Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің Гүлбаршын Аққалиқызы Кажгалиева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ санатты.
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау, жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың іздемпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сайыс, топпен жұмыс, ойын т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбы, түрі, әдісі, өтілу барысы түсіндіріледі.
(тақтаға үш сәйгүліктің суреті ілініп, әр суреттің тұсына топ аты жазылады, сабақ «Бәйге »түрінде жүргізілетіні айтылады. «Бәйге» туралы сұрап, қосымша түсініктер беріледі, топтың жауабына сай қима қағаздар үлестіріліп отырылады.
Өте жақсы.
Жақсы.
Орташа.
Әр тапсырманың жауабына сай суреттер ілгері жылжытылып отырылады )
Әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырады.
І топ. «Ана тілі»
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
ІІ топ. «Халық»
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
ІІІ топ. «Туған жер»
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
ІІ. «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады. (жауаптарға қима қағаздар беріліп отырады)
Сұрақтар:
І топқа: 1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Толымды сөйлем. Мысал.
4. Тұрлаусыз мүше, түрлері.
5. Жайылма сөйлем, мысал.
ІІ топқа: 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Жақты сөйлем, мысал.
3. Атаулы сөйлем, мысал.
4. Жалаң сөйлем, мысал.
5. Оқшау сөз, түрлері, тыныс белгісі, мысал.
ІІІ топқа. 1. Жай сөйлем, түрлері.
2. Жақсыз сөйлем, мысал.
3. Толымсыз сөйлем, жасалу жолы.
4. Тұрлаулы мүше, түрлері.
5. Одағай, түрлері, мысал.
ІІІ. «Талдау- табыс кілті» (деңгейлік тапсырмалар)
І деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда.
Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді.
Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді.
Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
Сабақ оқу- оқушының міндеті.
Мен онымен емін- еркін сөйлестім.
Кеш болғанын білмей қалыппын.
ІІ деңгей. Тапсырма: сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажырат.
Оның үйге қайтадан барғысы келді.
Бізге әзірге уақытты ұту керек.
Менің туыстарыма баруыма тура келді.
Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Олар орманға қарай асығыс аттанды.
Кешке қатысуға менің құлқым болмады.
ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда.
Ауылға біз түске таман жеттік.
Оқушылар мектепке ерте жиналды.
Біз дүкенді аралап көп жүрдік.
Ағай бізді өзенге алып келді.
Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді.
Ол барлық сұраққа тез жауап берді.
ІV. Сызбамен жұмыс. (Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырады)
_._._._._._ __________ __________ , ___________ ___________.
_._._._._._ __________ __________ , _________ _ _ _ _ _ _ ___________.
_ _ _ _ _ _ _._._._._._ __________ , _._._._._._ _ _ _ _ _ _ ___________.
V. Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз,атаулы сөйлемдерге байланысты.)
1. Сен ер жеттің.
2. Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
3. Менің айтқым келмеді.
4. Долы боран.
5. Қалың орман.
6. Тоғай.
7. Күн жылынды.
8. Сенің айтқаның дұрыс.
9. Менің барғым келмейді
ҮІ. Шығармашылық диктант. ( Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты үш топтан үш оқушы шығып, тапсырманы орындайды.)
Күз. Қыстыгүні түнде қатты боран болды. Суық жел. Әбіш көп жүрді. Сен кіре ғой. Мен сабақты жақсы оқимын. Үскірік аяз.
VІІ. Кітаппен жұмыс. 79- жаттығу (ауызша)
VІІІ. Тест. (Компьютер арқылы)
Жалаң сөйлемді көрсет.
А) Қартқожа сөйлеп тұр.
Ә) Үй- іші далада жүр.
Б) Бүгін аспан ашық екен.
В) Ол ауылға көз салды.
Жайылманы белгіле.
А) Еркебұлан тысқа шықты.
Ә) Біз келдік.
Б) Мен білмедім.
В) Қар жауды.
3. Жақты сөйлемді тап.
А) Оған таңдануға болмайды
Ә) Күн батты.
Б) Менің айтқым келмеді
В) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн
4. Атаулы сөйлемді көрсет.
А) Мен елімнің ертеңіне сенемін.
Ә) Түнгі Астана.
Б) Елорда еңсесін көтеріп тұр.
В) Түн жылы болды.
5. Оқшау сөздің неше түрі бар?
А) 4
Ә) 3
Б) 2
В) 5
6. Толымсыз сөйлемді анықта.
А) Мен ауылдан келдім
Ә) Қарлығаштар ұясына қонды.
Б) Қайтадан кетті
В) Ол асығыс киімдерін жинастырды
Қорыту. Топтың ұпай санын анықтап, мәреге жеткендерді бағалау.
5 сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестер.
а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің
біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;
ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;
б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ тілінің қандай саласын білесіңдер?
Қазір біз қай саланы оқып жатырмыз?
Лексика нені зерттейді?
Табу дегеніміз не?
3. Сабақтың мақсатын қою.
«Адам- өз өмірінің суретшісі.Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» Баубек Бұлқышұлы.
Б. Бұлқышұлының бұл сөзін қалай түсінесіздер?
Ал еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыздар?
Білімді , сауатты болуымыз керек. Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз осыған байланысты.
Баяғыда бір кісінің жалғыз қызы болыпты. Бетін қақпай өсіргендіктен қыз ерке және шолжаң болыпты. Ерке қыз бойжетіп құтты орнына қондыратын уақыт та келеді.
- Айналайын, ерке өскен құлыным-ай, ештеңе үйренбей дүниеден бос қалдың- ау! Барған жеріңде киім- кешегіңе дұрыстап қарап бір сабақ жіп болса да үстіңе іле бер- деп ақылын айтыпты. Қыз анасының сөзін сол қалпында түсініп қолына түскен жіпті үстіне іле беріпті. Осы мәтіндегі «Бір сабақ жіп болса да үстіңе іле бер» деген ұғымды қалай түсіну керек? Бұны дұрыс түсінуге сабағымыздың тақырыбы жәрдемдеседі.
4. Жана сабақ. Тұрақты сөз тіркестері
1. Үсен тал кептірілген соң от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісірді.
2. Сөйтіп екеуінің арасына от жағалық деседі қырық уәзір.
Осы екі сөйлемді салыстырып көрейік, от не үшін жағылады? Ас пісіру үшін, үй жылыту үшін. Ал адамдар арасында от жағуға бола ма? Болмайды.
Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)
Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.
Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.
Тұрақты сөз тіркесі
|
Еркін сөз тіркестері
|
Сөйлемде дайын күйде қолданылады
|
Сөйлем құрау үстінде тіркеседі, ойдың берілуіне лайық өзгереді
|
Мағынасы құрамындағы сөздерге қатысты болмайды
|
Мағынасы құрамындағы сөздермен анықталады
|
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады
|
Әр сыңары жеке сұраққа жауап беріп, әр түрлі сөйлем мүшесі болады
|
Жеке сөзден баламасы болады (тайға таңба басқандай- анық.
|
Жеке сөз жалпы мағынаны аңғартса, еркін сөз тіркесі нақты ұғымды аңғартады.
Қара- қызыл кітап
|
Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын аш.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді.
Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті.Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты. Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады.
Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Үшеуі қосылып алып, үйді басына көтерді. Қаладағы баласы көптен ат ізін салмады. Суретпен жұмыс. Қабағынан қар жауып, ақ қар, көк мұзда, суық көзбен қарады Жылауық күздей, балапанды күзде сана, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды Көңілі көктемдей, май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды. Аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, жағасы жайлау Кітаппен, дәптермен жұмыс 111-жаттығу. 1.Төмендегі тұрақты тіркестердің қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.
113-жаттығу.
1.Тұрақты тіркестерді теріп жазу.
2.Мәтіндегі тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.
3.Тұрақ ты тіркестерді қолдана отырып, шағын мәтін құрап жазу(шығармашылық жұмыс).
Тұрақты тіркестерді сәйкестендір
1) Қас пен көздің арасында батыр
2) Ер жүрек өкіну
3) Мойыны жар бермеді момын
4) Бармағын тістеу жолы болу
5) Қой аузынан шөп алмас лезде,тез,жылдам
6) Тасы өрге домалау ерінді
Мысалдар
|
Эвфемизм
|
Дисфемизм
|
Тұрақты тіркес
|
1.Жүрек жұтқан
|
|
|
|
2.Өсекші
|
|
|
|
3.Ит өлген
|
|
|
|
4.Соқыр
|
|
|
|
5.Аяғының сылтымасы бар
|
|
|
|
6.Жерге кіре жаздады
|
|
|
|
7.Бармағын тістеу
|
|
|
|
8.Аузы жеңіл
|
|
|
|
9.Топас
|
|
|
|
10.Құлаққа ұрған танадай
|
|
|
|
11.Сөзуар
|
|
|
|
12.Саңырау
|
|
|
|
13.Кірерге тесік таппау
|
|
|
|
14.Мұрнын көкке көтеру
|
|
|
|
15.Қолы ашық
|
|
|
|
Үйгетапсырма:
Әдеби кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, мінездеме жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |