылы қойылды?
4. Қайда, қай театрда қойылды?
5. Операда қойылған «Гәкку»
кімнің әні?
|
«Зымыран сұрақтар»
|
Дайын үлгі арқылы бағалау.
|
Сұрақтар шеру
|
Ортасы
30 минут
|
1. Операдан үзінді тыңдату.
1.Тәуелсіз зерттеушілер.
Жырдың мазмұнын қысқаша баяндап береді.
/ Тірек сөздер арқылы/
2. Сұхбат алушылыр.
Жыр мазмұнына байланысты 6 сұрақ дайындайды.
Салт-дәстүрге байнанысты?
ІІ.Жеке тапсырма..
«Хан жарлығы» әдісі
«Жырдың бізге айтпағы» қорытынды ой.
|
Жыр бойынша жұмыс істейді
«Жырдың бізге айтпағы» қорытынды ой.
|
ҚБ.Кері байланыс
Мадақтау
|
Постер
Стикер
Қағаз
қиындылары
|
Соңы
5 минут
|
|
Кері байланыс «Зерде»
БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.
БАҒА- жетістігіме берер бағам.
Сын- өз бойымда нені дамытуым керек.
Идея- маған келген жаңа ой.
|
Үлестірмелі парақшалар
|
|
Үйге тапсырма: «Күлтегін» жырын оқып келу.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
|
Бағалау
|
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс
|
Ашық сұрақтар.
1. Топтық жұмыс. .
2. Сұхбат алушылыр.
3. Қойылым қоюшылар.
ІІ.Жеке тапсырма. ІІІ. «Хан жарлығы» әдісі «Жырдың бізге айтпағы» қорытынды ой.
ІУ.Қалыптастырушы тапсырмалар.
|
Дайын үлгі арқылы.
«Бір ұсыныс, бір тілек»
|
|
Рефлексия
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
|
|
- Бүгін оқушылар не білді?
|
|
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
|
|
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
|
|
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
|
|
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
15 сұрақтың 13 дұрыс болса -«5» деген баға
10 дұрыс болса – «4»
8 дұрыс болса - «3»
5 дұрыс болса «2» деген баға қойылады.
1. Базарбайдың Төлегеннен бұрын қанша ұлы болды?
А. 6.
Ә. 7.
Б. 8.
В. 9.
2. Базарбайдың ұлдары қалай опат болды?
А. Жол апатына ұшырады.
Ә. Жау қолында қалды.
Б. Оба ауруына ұшырады.
В. Шетінеп кетті.
3. Төлеген мен Сансызбайдың арасы неше жас?
А. 9.
Ә. 5.
Б. 3.
В. 7.
4. Төлеген қай жасында қалыңдық іздеуге шықты?
А. 10.
Ә. 11.
Б. 12.
В. 13.
5. Төлеген өзіне лайық қалыңдық барын кімнен естиді?
А. Көршісінен
Ә. Анасынан
Б. Досынан
В. саудагерден
6. Төлеген елден қанша жорға алып шығады?
А. 40
Ә. 100
Б. 200
В. 250
7. Төлеген мен Жібекті таныстыруға кім себепші болады?
А. Шеге Ә. Қаршыға Б. Қасындағы қосшылары В. Жібектің жеңгесі
8. Жібектің әкесі кім?
А. Сырлыбай
Ә. Тоқтарбай
Б. Қарабай
В. Сарыбай
9. Жібектің қанша ағасы бар?
А. 3
Ә. 6
Б. 7
В. 5
10. Төлеген кімнің қолынан қаза табады?
А. Қаршыға
Ә. Бекежан
Б. Қалмақ
В. Қарақшы
11. Төлеген өлген соң, Жібекті кім айттырады?
А. Бекежан
Ә. Қорен
Б. Шеге
В. Сансызбай
12. «Кыз-Жібек» фильмі қай жылы шыққан?
А. 1980ж.
Ә. 1960ж.
Б. 1970ж.
В. 1990ж
13. Сценарийдің авторы кім?
А. А. Құнанбаев.
Ә. Ғ. Мүсірепов
Б. С. Мұқанов
14. Жібектің рөлін сомдаған актриса?
А. Айгүл Иманбаева
Ә. Меруерт Өтекешова
Б. Фарида Шәріпова
15. Жырдың сюжеті қандай?
А. жігіттің елін қорғауы
Ә. жігіттің егін салуы
Қазақ халқы - ән мен жырға бай халық. Солардың бірі бүгінгі сабағымызда арқау еткелі отырған «Қыз Жібек» жыры.»Қыз Жібек» жырын негізге ала отырып композитор Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек» операсын жазған. Опера 4 бөлімнен тұрады, алғаш рет 1934 ж қойылған.
Е. Г. Брусиловский (1905 - 1981) Дондағы Ростов қаласында туған. Алғаш музыкалық сауатын өзінің анасы ашқан. Санкт-Петербург консерваториясын бітіргеннен кейін Алматыға келеді.. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыкасына елеулі үлес қосқан композитор. Бұған «Айман - Шолпан»,»Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар - ай» опералары мысал. Көптеген әндердің (Қазақстан, «Шолпан», «Қос Қарлығаш»т. б) симфониялық шығармалардың авторы.
Операның қысқаша мазмұны. Жібек деген сұлу қыз өз қалауымен алыстағы бір рудың баласы - жас жігіт Төлегенге косылғысы келеді. Бірақ бұрыннан Жібек сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған күштеп үйленуге ант етеді. Жібектің ата - анасының ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата - анасының рұқсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұқсат бермейді. Әке карсылығына қарамастан ол Жібектің еліне қайтады. Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де, алдап достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.
Музыкалық сөздік:
Опера - сахнада койылу үшін жазылған көлемді музыкалы - драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де қатысады.
Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар орындалады. Операны
бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады. Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай - ақ сахнаға бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады.
Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы. Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова “Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды. Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды. Күләштің де, “Гәккудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — “Гәкку” әлемдік өнердің биік өресіне көтерілді.
Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет Тырбиев “Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты ұстазының әншілік әлеміне апаратын.
.
«Кыз Жібек» операсының қысқаша мазмұнын айтып өтем.
«Қыз Жібек» операсында Жібек бейнесін К. Байсейітова сомдаса, кинода М. Өтекешова сомдаған. Жібектің жан дүниесі, махаббаты Ыбырайдың «Гәкку» әнімен бейнеленген.(К. Байсейітова мен М. Өтекешова суреттерін көрсетіп таныстырып өтем)
Операдағы келесі бір негізгі кейіпкеріміз Төлеген. Оның бейнесін операда Жүсіпбек Елебеков, ал кинода Құман Тастанбеков сомдаған.(Суреттерін көрсетем) Төлеген бейнесі 3 түрлі әнмен сипатталады. Олар «Қос барабан»,» Алқара ай көк», «Қаракөз» әндері.
Музыка тыңдау.»Қос барабан» тыңдау
Кері байланыс «Зерде»
БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.
БАҒА- жетістігіме берер бағам.
Сын- өз бойымда нені дамытуым керек.
Идея- маған келген жаңа ой.
Кері байланыс «Зерде»
БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.
БАҒА- жетістігіме берер бағам.
Сын- өз бойымда нені дамытуым керек.
Идея- маған келген жаңа ой.
Кері байланыс «Зерде»
БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.
БАҒА- жетістігіме берер бағам.
Сын- өз бойымда нені дамытуым керек.
Идея- маған келген жаңа ой.
Кері байланыс «Зерде»
БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.
Эмоция- сабақтағы көңіл күйім.
БАҒА- жетістігіме берер бағам.
Сын- өз бойымда нені дамытуым керек.
Идея- маған келген жаңа ой.
Достарыңызбен бөлісу: |