Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдарды, оларды адамның пайдалануы Сабақтың мақсаты



Дата18.03.2017
өлшемі55,27 Kb.
#11888
түріСабақ
Сабақ жоспары

7 сынып Күні:________ Тексерілді_________

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдарды, оларды адамның пайдалануы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға құс шаруашылығы, үй құстарының арғы тектері, еліміздегі құс шаруашылығы жайында түсінік беру 
2. Тәрбиелік: Оқушыларды құстарды күтіп – баптауға, ұқыпты, жинақы болуға тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық: Оқушылардың құстар жайындағы түсініктерін молайта отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту 

Көрнекілік құралдар: интерактивтік тақтамен жұмыс істеу

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың барысы:

І Мотивациялық кезең

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

III. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

а) ауызша (сұрақ - жауап)

ә) флипчартпен жұмыс


  1. Сулы, батпақты жерлердегі құстарды жаз.




  1. Орман құстарын жаз




  1. Ашық далалы алқапьардағы құстарды жаз.



ІІ Операциялық кезең

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Асыранды құстарды қолға өсіруді құс шаруашылығы деп атайды. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат – олардың жұмыртқасы мен етін алу.



Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220 – 250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Минорка, андалуз, орлов, павлов осындай қолтұқымдары жатады.

Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род – айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш қолтұқымдары өсіріледі. Балапандарды бройлер деп атайды.

Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.

Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық, күркетауық, қаз, бөдене.

Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс – цесарка, үйрек, тауыс, тауық.



Құс жұмыртқасының құрлысы.

Тауықтың жұмыртқасы жұмыртқа жолмен, ең соңғы қысқа бөлігі-қынапқа түсіп, онда бұлшықеттердің жиырылуынан клоака арқылы сыртқа шағады.

Халық арасында сарыуыз бен ақуыздың жиынтығын жұмыртқа деп атайды. Сарыуыз бен ақуызды кеуіп кетуден және салқындаудан қорғайтын қатты қабықәкқабық деп аталады.

Әк қабықта өте ұсақ тесіктер-шұрықтар болады, ұрық дамыған кезде сол шұрықтар арқылы газ алмасады. Әкқабықтың сыртында жұқа қабықша болады, ол шұрықтар арқылы жұмыртқаға сұйықтық пен микробтардың өтпеуін қамтамасыз етеді.


I -деңгей 
1) Асыранды үй құстарының түрлерін ата. 
(тауық, күркетауық, үйрек, қаз, мысыр тауығы, жапон бөденесі, көгершін, тауыс, баққунақ). 
2) Үй құстарының адам үшін маңызы? (жұмыртқасы, ет өнімі, мамық, сәндік бұйымдар үшін). 
II -деңгей 
1-тапсырма: Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз: 
Р/с Түрлері Отрядтары 
1. Тауық 
2. Үйрек 
3. Қаз 
4. Күркетауық 
5. Көгершін 
6. Баққунақ 
7. Жапон бөденесі 

ІІІ.Бекіту кезеңі

Жұмбақ шешу.
1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз.)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.)

2-тапсырма: Базардан 100 қаз балапаны 400 теңгеден сатып алынды. 100 қаз балапанының 6 ай жейтін жемінің шығыны 10000 теңге. 
6 айлық қаздың әрбір басын 3500 теңгеге сатылды. Одан түскен табыстан шыққан шығынын аламыз. Сонда қанша пай болды. 
(100*3500)-(100*400+10000)=350000-50000=300000 
3-тапсырма: Бір қорада 100 жұмырқалағыш бағытындағы жылына 200 жұмыртқа беретін Голландиялық қолтұқымды тауығы бар. Оладың әрқайшысы айына 5 килограмм жем жейді. Жемнің килограмы 60 теңгеден. 
Бұл шаруа қожалығы 6 ай бойы 10 сағат 500Вт лампамен жасанды жарық қосады. 6 айда жасанды жарыққа қанша шығын шықты? Жылына бұл шаруа қожалығы қанша пайда табады? 
180күн*10сағ*500Вт=900000/1000=900кВтсағ*12тг=10800 
(100*200*35)-(100*5*12*60)=700000-360000-10800=329600 

Үй тапсырмасын беру кезеңі. Құстардың пайда-зияны оларды қорғау.

Қорытынды. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет