Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты


Биология үйірме 7 «а,б» сыныптар 07.12.2016 жыл



бет17/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а

Биология үйірме 7 «а,б» сыныптар 07.12.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы : «Киелі құс -аққу»
Мақсаты: 1
) Білімділік. Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік. Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту,
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, аққу туралы бейне фильм, Н.Тлендиевтің «Аққу» күйі,слайд үлгісі..
(Оқушыларға бір апта бұрын құстар туралы материалдар жинақтау тапсырылды.) 
Сабақ барысы: Психологиялық сәт:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Біздің сабақтың ұраны :Гүлденген Қазақстан ұрпағымыз,
Қараман мектебінде оқимыз біз.
Арманымыз жетелейді болашаққа,
Мемлекеттік тілді білу ұранымыз. (хормен оқу)
Балалар,қазір біз ән тыңдаймыз. («Құстар әні») Бұл ән не туралы деп ойлайсыңдар?
Балалар: Құстар туралы
– Жарайсыңдар, сендер құстар туралы не білесіңдер?
– Құстар адамға дос.
- Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.
- Құстарды «қанатты достар» дейді
- Адамдар құстарды қорғайды, оларға жем береді.
Оқушылар дайындап келген құстар туралы тақпақтарын айтады: (слайдтар көрсетіледі)
1-оқушы: Жаршысымын көктемнің
«Көкек» дейді мені жұрт.
Өз атын айтар құс менмін,
Көктемді күтсең- мені күт.
Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші, тағы басқадай құрттарды жеймін.
2-оқушы: Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан мен тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда өзі ғана 4 миллион зиянды құрт жейді.
3-оқушы:
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағын мен
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй-ішін,
Шыбын деген кеселден.
4-оқушы: Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша тамылжып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Мен нәзік үнді әнші құспын. Тамылжытып ән салатын әншілерді бұлбұлға теңейді.
5-оқушы: Бейбітшілік құсы менмін, көгершін
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті, адал жандар көбейсін.
Көгершін-бейбітшілік символы.
6-оқушы: Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзін қимаған.
Сұлулыққа паш етіп
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет