8.4.2.1 электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
Электр тогының анықтамасын , ток көздері туралы білуі, токтың жүру шарттарын біледі .
Басым бөлігі:
Электр тогының әрекетін түсінеді, электр қозғаушы күш шамасының физикалық шамасын түсінеді,есептер шығаруда қолданады.
Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Кейбір оқушылар:
Электр тогын түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады.
Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздер ме балалар!Біз бүгін « тұрақты электр тогы» бөлімін бастаймыз.Өткен сабақта біз Конденсатор.Электр сыйымдылығын түсіндірген болатынбыз. Өткен тақырып бойынша сұрақтарға ауызша жауап беріңдер. (1 тапсырма) Өткен тақырыпты тексеру.
1 тапсырманы орындау
Ұпай
Сұрақтар
Сабақтың ортасы
-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Электр тогы, электр тогы көздері»
-Бүгінгі сабақты меңгерген соң, ток көзінің жұмысын, электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіруді үйренесіңдер. Теориялық материал
Оқулықты ашындар: Физика, 8 сынып Башарұлы Р. §22, 113 бет Физика, 8 сынып Б.А.Кронгорт Ш.Б. Насохова §23,110 бет Физика, 8 сынып Закирова. Н §23,110 бет Оқып, қысқаша конспект жазындар(2 тапсырма)
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.
1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды. (Вольта бағанасын айтып кету)
Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.
Ток көзінің шартты белгісі Гальвани элементі мен аккумулятордың оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі – қысқа сызықпен кескінделеді.
Генераторлардың полюстеріне «+», «-» таңбалары қойылады.
Есепті шығар. (3 тапсырма)
1.Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?
2.Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж)
3.Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)
Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді
Стикер
1 тапсырма Үй тапсырмасын тексеру./ауызша/
Электр сөзі қай тілден алынды?
Электрон заряды қандай?
Атомның құрылысын зерттеген ғалым?
Зарядтардың неше тегі болады?
Электриктер деп нені айтады?
Электр тогын өткізетіндерге мысалдар келтір?
Дескрипторлар
Тапсырма№
Критерийдің сипаттамасы
Балл
Қайталау
Тапсырма№1
Сұрақтарға ауызша жауап береді.
2
Жаңа тақырыпты меңгеру
Тапсырма№2 Тапсырма№3
Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, электр тогының ұғымының анықтамасын жазылған,тұжырымдамасы және оның математикалық формуласы жазылған
1
Есеп шығару:
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген.