Сабақтың тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу



бет2/3
Дата05.02.2022
өлшемі61,55 Kb.
#16822
түріСабақ
1   2   3
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
1.Өсімдік нешеге бөлінеді? /ағаш. бұта, шөп/ 2.Бөлме өсімдіктерінің адамға пайдасы туралы айт. /бөлмедегі лас көмірқышқыл газын сорап алып, таза ауа оттегіні бөліп шығарады. Адамның көңіл –күйін көтереді./ 3.Таңқурайдың сабағы қандай? /тік, қатты/
ІV .Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын жұмбақ шешіп алайық.
Жазда өседі,
Күзде түседі. (жапырақ)
-Жапырақ туралы не білеміз ?
-Жапырақ неге сарғаяды және неге түседі ?
-Көктемде өсімдіктердің жапырақтары жап-жасыл болып шығып, олар әдемі, сәнді болып көрінеді. Ыстық күндері ағаш көлеңкесіне жатып демалған қандай тамаша ! Жапырақтар неге жасыл түсті болады ? Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофилл деген зат түзеледі. Ол жапыраққа жасыл түс береді. Күн көзінің жарығы мен жылуы жеткілікті жағдайда өсімдік жасыл қалпын сақтайды. Күз басталысымен Күннің көзін жиі бұлт жабады. Күн шұғыласы өсімдіктерге жаздағыдай жылуды бере алмайды . Сондықтан жапырақта хлорофилл түзілмейді де,олар сарғая бастайды. Кейбір өсімдіктердің жапырағы қызарды. Күз салқындаған сайын өсімдік жапырағы сарғая түседі. Топырақ салқындайды ,өсімдік тамырлары суды аз тартады,өсімдіктің қоректенуі нашарлайды да,жапырақтар түсе бастайды. Күз соңында ағаштар мен бұталар жапырақтарынан айырылып жалаңаш қалады.
Жапырақтар құрлысына қарай сағақты,сағақсыз болып екіге бөлінеді.Жапырақтар жай жапырақ және күрделі жапырақ болып бөлінеді.
-Өсімдікке жапырақ неге керек ?
-Бұл сұраққа мәтінді оқып жауап берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет