«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің пайда болуын түсіндіру. (Видеокассетадағы тәжірибелер арқылы түсіндіріледі).
Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Дөңес айна беретін кескіндер кішірейтілген, тура және жалған болады.
Дөңес айнаның фокусы жалған болады.
(D) Қисық айналардың көмегімен оптикалық иллюзияларды демонстрациялау.
(G) (E) Оқушылар линзалар туралы түсініктерін қолданып, өздері сфералық айналардың эффектілерін зерттеулері қажет. Ойыс және дөңей сфералық айналарды оқып үйренеді.
(P) Сфералық айналарда алынатын кескінді алу үшін оқушылар дөңес линзалардың көмегімен алдыңғы сабақтарда анықталған сәулелерді пайдаланып, сәулелік диаграманы сызулары керек. Сондай-ақ, кескіннің сипаттамасы анықталуы қажет.
(I) Ойыс және дөңес айналарда алынатын барлық кескіндер туралы ақпаратты жинайтын жұмыс парағын ойластырыңдар.
«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.