Күні:
|
6.12.16.
|
6.12.16.
|
Сынып
|
3 «А»
|
4 «А»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Кедей.
|
Жиб - Жица күресі
|
Мақсаты
|
1. Өлеңді түсініп оқып, мазмұндау. Оқушыларға С. Торайғыров туралы мәлімет беру. Ертеде халықтың басынан өткен ауыр заман туралы.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Отанын сүюге, батылдыққа тәрбиелеу.
|
1. Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3. Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.
|
Түрі:
|
Жаңа білімді меңгерту
|
дамытпалы сабақ.
|
Әдісі:
|
Класстер, «Ыстық орындық», « Молекула» ойыны. Жұптық . «Венн» диаграммасы. «Бес жол» өлең
|
Сабақтың барысы:
|
Оқушылардың зейінін, ынтасын сабаққа аудару.
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
«Молекула» ойыны. Ойының шарты: оқушылар сынып ішінде жүреді, мұғалім атаған сан бойынша бір-бірімен қосылады.
|
Үй тапсырмасын бекіту:
|
«Ыстық орындық» ойыны арқылы үй жұмысын бекіту. Оқушылар өткен тақырыбы бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
|
|
- Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай екен?
|
Мәтіннің негізгі ойы?
Естіген нәрсені үмытпай үшін неше мәселені сақтау қажет?
|
Жаңа сабақ
|
«Кедей» сөзіне ассоциацияларын жазу
-тамағы жоқ
Киімдері жыртық.
|
« Балуан» сөзіне асоциацияларын жазады.
1. заңғар күш иесі
2. Батылдық, алғырлық,
3. Қайратты, күшті
4. Отанын, жерін қорғаушы
5. Мықты, қайсар
6. Өжет, табанды
7. Ер, батыр
8. Алып күш
9. Күш атасы
10. Ерлік
|
Мағынаны тану
|
«Класстер» құру әдісі
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жұптық жұмыс.
|
Жұптық жұмыс.
|
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды.
(кластерді қорғау)
|
Қалмақан Әбдіқадыров.
- Автор туралы мәліметті тірек сызба арқылы айту
Әбдіқадыров Қалмақан (15. 4. 1901, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті — 30. 4. 1964, сонда) — ақын, жазушы, аудармашы. Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған (1925). Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен 1928 ж. жарық көрді[
Әбдіқадыров аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Шығыс әдебиетінің классиктері Әбілқасым Фирдоуси, Әлішер Науаи өлеңдерін (1948), қырғыз А. Тоқомбаев, орыс жазушысы В. М. Кожевников шығармаларын аударған. Ол тікелей парсы тілінен тәржімалаған “Мың бір түннің” 4 кітабы үш рет — 1949, 1955, 1962 ж. қайта басылды. Әбдіқадыров аудармасы әлемдік әдебиеттің алтын қазынасына жататын осы шығарманың ең үздік нұсқаларының бірі болып табылады. Жазушы жауынгерлік Қызыл Жұлдыз орденімен, марапатталған.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1886 - 1948 жж.) — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Тарихи деректерге сүйенсек, ол 1886 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
(кластерді қорғау)
|
Сергіту сәті.
|
Би «Қызыл өрік»
|
Оқулықпен жұмыс
|
Оқулықпен жұмыс
- Кәне олай болса кітабымызды ашып, өлең жолдарын екі жолдан тізбектеп оқып шығайық.
- Өлең жолдарынан не түсіндің сол туралы сұрау.
|
- Жоспар құру
1 бөлім: Қажымұқанның Жапон палуаны Сар - Кек – Ки - мен кездесуі.
2 бөлім: Палуандар арасындағы сайыс
3 бөлім: Қажымұқанның жеңісі.
|
Дәптермен жұмыс
|
Өлеңнің бірінші шумағындағы тірек сөздерді тауып, дәптерге жазу. Жазғандарын оқыту. Тірек сөздер - күзгі түн, ызғар, қырау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т. б.
|
«Бес жолды өлең» әдісі
Нұсқаулық:
1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.
2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.
3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз.
4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5. Соңғы сөз синоним болуы керек.
|
Ой қозғау
|
Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырыңдар.
Қазіргі кезде кедей адамдар бар деп ойлайсыңдар ма?
|
Бүгін кім жайлы білдік?
Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің?
- Қазір қандай палуан сайыстары өтіп жүр?
- Барыс палуандар сайысы өтеді.
|
Сабақты бекіту:
|
«Венн» диаграммасы
ұқсастығы
Күлпаш кедей
|
«Венн» диаграммасы.
Сар-Кек-Ки ұқсастығы Қажымұқа
|
Үй тапсырмасы.
|
55 бет .Жаттау.
|
Палуанның суретін салу. Оқу.
|
Бағалау
|
Оқушылардың белсенділіктеріне қарай бағалаймын
|
|
Бастауыш сынып мұғалімі
Туекпаева Асель Уралбекқызы
Шағын жинақты сыныптар
Қостанай облысы
Меңдіқара ауданы
Степанов ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |