Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік.Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Дамытушылық. Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Қайталау сабағы.
Әдіс: сайыс, топпен жұмыс, этнопедагогика , ойын т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбы, түрі , әдісі , өтілу барысы түсіндіріледі.
(тақтаға үш сәйгүліктің суреті ілініп, әр суреттің тұсына топ аты жазылады, сабақ «Бәйге» түрінде жүргізілетіні айтылады. «Бәйге» туралы сұрап, қосымша түсініктер беріледі, топтың жауабына сай қима қағаздар үлестіріліп отырылады.
Өте жақсы
Жақсы
Орташа
Әр тапсырманың жауабына сай суреттер ілгері жылжытылып отырылады)
І Әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырады.
І топ. «Ана тілі»
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
ІІ топ. «Халық»
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
ІІІ топ. «Туған жер»
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат,
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат.
(Бәйге аттар жылжытылып отырылады)
ІІ «Кім жүйрік?» Ауызша үш топтың әрқайсысына 5 сұрақтан қойылады. (жауаптарға қима қағаздар беріліп отырады)
Сұрақтар:
І топқа: 1. Сөйлем дегеніміз не? Мысал.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
3. Толымды сөйлем, мысал.
4. Тұрлаусыз мүше, түрлері.
5. Жайылма сөйлем, мысал.
ІІ топқа: 1. Құрмалас сөйлем деген не? Мысал.
2. Жақты сөйлем, мысал.
3. Атаулы сөлем, мысал
4. Жалаң сөйлем, мысал.
5. Оқшау сөз, түрлері, тыныс белгісі, мысал.
ІІІ топқа: 1. Жай сөйлем, түрлері.
2. жақсыз сөйлем, мысал.
3. толымсыз сөйлем, жасалу жолы.
4. Тұрлаулы мүше, түрлері.
5. Одағай, түрлері, мысал.
ІІІ «Талдау- табыс кілті» (Деңгейлік тапсырмалар»
І деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда
1.Бір күні біздің үйге қапсағай денелі дәу қара келді.
2.Жомарт мектептің жоғарғы қабатына көтеріліп келеді.
3.Сұлтан жайлауды екі күн аралады.
4.Сабақ оқу – оқушының міндеті.
5. Мен онымен емін-еркін сөйлестім.
6. Кеш болғанын білмей қалыппын.
ІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажырат
1.Оның үйге қайтадан барғысы келді.
2.Бізге әзірге уақытты ұту керек.
3.Менің туыстарыма баруыма тура келді.
4.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
5.Олар орманға қарай асығыс аттанды.
6.Кешке қатысуға менің құлқым болмады.
ІІІ деңгей. Тапсырма: Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда.
1.Ауылға біз түске таман жеттік
2.Оқушылар мектепке ерте жиналды.
3.Біз дүкенді аралап көп жүрдік.
4.Ағай бізді өзенге алып келді.
5.Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді.
6.Ол барлық сұраққа тез жауап берді.
ІV Cызбамен жұмыс(Әр топ өз тобының атына сай сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырады)
1. -.-.-.-.-.-. ___________ __________ , _______ _______ .
2. -.-.-.-. _________ ________ , ________ --------- ________.
3. ------- -.-.-.-.-. ________ , -.-.-.-.-. --------- ________ .
V. Тест (Компьютер арқылы).
1. Жалаң сөйлемді көрсет.
А) Қартқожа сөйлеп тұр.
ә) Үй-іші далада жүр.
б) Бүгін аспан ашық екен.
В) Ол ауылға көз салды.
2. Жайылманы белгіле.
а)Еркебұлан тысқа шықты.
ә)Біз келдік.
б)Мен білмедім.
В) Қар жауды.
3. Жақты сөйлемді тап.
а) Оған таңдануға болмайды.
ә) Күн батты.
б) Менің айтқым келмеді.
В) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
4. Атаулы сөйлемді көрсет.
а) Мен елімнің ертеңіне сенемін.
ә) Түнгі Астана.
б) Елорда еңсесін биік көтеріп тұр.
В) Түн жылы болды.
5. Оқшау сөздің неше түрі бар?
а) 4 ә) 3 б) 2 в) 5
6. Жай сөйлемнің түрлері нешеу?
а) 6 ә) 4 б) 7 в) 8
7. Толымсыз сөйлемді анықта.
а) Мен ауылдан келдім.
ә) Қайтадан кетті.
б) Қарлығаштар ұясына қонды.
В) Ол асығыс киімдерін жинастырды.
8. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 5 ә) 6 б) 4 в) 3
Қорыту. Топтың ұпай санын анықтап, мәреге жеткендерді бағалау.
Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен жай сөйлемнің әрқайсысына екі мысал жазып, сөйлем мүшесіне талдау.
19 » 09 2011ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №9
Сабақтың тақырыбы: Отбасында берілетін бата Сабақ реті № 9 19.09.2013ж
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға отбасында берілетін бата туралы білімін қалыптастыру, білім дағдыларын қалыптастыру; есімдіктерді ауызекі тілде дұрыс қолдануды үйрету;
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: суреттер, сілтеу есімдіктер сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II.Yй тапсырмасын тексеру: 1. Сөздермен жұмыс.
Сұрақтарға жауап беру:
Бақ берсін, бас берсін.
Өміріңе ұзақ жас берсін! Бұны қалай түсінесіңдер? Бұл не?
Бата туралы не білесіңдер?
Бата қай уақытта беріледі?
Ақтілеудің белгісі — бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас талапкерге бата. "Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.
Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. "Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер" деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыкқа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны құрметті, елге сыйлы адамдар береді.
Жаңа айдың батасы.
Ай көрдім аман көрдім,
Ақиреттік заман көрдім.
Жаңа айда — жарылқа,
Ескі айда — есірке (бата). Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды. Бұл — діншілдік немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным, түсінігі. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдыздар ауа райын, болашақты болжап отырған.
5. Наурыз батасы. Соның бірі — осы Наурыз бата ("Жеті қазына" кітабынан). Ұлыстың ұлы күнінде "наурыз көжеге" шақырғандарға, "Наурызнама" тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайьш бата береді. Бұл бата жалпы көпшілікке де бағышталады. Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.
Оқулықпен жұмыс.
Шығармашылық диктант. (Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты үш топтан үш оқушы шығып, тапсырманы орындайды)
Күз. Қыстыгүні түнде қатты боран болды. Суық жел. Әбіш көп жүрді. Сен кіре ғой. Мен сабақты жақсы оқимын. Үскірік аяз.
V. Үй тапсырмасын беру: Баталарды жаттау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
VII. Сабақты қорыту:
Отбасында берілетін бата деп, ...
Себебі
Өйткені
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
«23 » 09 2013ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №10
Сабақтың тақырыбы: Ұлдың қуанышы. Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың отбасындағы ұлдың қуанышы туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,жалаң және жайылма сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сендердің отбасыларыңда кімдер бар? Атаң, әжең, әкең, анаң, апаң, ағаң, інің, сіңілің, қарындасың.
Сендердің отбасыларыңдағы ұл балаларының орны қандай?
Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы да осы ұл балалар жайлы болмақ.
Ш. Мәінмен жұмыс.
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Ә) Жұптық жұмыс. «Ұлдың қуанышы» тақырыбына диалог құрастыру.
Жай сөйлем түрлері— құрылымдық, мағыналы қайырым белгілеріне қарай жіктелетін жай сөйлемдер. Жай сөйлемдер айтылатын ойдың шындық болмысқа қатысы жағынан болымды, болымсыз сөйлемдер (к.) коммуникативтік мақсаты мен айтылу интонациясы жағынан хабарлы, сұр аулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер (к.); тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің катысуы сипаты жағынан жалаң, жайылма сөйлемдер (к.); айтылатын ойға катысты сөйлем мүшелерінің болу-болмауы жағынан толымды, толымсыз сөйлемдер (к.), бастауыштын болу-болмауына байланысты жак,ты, жақсыз сөйлемдер (к.) болып бөлінеді
Жалаң сөйлем – тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Б) Мәтіндегі жай сөйлемдерді анықта. Ондағы бастауыш пен баяндауыштарды тап.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
« 26 » 09 2013ж . Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №12
Сабақтың тақырыбы: Ақтілеу ағайындылар
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ақтілеу ағайындылар туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,жалаң және жайылма сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Ақтілеудің белгісі — бата. Ол кез кезген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жаксысын халық "ақ бата" деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.
1. Жас талапкерге бата. "Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты". Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Кідркерей Сокыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті:
Белбеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын.
Кабағың жазық болсын.
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.
Ш. Мәінмен жұмыс. «Ақтілеу ағайындар»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Ә) Жұптық жұмыс. «Ақтілеу ағайындар» тақырыбына диалог құрастыру.
Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты).
1.Сен ер жеттің.
2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
3.Менің айтқым келмеді.
4.Долы боран.
5.Қалын орман.
6.Тоғай.
7.Күн жылынды.
8.Сенің қайтқаның дұрыс.
9.Менің барғым келмейді.
Жай сөйлем түрлері— құрылымдық, мағыналы қайырым белгілеріне қарай жіктелетін жай сөйлемдер. Жай сөйлемдер айтылатын ойдың шындық болмысқа қатысы жағынан болымды, болымсыз сөйлемдер (к.) коммуникативтік мақсаты мен айтылу интонациясы жағынан хабарлы, сұр аулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер (к.); тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің катысуы сипаты жағынан жалаң, жайылма сөйлемдер (к.); айтылатын ойға катысты сөйлем мүшелерінің болу-болмауы жағынан толымды, толымсыз сөйлемдер (к.), бастауыштын болу-болмауына байланысты жак,ты, жақсыз сөйлемдер (к.) болып бөлінеді
Жалаң сөйлем – тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Б) Мәтіндегі жай сөйлемдерді анықта. Ондағы бастауыш пен баяндауыштарды тап.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
«
26 » 09 2013 ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №12
Сабақтың тақырыбы: Ағайындылар
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың ағайындылар туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,жалаң және жайылма сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Ағайындылар деп кімді атаймыз?
Сендердің әкелеріңнің туыстары кімдер?
Ал анаң жақтан туыстарды қалай атайды?
Сендерге кім жақын, ағайындыларың ба, әлде нағашыларың ба?
Ш. Мәінмен жұмыс. «Ағайындар»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Ә) Жұптық жұмыс. «Ақтілеу ағайындар» тақырыбына диалог құрастыру.
Сергіту сәті. «Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. (Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдерге байланысты).
1.Сен ер жеттің.
2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
3.Менің айтқым келмеді.
4.Долы боран.
5.Қалын орман.
6.Тоғай.
7.Күн жылынды.
8.Сенің қайтқаның дұрыс.
9.Менің барғым келмейді.
Атаулы сөйлем
Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат
құбылыстың , мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.
Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып
ұшырғандай кавказ тауын. (С. М.)
Егер атаулы сөйлемдер арқылы беріліп тұрған ойды басқа
сөйлеммен білдіргіміз келсе, былайша болар еді:
Қыстүгіні түнде боран болды. Долы дауыл ышқына соқты. – Бұл
сөйлемдер атауды емес, оқиға жайында баяндауды білдіреді.
Іс-оқиға жайында баяндамай , тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен т. б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз
Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады. Күз. Сіркіреп
жаңбыр жауып тұр. (Н. Ғабд.)
Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар. (Н. Ғабд.) Түн орталаған шақ. Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр. (Т. Н.)
Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді. Мысалы: Маусым. Құлпырған дала гүлдерінң жұпар иісі мұрын жарып, кеудені ашады. (З. Ш.) Құба жон. Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан қимыл – бұрғылау ісі қызып жатыр. (З. Қабд.)
Тапсырмалары
1 Бірінші топта жеке сөз, сөз тіркесі берілген. Екінші топта сол сөздер мен сөз тіркестерінің басқа сөйлемдер тобында айтылуы көрсетілген. Бірінші және екінші топта айтылуының арасында мақсаты жағынан қандай айырма бар екенін айтыңыздар
1 Кеш, кең зал, электр шамдары, компьютерлер, қызметкерлер.
2 Кеш. Кең зал. Жарқыраған электр шамдары. Қуатты компьютерлер. Мекеме қызметкерлері.
2 Атаулы сөйлемдердің астын сызып, неше сөзден құралғанын, олардың қай сөз табынан екендігін көрсетіңіз
1 Мәскеу, Мосторг. Мың-мың жан. Ішінде мен. Мыңға мыңқ етпейтін үй биік, кең. (С. М.) 2 Қарт... кабинет ішін көзден өткізген еді. Айнала қабырғада бірнеше сурет. Екі-үш үлкен карта. Ортада қызыл жапқан үлкен үстел. Жағалай орындықтар. (Ғ. С.) 3 Жаз. Түн. Айсыз ашық аспан.
Б) Мәтіндегі жай сөйлемдерді анықта. Ондағы бастауыш пен баяндауыштарды тап.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. _
30 » 09 2013 ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №13
Сабақтың тақырыбы: Үйіңді сүйсең – Отаныңды сүйгенің
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың отансүйгіштік туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,атаулы сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Бір-біріңе қарым-қатынастарың қалай?
Өз отбасыңды жақсы көресің бе?
Өз үйіңді қадірлеп, құрметтейсің бе? Неліктен?
Ал Отаныңды қаншалықты жақсы көресің? Неліктен?
Ш. Мәінмен жұмыс. «Отанды сүю»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Ә) Жұптық жұмыс. «Отан отбасынан басталады» тақырыбына диалог құрастыру.
Б) Мәтіндегі жай сөйлемдерді анықта. Ондағы бастауыш пен баяндауыштарды тап.
Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
1 Сөйлемдерді оқып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазыңыздар
1 Әр терезенің өз контексті мәзірі бар. 2 Айгүл жаңа буманы жұмыс үстелінде құрды. 3 Анар компьютер көмегімен салған суретін шашыратқышпен түрлі-түрлі түске бояды. 4 Ол өзінің салған суреттерін қағазға басып шығарды. 5 Жанар құжаттың әр бетін алдымен тексеріп шықты.
2 Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз
1 Аудитория іші тына қалған еді. 2 Біз барамыз. 3 Дауыстар шығып кетті. 4 Мен қолдаймын. 5 Біз құрамыз. 6 Оқушылар қарай қалып еді. 7 Ол бұғып қалды. 8 Мен қорықпаймын. 9 Кімдер барады?
(«Дала дауылпаздарынан»)
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
« 1 » 10 2013 ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті 14
Сабақтың тақырыбы: Отан сенің ата-анаң .Мазмұндама
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың отансүйгіштік туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,атаулы сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Бір-біріңе қарым-қатынастарың қалай?
Өз отбасыңды жақсы көресің бе?
Өз үйіңді қадірлеп, құрметтейсің бе? Неліктен?
Ал Отаныңды қаншалықты жақсы көресің? Неліктен?
Ш. Мәінмен жұмыс. «Отан сенің ата-анаң»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Жұптық жұмыс. «Отан сенің ата-анаң» тақырыбына диалог құрастыру.
ІV .Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
1 Лепті сөйлемдерді оқып, аударыңыз.
1 Қап, программаға вирус жұққан екен! 2 Енді қайттім? 3 Алақай, арнайы программалар арқылы сол программаларды бастапқы қалпына келтірді! 4 Мен саған ризамын, Елемес! 5 Өлеңі не деген жақсы! 6 Ақын ғой өзі! 7 Ой, ғажап, мынаны қалай жасағансың! 8 Түу, мынау әнші ғой өзі! 9 Ай, шырағым-ай бір тыныш жерде отырсаң етті! 10 Айттым ғой саған!
2 Сөйлемдерді аударыңыз.
1 Не забудьте проверить диск на вирус! 2 Как выполняет свою функцию зараженная программа? 3 Вам нравится работа с компьютерами? 4 Помогите, пожалуйста, установить программу.
5 Извините, могли бы вы мне помочь? 6 Ох, я забыл сохранить документ! 7 Ах, вирус испортил мои файлы! 8 Что же мне теперь делать?! 9 Ура, мои файлы восстановлены!
3 Сөйлемдерге әр түрлі сұрақтар қойыңыз.
Үлгі: Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. - Олар қайда таралып кетеді? Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді ме? Олар не істейді?
1 Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. 2 «Троян аттары» көбінесе компьютер желілерін жайлап алады. 3 Вирус жұққан компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды. 4 Вирустың кейбір жаңа нұсқалары операциялық жүйе программаларын істен шығарады. 5 Соңғы кезде вирусқа қарсы түрлі проограммалар дайындалып шықты. 6 Ревизор- программалар дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтайды. 7 Олар сәйкессіздікті дереу программа иесіне хабарлайды. 8 Доктор –ревизорлар файлды автоматты түрде емдейді. 9 Вирусқа қарсы программаларды тұрақты қолдану керек. 10 Доктор-программалар вирус жұққан программалар мен дискілерді емдейді.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
«1 » 10 2013 ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті № 14
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

« 3 » 10 2013ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №15
Сабақтың тақырыбы: Отбасымызда тілдер үйренеміз
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тілдерді отбасымен бірге үйрену туралы айта білу дағдысын қалыптастыру,атаулы сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Бір-біріңе қарым-қатынастарың қалай?
Өз отбасыңды жақсы көресің бе?
Өз үйіңді қадірлеп, құрметтейсің бе? Неліктен?
Ал Отаныңды қаншалықты жақсы көресің? Неліктен?
Ш. Мәінмен жұмыс. «Отан сенің ата-анаң»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Жұптық жұмыс. «Отан сенің ата-анаң» тақырыбына диалог құрастыру.
ІV .Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
1 Лепті сөйлемдерді оқып, аударыңыз.
1 Қап, программаға вирус жұққан екен! 2 Енді қайттім? 3 Алақай, арнайы программалар арқылы сол программаларды бастапқы қалпына келтірді! 4 Мен саған ризамын, Елемес! 5 Өлеңі не деген жақсы! 6 Ақын ғой өзі! 7 Ой, ғажап, мынаны қалай жасағансың! 8 Түу, мынау әнші ғой өзі! 9 Ай, шырағым-ай бір тыныш жерде отырсаң етті! 10 Айттым ғой саған!
2 Сөйлемдерді аударыңыз.
1 Не забудьте проверить диск на вирус! 2 Как выполняет свою функцию зараженная программа? 3 Вам нравится работа с компьютерами? 4 Помогите, пожалуйста, установить программу.
5 Извините, могли бы вы мне помочь? 6 Ох, я забыл сохранить документ! 7 Ах, вирус испортил мои файлы! 8 Что же мне теперь делать?! 9 Ура, мои файлы восстановлены!
3 Сөйлемдерге әр түрлі сұрақтар қойыңыз.
Үлгі: Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. - Олар қайда таралып кетеді? Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді ме? Олар не істейді?
1 Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. 2 «Троян аттары» көбінесе компьютер желілерін жайлап алады. 3 Вирус жұққан компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды. 4 Вирустың кейбір жаңа нұсқалары операциялық жүйе программаларын істен шығарады. 5 Соңғы кезде вирусқа қарсы түрлі проограммалар дайындалып шықты. 6 Ревизор- программалар дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтайды. 7 Олар сәйкессіздікті дереу программа иесіне хабарлайды. 8 Доктор –ревизорлар файлды автоматты түрде емдейді. 9 Вирусқа қарсы программаларды тұрақты қолдану керек. 10 Доктор-программалар вирус жұққан программалар мен дискілерді емдейді.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
« 07 » 10 2013ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті №16
Сабақтың тақырыбы: Тіл жарасы. Толымды және толымсыз сөйлем
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тілдерді отбасымен бірге үйрену туралы айта білу дағдысын қалыптастыру, толымды және толымсыз сөйлемді ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Бір-біріңе қарым-қатынастарың қалай?
Өз отбасыңды жақсы көресің бе?
Сендер үйде қай тілде сөйлесесіңдер?
Достарыңмен қай тілде сөйлесесің?
Ал ата-анаң өзара бір-бірімен қай тілде сөйлеседі?
Сен неліктен ата-анаңмен қазақ тілінде сөйлеспейсің? Неліктен? Не кедергі жасайды?
Осы тақырыптың төңірегінде біз сендермен бірге әңгімелесеміз.
Ш. Мәінмен жұмыс. «Тіл жарасы»
Мәтінді өздігінен оқу;
Таныс емес сөздердің мағынасын білу, оны сөздікке жазып алу;
Мәтінді қайта түсініп оқу,
Сұрақтарға жауап беру,
Мәтінді аудару.
Жұптық жұмыс. «Сен қазақша сөйлей аласың ба?» тақырыбына диалог құрастыру.
ІV .Оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмыстары.
Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс-оқиға жайында толық хабар беріледі. Мысалы: Мен сол күнде кеште Сейдәзімов Мейірқұлмен ұзақ отырдым. Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынды. (С. Сарғ.)
Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейміз.
Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:
1) айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысады;
2) басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтыла береді.
Жай сөйлемдердің кейбіреуінде айтылуға тиісті бір мүше не бірнеше мүше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп қалады. Мысалы: уақыт деген жүйрік қой. Былай қарасаң, қас қаққанша өте шығатын сияқты. («Армысың, ардақты адам».) Екінші сөйлемде айтылуға тиісті мүше (уақыт) қатыспаған. Сондықтан бұл толымсыз сөйлем болып тұр. – Командиріңіз қайда? – Алда кетіп барады. (М. Ғабд.) Соңғы сөйлемде «командиріміз» деген бастауыш айтылмай қалып тұр.
Айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінң бірі түсіп қалғанжай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.
Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы екі түрлі:
1) өзара желілес сөйлем тобында
Агроном қаулап шыққан жас егіннің тынысын тыңдағандай
сүйсіне сөйлейді.
- ( ) Біркелкі жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры да (неменеге) болысып жіберді. (кім? нені?) Кеш ексек те, (не?) кенжелейтін емес. («Тербеледі тың дала»).
Базар апайды бұл маңайда білмейтін адам жоқ. Сол себепті де мына салтанатқа шақырылып отыр. (З. Иманб.) Соңғы сөйлемде бастауышы (Базар апай) түсіп қалған – толымсыз сөйлем.
2) Диалог (екі я бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында
Ал, ұлым, сен қайдансың?
(Кім?) Қазақстаннан, Алматыдан.
Иә, (кім? нені?) білем, (қайда?) барғанмын. Қазақстанның
болашағы зор. (не?) Еліміздегі шексіз қазыналы өлке. (Қ.Тол.)
Сіз Құлжан ағайды білесіз бе?
Білемін. (С. Сарғ.)
Мұнда да соңғы сөйлем (Білемін.) толымсыз сөйлем болып тұр:
айтылуға тиісті бастауышы (мен) және толықтауышы (Құлжан ағайды) түсіп қалған.
Тапсырмалары
1 Оқып шығып, толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңыздар. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңыздар
1 Аспаптар панелінің бағаналар түймесін шертіңіз. 2 Төрт бағанадан тұратын панель көрінеді. 3 Жылжытып көріңіз. 4 Санын қалай азайтады? 5 MS Word – дүние жүзі елдерінде кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор. 6 Мәтіндік процессор деп те аталады.
7 Қосымша программалар да енгізілген. 8 Стандартты файлды шаблон деп атайды. 9 Типті құжаттардың үлгі түрі бланкісі.
10 - Жақсы білетін бір бағдарламалаушың бар ма?
Бар ғой.
Кім еді ол?
Балғабай.
Қай Балғабай?
Оспанов.
Кәдімгі Балғабай Оспановты айтып тұрмысың? Оны жақсы білемісің сен?
Иә, білем. Қолданбалы бағдарламаларын көргем.
Очерк жазып берсеңші сол кісі туралы!
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру. Мәтінді мазмұндау
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
« 0 8 » 10 2013 ж. Пән: қазақ тілі Сынып 8 Сабақ реті № 17
Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы «Ана тілін сүйеміз»
Сабактың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жай сөйлемдердің түрлерін ажыратуға үйрету; сөйлемдегі бастауыш пен бяндауышты дұрыс қолдануды үйрету
Оқушылардың ой-өрісін дамыту; есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдici: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың жабдыкталуы, көрнекіпігі: жай сөйлемнің сызбасы
Сабақтың барысы
I. ¥йымдастыру кезеңі: а) Амандасу. б) Кезекшімен әңгімелесу.
II. Сұрақтарға жауап:
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Бір-біріңе қарым-қатынастарың қалай?
Өз отбасыңды жақсы көресің бе?
Сендер үйде қай тілде сөйлесесіңдер?
Достарыңмен қай тілде сөйлесесің?
Ал ата-анаң өзара бір-бірімен қай тілде сөйлеседі?
Сен неліктен ата-анаңмен қазақ тілінде сөйлеспейсің? Неліктен? Не кедергі жасайды?
Осы тақырыптың төңірегінде біз сендермен бірге әңгімелесеміз.
Ш. Тапсырмалары
1 Сөйлемдерді оқып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазыңыздар
1 Әр терезенің өз контексті мәзірі бар. 2 Айгүл жаңа буманы жұмыс үстелінде құрды. 3 Анар компьютер көмегімен салған суретін шашыратқышпен түрлі-түрлі түске бояды. 4 Ол өзінің салған суреттерін қағазға басып шығарды. 5 Жанар құжаттың әр бетін алдымен тексеріп шықты.
2. Оқып шығып, толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңыздар. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңыздар
1 Аспаптар панелінің бағаналар түймесін шертіңіз. 2 Төрт бағанадан тұратын панель көрінеді. 3 Жылжытып көріңіз. 4 Санын қалай азайтады? 5 MS Word – дүние жүзі елдерінде кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор. 6 Мәтіндік процессор деп те аталады.
7 Қосымша программалар да енгізілген. 8 Стандартты файлды шаблон деп атайды. 9 Типті құжаттардың үлгі түрі бланкісі.
10 - Жақсы білетін бір бағдарламалаушың бар ма?
Бар ғой.
Кім еді ол?
Балғабай.
Қай Балғабай?
Оспанов.
Кәдімгі Балғабай Оспановты айтып тұрмысың? Оны жақсы білемісің сен?
Иә, білем. Қолданбалы бағдарламаларын көргем.
Очерк жазып берсеңші сол кісі туралы!
3. Атаулы сөйлемдердің астын сызып, неше сөзден құралғанын, олардың қай сөз табынан екендігін көрсетіңіз
1 Мәскеу, Мосторг. Мың-мың жан. Ішінде мен. Мыңға мыңқ етпейтін үй биік, кең. (С. М.) 2 Қарт... кабинет ішін көзден өткізген еді. Айнала қабырғада бірнеше сурет. Екі-үш үлкен карта. Ортада қызыл жапқан үлкен үстел. Жағалай орындықтар. (Ғ. С.) 3 Жаз. Түн. Айсыз ашық аспан.
V. Үй тапсырмасын беру: Жай сөйлем ережесін жаттау, мысал келтіру.
VI. Білімдi бағалау: ___________________________________________________________
Оку iciнiң менгерушісі: Прибора Г.М. _____________
Әдістеме жетекшісі: Накенова Г.А. __________
|