Сабақ жоспары
Пәні: Математика.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға толықтауыш көбейткіш туралы түсінік беру, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре білу дағдыларын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек беруге, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жарыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу; ә) оқушылардың сабаққа қатысуларын түгендеп тексеру; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІ.1. Өткен сабақ тапсырмаларының орындалуын оқушылардың жұмыс дәптерлерінен тексеріп шығу.
ІІ.2. Жекелеген оқушыларға үлестірме қағаздар үлестіру:
№1 үлестірме қағазы
саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.
О
№2 үлестірме қағазы
саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.
О
№3 үлестірме қағазы
саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.
О
№4 үлестірме қағазы
саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.
О
ІІ.3. Өткен матеиал қайталап пысықтап шығу:
Координаталық сәулені қалай сызамыз?
Бірлік кесінді ретінде нені аламыз?
Координаталық сәуледі қандай нүкте санақ басы деп аталады?
Координаталық сәуледе жай бөлшекті қалай кескіндеп көрсетеміз?
Мына суреттегі А, В, С нүктелерінің координаталарын анықтаңдар:
А В С
О 1 2 3
ІІ.4. Үлестірме қағаздардағы тапсырмаларды жинап тексеру.
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын және мақсаттарын таныстыру.
ІV. Жаңа сабақ материалын түсіндіру:
1-мысал: (№535 а) есебі) Бізге және жай бөлшектері берілсін. Бұл бөлшектерді дөңгелекте көрсетейік. жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей үш бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.
жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей 4 бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.
Енді дәл осы дөңгелектеріміздің әрбірін 3 және 4 сандарының ең кіші ортақ еселігіне, яғни теңдей 12 бөліктерге бөлейік.
Суретімізден байқайтынымыз: = және де =
12 саны және бөлшектері үшін ортақ бөлім екен.
Сонымен, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді бөлімдері бірдей бөлшектер түрінде жазуға болады екен.
және бөлшектерін ортақ бөлімге келтірейік. Бөл бөлшектердің ортақ бөлімі болатын сан 3-ке және 4-ке қалдықсыз бөлінуі керек, яғни олардың екеуіне де ортақ еселік сан болуы қажет. Ал, 3 пен 4 сандарының ортақ еселік сандары шексіз көп: 12, 24, 48, және тағы басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |