Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік (пәндік олимпиада)



Дата25.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#12230
түріСабақ
Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия

Жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кемельбекова Сауле Жасимбаевна



Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік (пәндік олимпиада)

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

2.Дамытушылық:Өз білімін көрсетуге,шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру;

3.Тәрбиелік:Өзін-өзі басқаруға,адамгершілікке,қайырымдылыққа баулу.

Сабақтың түрі: олимпиадалық жарыс Сабақтың көрнекілігі: сұрақтар,мультимедиа.

Сабақтың өту барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Кіріспе сөз

- Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздермен 4-сыныптар арасында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» атты білім сайысында бас қосып отырмыз. Ендеше білім сайысына қош келдіңіздер!

-Алдымен бүгінгі жарыстың шартымен таныстырайын.

2.Олимпиадаға қатысатын оқушылар ортаға шығарылады.Оқушыларды таныстыру. 3.Олимпиаданың мақсаты мен жоспары таныстырылады. 4.Әділқазылар алқасымен таныстыру. 5.Оқушылар ортаға шығып,өздерінің алдарындағы сандарды алады.Сол бойынша олардың нұсқалары анықталады. Нұсқа бойынша өз орындарына барып отырады. 6.Жарыс уақытының ұзақтығы таныстырылады.



І кезең: «Бәйге» тест шешу. (7 мин) ІІ кезең: «Жорға» Тапсырма орындау (10 мин) ІІІ кезең: «Дода» Логикалық тапсырмалар орындау. (15 мин) Олимпиаданың ашылуы. Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білімділер жарысып, Тәрбие білім алар ма? Бұл бәйге-білім бәйгесі, Кім жүйрік,ол жеңеді-демекші, жарысымыздың 1-кезеңі «Бәйге» кезеңін бастайық.

Бәйге кезеңінде оқушылар 7 минут ішінде 10 сұрақтан тұратын тесті шешіп, әділқазы алқасына өткізуі тиіс.



1-нұсқа.



Тест сұрақтары

Жауаптары

1

Қос сөздер дегеніміз не?

А)Кейбір сөздер екі немесе

одан да көп түбірден жаса-

лады.

Ә) Кейбір сөздер екі сөздің



қосарлануы арқылы

жасалады.

Б) Кейбір сөздер екі түбір-

ден жасалады.



2

Берілген сөйлемнен қос сөзді тап.

Мұғалім оқушыларды екі-екіден партаға отырғызды.



А)Мұғалім оқушыларды

Ә )партаға отырғызды

Б)екі-екіден


3

Сөйлемнен біріккен сөздерді тап.

Тауда қойбүлдірген қөп өседі.



А)Тауда

Ә)қойбүлдірген

Б)көп өседі


4

Екі немесе одан да көп түбірден жасалған

сөздер қалай аталады?



А)күрделі сөздер

Ә)біріккен сөздер

Б)қос сөздер


5

Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер қатарын тап.

А)Қора-қора,күле-күле

Ә)ата-ана, сарт-сұрт

Б)жеңіл-желпі,құрал-сайман





6

Қос сөздер қатарынан күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді тап.

А)жып-жылы,түп-түзу,тап-тар

Ә)сөйлей-сөйлей,жылы-жылы

Б )ар-ұят,төртеу-бесеу


7

Берілген сөздерден тасымалданбайтын сөзді тап.

А)сүйкімді

Ә)құрт


Б)бойшаң

8

Зат есім болатын сөздерді тап.

А ) ұзын, қысқа, биік

Ә)дәмді, ащы, тәтті

Б)қауын, қарбыз, сәбіз


9

Сөздерден күрделі сын есімдерді тап.

А)жұқа дәптер, қалың кітап

Ә)қызыл ала,қара сұр

Б)сұйық, бозғылт


10

Қосымшаның түрлерін тап.

А)жұрнақ,жалғау

Ә)жұрнақ, сөз

Б)түбір,сөз


2-нұсқа.



Тест сұрақтары

Жауаптары

1

Сөздерден қосарлану арқылы жасалған қос сөзді тап.

А) Түйеқұс Ә)сұңқар Б)жоғары-төмен

2

Қос сөздің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

А)нүкте Ә)дефис Б)үтір

3

Сөздерден біріккен сөзді тап.

А )үлкен-кіші Ә)шаңқобыз Б)анда-санда

4

Берілген сөйлемнен күрделі сөздерді тап. Қайыңның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді.

А ) дәрі-дәрмек Ә)қайыңның бүршіктерінен Б)әзірленеді

5



Сөздерден жұрнағы бар сөзді белгіле.


А) Қобызды

Ә)қобызға

Б)қобызшы


6



Зат есімнің сұрақтарын көрсет.



А)кім? кімдер? не? нелер?

Ә)қанша? неше? нешінші?

Б)қандай? қай?


7


Көптік жалғау жалғанған сөзді тап.


А)көгершін

Ә)жалпы


Б)әншілер



8

Сөздерден күрделі сан есімдерді тап.

А)жиырма,елу

Ә)мың,сегізінші

Б)екі жүз он,он үш


9

Сөздерден күрделі етістіктерді тап.

А)кіріп шықты,алып келді

Ә)айт,жаз

Б)тоқыды көрді


10

Сан есімнің түрлерін ата.

А)туынды,реттік

Ә)реттік,есептік

Б)есептік туынды


2-кезең «Жорға» кезеңіне кезек берейік. Слайд

Мақал-мәтелдердің сыңарларын табу. 1.Мектеп-кеме, ...-... / білім-теңіз. /

2. Білекті бірді жығады, ... ... ... /білімді мыңды жығады./3.Оқу-білім бұлағы, ...-... ... /білім-өмір шырағы./4.Оқусыз білім жоқ, ... ... ... /білімсіз күнің жоқ./

5. Жақсы туса-ел ырысы,

... ...-... ... / Жаңбыр жауса-жер ырысы. /

6. Досы көпті жау алмайды,

... ... ... ... /Ақылы көпті дау алмайды./

III кезең «Дода» кезеңі

Слайд


1.Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)

2. Мәтін нешеге бөлінеді? (3-ке)

3.Сипаттау мәтіннің сұрағы қандай? (қандай?)

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

5.йа дыбыстары естілгенмен,қай әріп жазылады? (я)

6.Алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз. (Ы.Алтынсарин)

7.Дүние жүзінде тары өсіруден рекорд жасаған кім? (Ш. Берсиев)

8.Рейхстагқа ту тіккен кім? (Р. Қошқарбаев)

9. Сиырдың төлі қалай аталады? (бұзау)

10.Орман дәрігері …(тоқылдақ)

Әділқазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша,оқушыларды сергіту үшін жұмбақтар шешу.

Ұшында бір тамшы
Уы бар сұр қамшы.
                                        (Жылан)
 
Шыңдары шырқау
Көшіп жүр бір тау.
                                        (Түйе)

Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
                                                 (Қоян)
 
Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
                                                 (Қасқыр)

Көзге ілінбейді, 
Жұтсаң білінбейді. (Ауа) 

Қолы жоқ, сурет салады, 
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Қорытынды:

Оқушылар жинаған ұпай санына байланысты оқушыларға ынталандыру орындары беріледі.

Оқушыларды марапаттау.

1-топ.

1).Қазақ тілі.

1.Мәтін нешеге бөлінеді? (3-ке)

2.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. (қатаң,ұян,үнді)

3.йа дыбыстары естілгенмен,қай әріп жазылады? (я)

4.Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы,сұраулы,лепті)

2).Ана тілі.

1.Алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз. (Ы.Алтынсарин)

2.Дүние жүзінде тары өсіруден рекорд жасаған кім? (Ш. Берсиев

3.Рейхстагқа ту тіккен кім? (Р. Қошқарбаев)

4.Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)

3).Дүниетану.

1.Кірпіге ұқсас өсімдік. (кактус)

2.Қазақстанның мұнайлы аймағы? (Атырау)

3.Орман дәрігері …(тоқылдақ)

4.Жазғытұрым қай мезгіл? (көктем)

4.Математика.

1.Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (піспеген тауықтың)

2.Асан 10 жаста,ал Жамал 16 жас үлкен.Асан Жамалға қарағанда неше жас кіші? (6)

3.Қорада 35 қозы, 65 лақ бар. Қорада барлығы неше төл бар? (100)

4.Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

2-топ

1).Қазақ тілі.

1.Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)

2.Аяқталған ойды білдіреді… (сөйлем)

3.Сипаттау мәтіннің сұрағы қандай? (қандай?)

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

2).Ана тілі.

1.Үш биді ата. (Төле би,Әйтеке би,Қазбек би)

2.Сиырдың төлі қалай аталады? (бұзау)

3. Ең тұнғыш қазақ ғарышкері кім? (Т. Әубакіров)

4.Бес қару. ( садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта)

3).Дүниетану.

1.Ұя салмайтын құс. (көкек)

2.Картоп қандай мүшесі арқылы көбейеді? (түйнек)

3.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі? ( құнарлы)

4.Күндіз көрмейтін құс? (жапалақ)

4).Математика.

1.1 сағ. 6 минутта неше минут бар? (66 мин.)

2.85 пен 15-тің қосындысы неш? (100)

3. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларының ұзындығының қосындысы)

4.Екі жағы нүктемен шектелген түзу? (кесінді)

3-топ.

1.Қазақ тілі.

1.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? (бөлек)

2.Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (кісі аттары, қала,жер-су аттары)

3. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. (сұраулы)

4. Сөздегі буын саны неге байланысты болады? (дауысты дыбысқа)

2.Ана тілі.

1.Абайдың әкесінің аты кім ? (Құнанбай)

2. Қазақстанның көмірлі аймағы. (Қарағанды)

3. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

4.Терең оймен,шебер тілмен айтылған халық шығармасы. (шешендік өнер)

3. Дүниетану.

1.Адамның есту мүшесін ата? (Құлақ)

2.Қазақстанның мақталы аймағы. (оңтүстік Қазақстан)

3.Жануарларға,өсімдік өміріне не қажет? (қорек,су,ауа,жарық,жылу)

4.Жануарлардың ескі жүнінің түсуі. (түлеу)

4.Математика.

1.Елу тісті ,екі қолды. ( ара)

2.Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (мұз күйінде)

3.Қарама-қарсы қабырғалары тең. Бұл қай фигура? (тіктөртбұрыш)

4.Отыр еді 50 кептер, ұшып кетті 10 кептер, қайта қонды 5-уі,қанша болды барлығы? (45)

4-топ.

1).Қазақ тілі.

1.Мәтін нешеге бөлінеді? (3-ке)

2.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. (қатаң,ұян,үнді)

3.йа дыбыстары естілгенмен,қай әріп жазылады? (я)

4.Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы,сұраулы,лепті)

2).Ана тілі.

1.Алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз. (Ы.Алтынсарин)

2.Дүние жүзінде тары өсіруден рекорд жасаған кім? (Ш. Берсиев

3.Үш биді ата. (Төле би,Әйтеке би,Қазбек би)

4.Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

3).Дүниетану.

1.Кірпіге ұқсас өсімдік. (кактус)

2.Қазақстанның мұнайлы аймағы? (Атырау)

3.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі? ( құнарлы)

4. Жануарларға,өсімдік өміріне не қажет? (қорек,су,ауа,жарық,жылу)

4.Математика.

1. Екі жағы нүктемен шектелген түзу? (кесінді)

2.Қарама-қарсы қабырғалары тең. Бұл қай фигура? (тіктөртбұрыш)

3.Қорада 35 қозы, 65 лақ бар. Қорада барлығы неше төл бар? (100)

4.Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Жарияланды 24-01-2014, 17:08 Категориясы: Бастауыш сынып 

Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:


1. Психологиялық дайындық «Көңілімізді көтерейік» - Жанымыздағы сыныптасымыз қандай екенін жазу. Оқу. (Сол қағаздарды мониторинг үшін дайындалған ватман қағазға жапсыру – балалардың аттары осылайша тіркеледі)

2. Мұғалім: - Бүгінгі сабағымызда біз табиғатқа көмек көрсетейік.


- Қазір табиғатқа не керек? (Қар)
- Неліктен? Оның қандай пайдасы бар?
- Тапсырмаларды орындаған сайын жерге қар ұлпаларын түсірейік – осылай біз жер дүниені көрпеге орап, жылытамыз.

• Сөздік диктант: Мектеп, мұғалім, кітап, дүниетану, еңбекке баулу, математика, әдебиеттік оқу, циркуль, сия, табиғаттану, дене шынықтыру, күнделік. (11 сөз) (Карточкаға аттарын жазып, содан кейін сөздік диктантты орындап, тапсырады. Олар тексеріліп, мониторинг қағазда белгіленеді.)

• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» стратегиясы - Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

• 80 бетте 1 - жаттығу Көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау: Мысалы: Айбек кітап оқыды.


• «Т» әдісі бойынша: Сөйлемдерді екі жаққа топта. Сөйлемдегі сөздердің байланысы дұрыс немесе қате.
• 81 беттегі 3 - жаттығуды тақта алдында орындату. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету. Байланыстарды айту.

• Жазбаша мәтін құрылуының бес жолды стратегиясы бойынша жұмыс.


Тақырыбы: «Табиғат»
1. Қоқыс үйіндісі
2. Әркім сол үйіндіні пайдаланып сөйлемдер жазады.
3. Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді.
4. Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді.
5. Презентация: оқушы «автор орындығынан» өзінің шығармасын оқиды
3. Рефлексия «Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.
Бағалау.

Кері қайту

Материал рейтингісі:



  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Сөйлем мүшелерінің байланысы


Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру


Жарияланды 28-06-2013, 20:21 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.


Сабақтың мақсаты: «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
«Р» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: топтық
Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, слайд, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:


Оқушыларды сабаққа дайындау.
Тыныс алу жаттығулары,
«Батбырауық ұшырамыз» (батбырауықтар түрлі түсті, оқушылар түстерін өздері таңдайды). «Алақанымызды жылытамыз» (Бір деммен жылы ауаны үрлеу.)
Мимикалық гимнастика
Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай);
Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз;
«Жымию»
«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері»...........
А – а - а У - у – у – у
О - о – о – о И – и – и - и
ІІ Негізгі бөлім
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызға келген сиқырлы пойыздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз.

І Вагон:
Қай әріп екенін айтыңдар.


Райханда өлең жаттады
Раушан да өлең жаттады
Қай әріптен басталады
Екеуінің аттары «Р»
«Р дыбысының артикуляциясы»
Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.
- ерін аздап дөңгелентіп тұрады.
- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді
- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі
- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.
- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
- жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.
- дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады.
- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

ІІ Вагон. «Р» дыбысын дұрыс айту. Слайд


Трактор қалай жүреді?
ЫР – ЫР - ЫР - ЫР - ЫР

«Р» дыбысын дұрыс айт, анық айт.


Ра – ра – ра Ра – ра – ра Сара
Ры – ры – ры Ры – ры – ры Тары
Ру - ру – ру Ру - ру – ру Сору

ІІІ Вагон.


Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Буындардан сөз құра
Қа, ра, да, за, ра, ты, ар, па, са, ры, ра, зы.

Артық суретті көрсет


Алмұрт, Қияр, Қарбыз, Қоян
[Р] дыбысы бар суреттерді көрсетіп, буынға бөл.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар:


а)/ қағазды жаймалау - алақанмен, жұдырықпен, сұқ саусақпен/
б)/ саусақтармен қоян, қайшы, ит, көзілдірік./

ІV Вагон «Көңілді тіл туралы ертегі»


- Ал енді айнаға қарап «Көңілді тіл туралы ертегіні» есімізге түсіріп, артикуляциялық жаттығуларды орындайық.
- «Көңілді тіл» өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй?
- Дұрыс, ол - ауыз. Ол үйдің есігі ашылып – жабылып тұрады.
- Көрсетейік, қалай ашылып - жабылады?
-«Тіл» үйінде отыра алмайды. Далаға шығады. Тілді есік алдына шығарайық.
- Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр.(«Күрекше»- жалпақ тіл астыңғы ерінде)
- Айналаға қарайды («Сағат»)
- Аздап жел соқты. «Тіл» тоңып кетіп үйіне кірді. Үйіне кіріп үстіңгі тістерін тазалады. Әжесінің тәтті қайнатпасымен шай ішті кесеге құйып («Кесе»)
- Төменгі, жоғарғы ерінге тәтті қайнатпа тиіп қалған, оны тазалады.(«Тәтті шырын»)
- Шай ішіп болып, атасында далаға барғысы келді. Ол үшін атқа мінді. («Ат шауып келеді»)
- Кел жатып «Саңырау құлақтарды» терді. «Көңілді тіл» шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.
«Ат шауып келеді» «Тәтті шырын» «Кесе»

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.


Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер.
Қарда бар, 
Мұзда жоқ 
Жарда бар, 
Құзда жоқ. «Р» 

Дәптерде бар,


Кітапта жоқ.
Пәтерде бар,
Үйде жоқ. «Р»

Қырқада бар, қырда бар,


Айранда бар, сүтте жоқ. «Р»
Тақпақты оқы.

Үйге тапсырма.



Кері қайту

Материал рейтингісі:


С дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру


Жарияланды 28-06-2013, 20:08 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: «C» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.


Сабақтың мақсаты: «C» дыбысын буында қайталап сөзде анық айтуға машықтандыру.
«С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын
дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жеке
Көрнекілігі: «С» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық
жаттығулар, слаид, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:


Оқушыларды сабаққа дайындау.
Артикуляцияны дамыту жаттығулары
1. Ұртын үрлеу.
2. Ернін созу "у", "о"
3. Жымияды " и"
4. Қасын көтеру "Ой" (таң қалу)
5. Көзін қатты жұму
6. Дем алу және тыныс шығару: са – со – су - сы.

ІІ Негізгі бөлім


Асылай біз бүгінгі сабағымызға келген поиздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз, ол үлкен қалаға кетіп бара жатыр, әр вагон тапсырмасын орындасаң, вагондар саған поиздың қай қалаға бара жатқанын көмектеседі
Қай әріп екенін айтыңдар. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. І вагон
Сауысқанды, сәбізді
Сарымсақты, сағызды
Бастап тұрған қай әріп? «С»
Қыста бар,
Жазда жоқ
Түсте бар,
Кеште жоқ «С»

Сарада бар,


Шарада жоқ
Сақанда бар
Шоқанда жоқ «С»

«С дыбысының артикуляциясы»


• Ерін жымиып тұрады;
• Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
• Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;
• Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында
жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.
• Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу
тістерге тиіп тұрады;
• Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
Артикуляциялық жаттығулар
«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтарды», «Тәтті шырын»,
«Ат шауып келеді»

«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт. ІІ вагон


Са – со – су – сы
Со – су – са - сы
Сұ – со – са – сы

Аса асы Усу осы


Осо асу Ысы ұсы
«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.
Ма..... са 
Ала.... са 
Бол....са 
тол..... са
айт..... са
қайт.... са

«Сы» буынын қосып сөзді аяқта.


Дыб............. ыс ту............... ыс
Айт............... ыс қу.............. ыс
Жар................ ыс ал.............. ыс

Жұмбақ шешеміз ІІІ вагон


Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)

Мұрны пұшық,


Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? Мысық

«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс


«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым

Мына жануарлар нені азық етеді?

V Вагон
Сөздерді көпше түрде айт
Құс – құстар
Сабақ – сабақтар
Ыдыс – ыдыстар
Қасқыр - қасқырлар
Сона - соналар

Дәптермен жұмыс


Мына сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.
С + ай = сай
С + ана = сана
С + ұлу = сұлу
С + ара = Сара

Қарамен белгіленген сөздерге «С» дыбысын қойып оқы.


ҚЫМБАТ - 1, ЖАБЫН - 1, ТОҚТЫ - 1, ҚАТЫҚ - 3, ЖУАН - 4, ТАРЫ - 1

АЛАТАУ, АУДАН – сөздердің ішінен қарамен жазылған буынмен, дыбысты алып сөздің басына С дыбысын қойып оқы.


Қандай қалаға келді Астана (Бәйтеректің суреті) шығады.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар:


«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» - тақпақты бірге қайталау.

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.


Есіңе сақта!
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Бірінші – Дүйсенбі,
Екінші – Сейсенбі,
Үшінші – Сәрсенбі,
Төртінші – Бейсенбі,
Жұма деген бесінші ұл
Алтыншы ұл - ол Сенбі
Жетінші – Жексенбі.
[С] дыбысы бар жануарларды көрсет Слайд
[С] дыбысы бар ыдыстарды көрсет Слайд
Суреттерді ата

«С дыбысы сөздің қай жерде» Слайд

Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау
1. Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2. Биыл жазда маса аз,
Маса азда,
Маза аз.

Кері қайту

Материал рейтингісі:



Тобы: ересек «Б» тобы

Тақырыбы: «Әріптер әлемі»

Мақсаты: балалардың дыбыс, буын, сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: балалардың дыбыс пен әріптің ажыратуын анықтау, дыбыстар туралы білімдерін бекіту, буыннан сөз құрауын жаттықтыру, сөз туралы білімдерін жетілдіру, сауат ашуда сөздік қорын байыту, ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру, ситуациялық жағдайлар арқылы балалардың ой – өрісін, қиялын, шығармашылығын дамыту, танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекі – құралдар: «Алты ойшыл қалпақ технологиясы бойынша ақ, қызыл, жасыл қалпақтар, мақал – мәтел, текшелер, үлестірмелі суреттер: ара, тон, лақ, сандық, «Сөзді нүктеден бастап сілтеме жолымен оқы» атты карточкалар, буындар, әріптер, қаламдар, ақ қағаз, «Сандар арқылы сөзді тап» ойын құралдары, интербелсенді тақта.

Ұйымдастыру формасы: жеке дара, топпен, үш шағын топпен.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

 

 



 

 

 



 

Ұйымдастыру- іздестіру

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Рефлексивті – түзетушілік

 Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң, балалар!

Балалар , біз бүгін әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. Сендер әріптер әлемін қалай елестетесіңдер?

«Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша жасыл қалпақпен жұмыс.

Жарайсыңдар, балалар.Әріптер әлемін өте қызықты елестеттіңдер.

Ендеше саяхатқа аттанайық. Жолда бізге үш аялдама кездеседі. Бірінші аялдама: «Күн аялдамасы», екінші «Көбелек аялдамасы», үшінші «Ұлттық өнер аялдамасы». Ендеше мына сиқырлы дөңгелектер арқылы үш топқа бөлінейік. (балалар бір текшеден алады, ондағы сөздерді оқып, «А» дыбысынан басталатын сөздің иесі күн аялдамасына, Ө дыбысынан басталатын сөздің иесі ұлттық өнер аялдамасына, ал Қ дыбысынан басталатын сөздің иесі көбелек аялдамасына барады.

Тапсырмалар: 1 аялдама  Дыбысқа байланысты, 2 аялдама  Буынға байланысты, 3 аялдама Сөзге байланысты. Қай топтың балалары заматта тапсырманы орындайды, мына белгімен өздерінің дайын екенін білдіруге болады( сигнал көрсету). Өз жауаптарымызды ақ қалпақ арқылы айтып береміз.

1.Дыбыс. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Бір бала тақтаға шығады, қалған балалар жеке – дара жұмыс істейді. А, Л, Н дыбыстарына жаңылтпаштар айту. «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша ақ қалпақ арқылы жауаптарын тыңдау.

2. Буын. Буын неден тұрады?  Буынға буын қосып, сөздерді оқы: А -НА; А-ТА; А-РА; А-ЛА;

Буындық талдау жаса. (ақ қалпақ арқылы жауаптарын тыңдау).

3. Сөз. Сөз неден тұрады?Сөзді нүктеден бастап сілтеме жолымен оқу. Сана, сула, ала, тау, тақ, тал, ору, қара,тон,нар,қала,сан.

