Сабақтың тақырыбы: «Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау»



бет145/145
Дата26.01.2022
өлшемі17,9 Mb.
#129878
түріСабақ
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145
Байланысты:
11 кл биология ЖМБ-3 тоқсан-1

Қысқамерзімді жоспар

39-сабақ



Сабақтың тақырыбы: «Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу.»

Бөлім:

11.3 Биомедицина және биоинформатика

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Моноклоналды антиденелер көмегімен ауруларды диагностикалау және емдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Моноклонды антиденелер көмегімен ауруларды емдеу қағидаларын оқып үйренеді.



Көпшілік оқушылар үшін:

Қатерлі ісіктерді анықтау тәсілдерімен танысады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Моноклонды антидене деген не?
2. Моноклонды антиденелерді қолдану салалары қандай?
3. Ауруға диагноз қоюға мысал келтіріңдер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Ауруға диагноз қоюды сипаттайды.



Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.




Оқулықта берілген Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Моноклонды антиденелер қолданылатын салаларға сипаттама береді.
2. Ауруларға диагноз қою реттілігін түсіндіреді.
3. Ферменттерді менидинада қолданудың артықшылықтарын түсіндіреді.
4. Ауруларға диагноз қою үшін моноклонды антиденелердің ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.
5.Моноклонды антиденелердің алынуына сипаттама береді.




Дескриптор:

Жалпы балл-3

1. Тапсырмаларды орындайды.


ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері





Талдау және синтез айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Моноклонды антиденелерің көмегімен аутоиммундық ауруларды емдеу механизіміне талдау жасайды.
2. Аутоиммундық ауруларды диагностикалау сұлбасын сызып көрсетеді.
3. Моноклонды антиденелерді қолданған не себепті маңызды екенін түсіндіреді.
4. Иммунотерапия түсінігін сипаттайды.

Дескриптор:

Жалпы балл-3

1. Берілген тапсырмаларға жауап береді.


ДК экраны

11-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет