Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет16/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а

арлығаш ұясының түрі
Көктемде Оңтүстікке алғаш болып қарлығаш пен нәуірзек ұшып келе бастайды. Ерте көктемде нәуірзек пен қарлығаштың келгенін көріп, көңіліміз көтеріліп қалды. Нәуірзекті суретке түсіріп ала алмағанымызға өкініп едік, алайда кешкісін асханадан қарлығаштың ұшып жүргенін көріп, қатты қуандық. Егер қарлығаш көктемде үйге алғаш рет жаңбырлы күні кірсе, ол жылы жауын-шашын көп болып, егіннің бітік шығады.Қарлығаш торғай тұқымдас құс. Олар әнші торғайлар тобына жатады.Олар Арктика мен
Антарктидадан басқа аймақтардың бәрінде кездеседі. Жер бетінде қарлығаштардың 79 түрі тіршілік етеді. Біздің елімізде жар, құз, қос реңді, секпілтөс және кент қарлығашы деген 5 түрі кездеседі. Ауылдың әр жағындағы тіп-тік жарқабақты жағаларда шұрқ тесік індер қараяды. «Бұлар ненің іні болды екен, ә?» — деп ойлана қаласың. Бірақ көп кешікпей, ұшқыр да епті бір құстардың әлгі індерден ұшып шығып және қайтадан кіріп жатқанын көресің. Өзен жарқабағынан тұмсық және аяқтарымен терең ін қазып алғандар, міне, солар, сол үшін де оларды ін қарлығашы деп атайды.
Бұларға ұқсас құстарды қаладан да, ауыл-селодан да кездестіруге болады. Бірақ олардың ұялары басқаша, өздерінің желім сілекейлерімен жапсырған топырақ түйірлерінен жасалған. Міне, осы құстардың барлығы да қарлығаш аталады.Қарлығаштар әр түрлі жерлерде тіршілік етеді, олар бір-бірінен түр-тұрпаты жағынан да, тіршілік ету қалпы жағынан да ерекшеленеді. Бірақ барлығының да қанаттары ұзын, жіңішке және ұш жағы сүйір болып келеді. Қала қарлығашы мен ін қарлығашының құйрығы соншалықты ойық емес, алқыстау қарлығашының құйрығы екі айыр болады.
Қарлығаш жәндіктерді тек қана ұшып жүріп, әуеде аулайды, жерге тым сирек қонады. Себебі олар жақсы жүре алмайды және өздеріне жерден ұшып көтерілу де қиын. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді
Неге екенін қайдам, қарлығаш әйтеуір қазаққа жақын. Бейбіт құс қой, осы қарлығашты қазақтың бір нышанына, таңбасына айналдыру керек-ау деп ойладым», – деген сөздерді кездестірдім. Шынында да қарлығаш қазаққа жақын және қазақ та ерте заманнан осы бейбіт құсты қатты қадірлеп, жақсы көріп келген. Қазыбек бидің жоңғар шапқыншылығы кезінде жау жақындап қалғанда да үйін көшірмей, шаңырағына ұя салған қарлығаштың балапандарын ұшыруын күтіп отырғандығы осыны айғақтаса керек. Оның шет жағасын өзім де көріп өстім. Бала кезімізде әке-шешеміз «есікті жаппаңдар, қарлығаш кіре алмай қалады» деп отыратын. Шыбын-шіркей, маса кіріп жат­са да қарлығаш үшін есігімізді түнде де ашып қоятынбыз. ----Қарлығаш ұшып келгенде бала­пандарының қуаныштан шаңқылдап шуылдағандарын естіп, құлағымызға сіңіріп өстік.
Қарлығаш ұясы қышқылының ғылыми аты – нервтік аминоқышқылы. Ол қарлығаш ұясындағы биологиялық активтікке ие басты құрам. Атап айтқанда, ол ананың уыз сүтінде болатын, нәрестенің алғашқы өсіп-жетілуіне қажетті маңызды құрамдардың бірі. Ол жасушаның бетінде көптүрлі физиологиялық иқуаттық жұмыстарға қатынасып, адам денесінде физиологиялық, биохимиялық иқуаттар жағынан төтенше маңызды рөльдер атқарады. Ғалымдардың жуық жылдардағы зерттеулері қарлығаш ұясы қышқылының ұзақ өмір көруге көмек көрсететін ғылыми қағидасын растап отыр. Мұнан тыс, қарлығаш ұясында белсенді ақуыздар мен коллаген ақуызы мол қамтылады, сондай-ақ, ол қыртыстық жасушалардың жетілуін және адам денесіне қажетті басқа да әртүрлі микроэлементтердің сіңірілуін жеделдетеді.
Қарлығаш ұясы дене қуаты әлсіз, азықтануы нашар, созылмалы сатқақ, созылмалы безгек ауруына душар болған, қақырығы түспей, көп жөтелетін, қарттардың созылмалы кеңірдекше қабынуы, кеңірдекшенің кеңеюі, өкпенің желді ісігі, өкпе туберкулезі, қан құсу, қан түкіру және асқазан ауруы сияқтылармен ауырғандардың тұтынуына лайық келеді. Ал балалар, әлсіз, аурушаң, аурудан тұрған адамдар және жұмыс қарбаластығанан жүйкесі құрып жүргендер жөнінен айтқанда, қарлығаш ұясы әлдендіретін, ретке түсіретін таңдаулы да тамаша табиғи тағам саналады.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен..
Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.- Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт .- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. -Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетед
Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет