Күні:
Сабақтың тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жылулық қозғалыс туралы мәліметтерді оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін пайдалана отырып, меңгерту.
Міндеттері: 1.Ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрету
2.Әр оқушының бойында өз ойын топ ішінде еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру
3.Шығармашылық қабілеттерін ояту
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Топтық жұмыс , СТО стратегиялары «Миға шабуыл», Тест – бақылау.
Ресурстар: флипчарт, оқулық,компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы :
№
|
Ойлаудың жіктелуі
(Б.Блум бойынша)
|
Мақсаты
|
Түрткі
|
Нәтиже
|
1
|
Білу
|
Жылулық құбылыстар туралы жалпы түсініктерін білу
|
Тренинг
жүргізу
|
Сұрақ –жауап арқылы, түсінік беру
|
2
|
Түсіну
|
Жылулық, броундық, диффузия құбылыстары туралы білімдерін анықтап, түсініктерін кеңейту
|
АКТ ны пайдалана отырып,электронды оқулықтан видео көрсету
|
Ойын жеткізеді, түсінігі кеңейеді
|
3
|
Қолдану
|
Топтық жұмыстарын талдау
|
І топ
Броундық қозғалыс туралы тәжірибе көрсетеді
ІІ топ
Диффузия құбылысына тәжірибе көрсетеді
|
Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
|
4
|
Талдау
|
Жасаған тәжірибелерін әр топ талдайды
|
Әр топ бүгінгі тақырып бойынша жаңа мағлұмат іздейді (ұялы телефон, ғаламтор пайдалану)
|
Салыстырады, сараптайды
|
5
|
Жинақтау
|
Жылулық қозғалыс туралы алған білімдерін жинақтайды
|
Топтарға тапсырма беру.
І топ.
ІІ топ.
Тест жұмысын орындайды
|
Білімдерін жинақтайды, сараптайды
|
6
|
Бағалау
|
Жылулық қозғалыс туралы ой түйіндеу
|
Оқушылар рефлексия жазады
|
Оқушылар тұжырым жасайды
|
8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.
3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, видеомагнитафон, видеокассеталар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
2. Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
3. Шыныға су тамызыңдар.
4. Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
5. Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
6. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
7. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.
IV. Пысықтау.
1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
2. Броундық қозғалыстың себебі неде?
3. Диффузия құбылысы дегеніміз не?
4. Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§1.
Умбетова Гулжайнар Шайхановна
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы
№5 орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
8сынып
Сабақтың тақырыбы
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Мақсаты
Броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік біліуі
Жылулық қозғалыс пен механикалық қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды ажратып анықтауы
Жұмыс нәтижесі
Осы құбылыстарды түсініп, өмірмен байланыстыра мысалдар келтіріп дәлелдейді.
Сілтеме
Оқулық:Физика .8-сынып Дүйсембаев Б.М, Г.З. Байжасарова. Алматы _,«Мектеп», 2008ж _
Негізгі идеясы
Броундық қозғалыс, диффузия туралы мағлұмат алады.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Жана тәсілдер: топтастыру, диалог,жеке,топтық жұмыс.
АКТ: интерактив тақта.Power Point презентациялар.
СТО стратегиялары.
Сыныпты түстер арқылы бөлу.
Топ алтын ережесі
1.Бір бірмізді тыңдау, сыйлау
2. Қол ұшын беру
3.Ұйымшыл болу
4.Өз идеямызды бөлісу
5.Қиялға шек қоймау
6.Топта еркін отыру
7.Өзгенің ой пікірін қолдау
8.Ойынға белсенді қатысу
9.Көп еңбектену
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Ресурстар
Микроскоп, постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, қайшы, су, дезодорант. , бояғыш зат.
Уақыт
45 минут
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру: топқа бөлу(түрлі –түсті қағаздар арқылы топқа бөлу), мақсат қою(2мин)
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Ойлауды Блум бойынша жіктеу
Тақырыбы:Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Мақсаты:Жылулық қозғалысына түсінік беру.
Міндеті:
1)Броундық қозғалыс, диффузия туралы түсіндіру.
2)Жылулық қозғалыс пен механикалық қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды көрсету.
Тапсырма түрі.
Түрткілер.
Күтілетін нәтиже:
1) Жылулық қозғалыс не екенін біледі. Броундық қозғалыс, диффузияға анықтама бере алады.
2)Жылулық қозғалыс пен механикалық қозғалыс арасындағы айырмашылықтарды ажратады.
Критерийлер
Дескрип-тор
Ұпай
Білу
(5мин)
Үй жұмысын тексеру.
«Жылу құбылыстарды » туралы қосымша ақпарат табу. Қызығушылы-
ғын ояту.
Барлық денелер атомдар мен молекулалардан тұрады. Молекула - кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі мақсаты – макраскопиялық денелердің қасиеттерін, оларда болып жататын жылулық процестерді түсіндіреді. МКТ - нің негізгі қағидалары:
1. Барлық денелер микробөлшектерден тұрады.
2. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады.
3. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі.
Сұрақ
«1» тобына сұрақ
1. Барлық денелер неден түрады?
2. Молекула дегеніміз не?
«2» тобына сұрақ
1. Заттардың молекулалары бірдей ме?
2. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады? «3» тобына сұрақ
1.МКТ - нің негізгі қағидалары?
2.Кім енгізген?
Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушы
лығы
оянады,білімін көрсетеді.
Білім көлемін зерделеу
Сұраққа толық жауап берді
3
Сұраққа жартылай жауап берді
2
Сұраққа нашар жауап берді
1
Түсіну
(10мин)
Жаңа сабақ .Оқулық мәтінін игерту
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
Оқулық бойынша топтық жұмыс
Тақырыптың басты идеясын табу
Тақырыптың басты идеясын табу
Толық түсінді
3
Жартылай түсінді
2
Түсінген жоқ
1
Қолдану
(10мин)
Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау
1.Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
2.Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
3.Шыныға су тамызыңдар.
4.Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
5.Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
6.Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
7.Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.
Көргенін сипаттау.
Сергіту сәті(2мин)
Достарыңызбен бөлісу: |