Бір бала интербелсенді тақтада орындайды, қалған балалар карточкамен орындарында  жұмыс істейді.

Ойын: «Сандар арқылы сөзді тап.  Шешуін жаз».тақтамен жұмыс. Балаладың жауабы ақ қалпақ арқылы тыңдалады.

Музыка әуенімен балалар сергіту жасайды. Балалар орындарымен ауысады, 1 топтың балалары 2 топқа барып тапсырманы орындайды, 2 топтың балалары 3 топқа барады, тапсырманы орындайды, 3 топтың балалары 1 топқа барады, тапсырманы орындайды.

Ситуациялық жағдай: «Егер әріптер болмаса, не болар еді?» «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша жасыл қалпақпен жұмыс.

Балалар қол ұстасып, әрі қарай саяхатқа аттанады. Жолда оларға сандық кез болады. Оның ішінде карточкалар. Балалар бір – бір карточкадан алады. Онда жазылған сандар бар. Ретімен тұрып, керісінші жағында  не бар екенің  тәрбиешінің көмегімен оқиды.Мақал – мәтел: «Күш – білімде». Балалар, бұл мақал – мәтелдің мағынасын қалай түсінесіңдер? «Алты ойшыл қалпақ» технологиясы бойынша ақ қалпақпен жауаптар тыңдау.

Дұрыс, балалар, күш білімде дегеніміз, білімді адам сауатты, тәрбиелі, ақылды, парасатты, байсалды, ұстамды, іскер, адал болып саналады. Сондай адам болғыларың келеме? Әрине, біз бәріміз ақылды, білімді болып өсеміз.

Қорытынды:

Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Балалардың жауаптары қызыл қалпақпен тыңдалады.

Қандай аялдамалар кездесті?

(ақ қалпақпен жауап береді).

Сендерге не қиың, не оңай болды?

Бағалау. Балалар, сендер бүгін белсенділік таныттыңдар, өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Енді осы әріптер әлеміндегі ойыншықтардың біреуін алып, ойнауларыңа болады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Әріптер әлемінде қызыл және көк үйлер бар. Үлкен әріптер бір – біріне қонаққа барады. Кішкентай әріптер бір – бірімен тату ойнайды. Көк үйлер қызыл үйлерден көбірек. Көк үйлердің қасында көк түсті көліктер  тұр, қызыл үйлердің қасында қызыл автокөліктер бар. Айыру белгісімен жінішкелік белгісі ағалы – інілі. Олардың үйлерінің түсі қара. Барлық әріптер тату – тәтті өмір сүреді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ара деген сөзде үш дыбыс бар. Бірінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Екінші дыбыс Р – дауыссыз дыбыс. Үшінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Барлығы үш дыбыс бар. Бір дауыссыз, екі дауысты дыбыс. (тақтадағы бала қызыл, көк текшемен дыбыстық талдау жасайды), басқа балалар орындарындағы карточкамен жұмыс істейді.



Дыбысты біз естимыз, әріпті жазамыз,  көреміз, оқимыз. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз. Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке болады. Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұян, үнді болады.Жаңылтпаштар айтады:

Атам бақ аралады, ағам тал аралады. Апам көл жағалады, Асыл ат тағалады.Ләйлек лайға құлап лайланды, лайланған ләйлек лайда отырып жайланды. Наубайшы Науан нан пісірген. Нан пісірген наубайшы Науан нанға нәр берген.

2 топтың балаларының жауаптары:

Буын  дыбыстан тұрады.

Тақтаға шығып буынға буын қосып, сөздерді оқиды: Апа , аға, ару,ауа.

Сөз буыннан тұрады.

 

 

 



 

Егерде әріптер болмаса, біз өз атымызды жаза алмаушы едік. Егерде әріптер болмаса, дүкендердің, мектептердің, дәріхананың, театрлардың атауларын білмеуші едік. Егерде әріптер болмаса, қаламдар керек болмас еді. Егерде әріптер болмаса, қалалардың атауларын білмеуші едік.

Білімді адам – ақылды адам. Білімді адам – тәрбиелі. Ондай адамдар кішіпейілді, сыпайы болады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет