Сабақтың тақырыбы: Ж. Молдағалиев «Ар- ұят туралы»



бет7/7
Дата01.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#2919
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7











Өткізілген сабаққа талдау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5 «а», «ә» сынып

Күні: 09.03.2016 оқу жылы

Кабинеті: Химя кабинеті.
Мақсаты:

Ж. Молдағалиев жайлы мәлімет беру, «Ар-ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен мазмұнын ұғындыру, тапсырмалар арқылы білімдерін кеңейту


Қолданылған әдіс-тәсілдер:

  • «Топтастыру» стратегиясы, алты ойшыл қалпақ әдісі, бес жолды өлең, «сандар сыр шертеді» ойыны, «Кейіпкерлер кестесі», «Венн диаграммасы»

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығына көңіл бөлдім.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында Қасым Аманжоловтың «Жамырап күнде жас өмір» өлеңін жаттақа сұралды. Үй жұмысын алты оқушы жаттап келген өлеңдерін айту арқылы білімдерін танытты. Үй жұмысын бекіту мақсатында «Сандар сыр шертеді» ойыны ойнатылды. Ойын алты сұрақтан тұрды. Сұрақтар Қасым Аманжоловтың өміріне қатысты даталардың астына жасырылған елеулі оқиғалардан тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап қайыра білді.

Жаңа тақырып Жұбан Молдағалиевтің өмірі «Ар-ұят туралы» өлеңімен жалғасты. Тақтадан көрнекіліктер арқылы ақынның өміріне қатысты мәліметтердің барлығы айтылды. «Ар-ұят туралы» өлеңін жоспарлап мазмұнын оқушыларға оқыту арқылы аштырдым. Өлеңнің мазмұнын ,тақырыбын, түйінді ойды анықтау мақсатында «Кейіпкерлер кестесі» стратегиясын қолдандым, «Жуан-жіңішк сұрақтар» қойдым. «Бес жолды өлең» арқылы сөздік қорларына қор қостым.



«Алты ойшыл қалпақ» арқылы алты оқушыны тақтаға шығарып, ұтымды сұрақтар қойдым. Оқушылар өз білгендерін айтып сабаққа қатыса отырды. Ауызша түрде оқиғадағы шал мен жігіттің ұқсастығымен ,айырмашылықтарын сұрадым. Қиын сөздерді қаншалықты меңгергендігін,сабақты түсінгендігін бақылау мақсатында сабақты бекіте отырып, «Сөзмаржан» деп аталатын ойын ойнатып жібердім. Сабақ тақырыбы меңгерілді деп ойлаймын.


Пән мұғалімі: Ханов Ш.У

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет