Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар



Дата28.01.2018
өлшемі306,57 Kb.
#35339

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.

Дамытушылық:Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі:  буклет, нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі:1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

Язык-это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли,желания,чувства. 


Язык связан с мышлением, сознанием людей. Он возник в глубокой древности. Он тесно связан с жизнью общества. А сейчас в современном мире знать один язык очень мало.

Знать язык сегодня стало

Лишь один, не скрою, мало.

Если два- вопросов нет,

Ты для всех – авторитет.

Тех, кто три прекрасно знают,

Все за гениев считают.

Ну, а, если все четыре-

Нет людей богаче в мире.

Сабақтың барысы: 1 кезең. Топқа бөлу.Топ аттары.Таныстыру.

2 кезең. «Ең үздік оқырман» Әр топтан 2 оқушыдан мәнерлеп оқу сайысы.

1.Тілім - арым, ол менің мақтанышым,


Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2.Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!


3. Ана тілім бал тілім

Өзің барда шалкыдым

Өз тілімде ән шыркап

Термелетіп балкыдым.


4. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
3 кезең. «Полиглот» Сөздерді қазақша-ағылшынша-орысша аудару.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Отбасы




Family

Әке




Father

Ана




Mother

Қарындас




I

Аға




Brother

Әпке




Aunt

тату




Friendly

4. кезең. Мақал-мәтел жарысы.Мақалдың жалғасын тап.



5.кезең. Жұмбақтар жасыру.



  • Ерте тұрдым,
    Екі айыр жолға түстім.

УТРОМ Я ВСТАЛ, НА ДВЕ ДОРОГИ ПОПАЛ. (брюки)

  • Кішкентай ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.

МАЛЕНЬКОГО РОСТА БЫВАЕТ, ШУБУ НАИЗНАНКУ ОДЕВАЕТ
  • Төрт аяқты,


    Мың таяқты.
    (Кірпі)
    Четыре ноги,
    Тысяча палок

  • Аяғы жоқ жүреді,
    Тілі жоқ сөйлейді.
    (Хат)
    Ног нет, а ходит,
    Языка нет, а говорит (расскажет).
    (Письмо)


  • Судан алады,
    Суға салса өледі.
    (Тұз)
    Добывается из воды,
    А положишь в воду – умирает.
    (Соль)

6 кезең. Капитандар сайысы. Сөз ішіндегі сөз.

Кемпірқосақ.Тұсаукесер.



Сабақты бекіту:

-Балалар, бүгін қандай мереке?

-Тіл туралы заң қашан қабылданды?

-ҚР мемлекеттік тіл қандай тіл?

Жеңімпаздарды анықтау. Марапаттау.




«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 орта мектебі» ММ

ГУ «Средняя школа №7 отдела образования акимата города Костаная»

 

 

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.





(Тілдер күніне өткізілген іс-шара 3-сыныптар)


Өткізген мұғалім:Садыкова А.А

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» іс-шарасына берілген сараптама.

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.»(ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауынан)

Елбасымыздың халыққа арнаған осы үндеуін іске асыру мақсатында,тілдер күніне орай 3-сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға баулу.Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Шара барысында тілдер күніне арналған слайд-шоу көрсетілді.

Іс-шара «Ең үздік оқырман», «Мақалды жалғасын тап», «Сөз ішінде сөз»,«Жұмбақ шешу», «Полиглот» деген кезеңдерге бөлініп, оқушылардың тілді қаншалықты меңгеріп, қолданатындары тексерілді. Мысалы «Полиглот» деген кезеңде оқушылар белгілі тақырыптағы сөздердің аудармасын қазақша-орысша- ағылшынша айта алды.Жұмбақтар үш тілде жасырылып берілді, бұл тапсырманы да оқушылар қызыға орындады. Бұл іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Бастауыш сынып оқушылары жарыса оқығанды ұнатады ,сондықтан сайыс түрінде өткіздім. Оқушылар өз ана тілдері туралы айта білді. Қазақ тілінде тіл туралы мақал-мәтел де біраз біледі. Бұл өте қуантарлық жағдай. Заман талабына сай көп тіл білу керек екендігін оқушылар түсінеді.

Тәрбие сағатының барысында өзіме байқағаным,оқушылар ағылшын тілін қызыға оқиды.Сондықтан күнделікті сабақ жоспарыма ағылшын тілімен байланыстыра оқытуды жоспарлап отырмын. Іс-шараның соңында әділқазылар алқасы бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сайыскерлер марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.Оқушылар көңілді тарқасты.

Мұғалім: Садыкова А.А





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет