Сабақтың тақырыбы: Кәрім Сауғабаев «Нан туралы өлең»



Дата29.03.2017
өлшемі91,74 Kb.
#12772
түріСабақ
Кудайбергенова Гульжамиля Мурзакановна
Ақтөбе қаласы,

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Әдебиеттік оқу 4 класс

Сабақтың тақырыбы: Кәрім Сауғабаев «Нан туралы өлең»

Сабақтың мақсаты: 1.К.Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңімен таныстыру ,мағынасын түсіндіру, қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсіндіру;

2.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге,еңбек етуге тәрбиелеу;

3.Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауысша сөйлеу мәдениетін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс,сөзжұмбақ шешу, полиглот.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,сөзжұмбақ, суреттер,

Сабақтың барысы

  1. Қызығушылықты ояту.

  • Психологиялық дайындық.

1-слайд

Күнге қолымды созамын

Күн жылуын аламын

Жүрегіме басамын

Айналама шашамын


  • Үй тапсырмасын тексеру

1.Асқар Тоқмағамбетов «Түлік туралы сабақ» өлеңін мәнерлеп оқыту.( әр топтан 1 оқушыдан оқыту)

2.Өткен сабақты қорыту мақсатында сұрақ-жауап.

-өлеңдегі балалар кімдер?

-Болат пен Марат негет аласты?



  • Топпен жұмыс. 2-слайд

-Болаттың сұрақтары:

1-топ: 1.Қойдың түрлерін ата. (қозы, марқа, , тоқты,саулық, бойдақ,құнан қой,дөнен қой,ісек, қошқар)

2-топ: 2.Сиырдың түрлерін ата.(бұзау, торпақ, баспақ)

3-топ: 3.Жылқының түрлерін ата.(жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті, ат)

4-топ: 4.Ешкінің түрлерін ата.(лақ, марқа, туша, бөрте, шыбыш, ешкі, серке, теке)

4-слайд.




Төрт түліктің пірлері

Оларды қалай шақырады?

Олар қалай дыбыстайды?

1-топ

Қой(Шопаната)

пұшайт-пұшайт




2-топ

Сиыр (Зеңгібаба)

аухау-аухау




3-топ

Жылқы (Қамбарата)

құрау-құрау




4-топ

Ешкі (Сексеката)

шөре-шөре




5-слайд. Төрт түліктің пайдасы туралы айту. (әр топқа плакат беру,ойларын жазады)

2. Мағынаны тану

Жаңа тақырыпқа кіру мақсатында сөзжұмбақ шешу.5-слайд


қ ұ л ы н


  1. Жылқының төлін ата.
    О й с ы л қ а р а


  2. Түйенің пірін ата.
    а й р а н


  3. Сиыр сүтінен не ашытады?

Олай болса, бүгін біз Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең»атты өлеңімен танысамыз. 6-слайд



  • Сауғабаев Кәрім (1941–2002)  20 қазандаҚарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу) ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді..Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып істеді. 
    Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Ақшақар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Балқантаудың басында. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Үшқара оттары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985. 



  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Оқушылар іштей оқиды.

  • 2 жолдан тізбектей оқиды.

  • Сөздікпен жұмыс.

  • 7-слайд

Зәмзәмсу-

Дастан-

Пірім –

Далбаса –

1.Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

2.Осы өлеңдегі негізгі ой не?

3.Нанның қандай пайдасы бар? (дәннің құрамында адам организімі үшін өте қажетті, әрі сіңімді крахмал, белок, май, қан болғандықтан, одан жасалған түрлітағамдар адамның күш-қуатының арқауы,дастарханның берекесі,тіршіліктің көзі )

4.Нанның қандай түрлерін білесің?

Нанның түрлері: 8-слайд


  • Табанан, бауырсақ (Қазақстан)

  • Каравай (Россия, Украина, Беларусь)

  • Лаваш (Кавказ)

  • Бейгл (США)

  • Брецель (Германия)

  • Юха (Азербайджан)

  • Топпен жұмыс.

1-топ:Нанның түрлерін ата.

2-топ: Нанның дастарқанға келуі.

3-топ: Тыйым сөздер. 1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3. Нанды аяқ астына тастама.

4-топ: Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастыру.

О ,адамдар!

... ... ақтаңдар,

... ... баспаңдар.

... ... ... ,

... ... сақтаңдар.

9-слайд. Полиглот. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1-топ: Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі- ... (нан- хлеб-bread)



2-топ: Дастарханында наны жоқтың

Тамағының ... жоқ (дәмі-вкус-tastl)



3-топ: Нан болса ... болады.(ән –музык-muzik)

4- топ: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса ... ( баспаңдар- ненаступать-donotvalk )



3.Ой толғаныс

  • Әр топты сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау, масақтар тарату.

  • Үйге : 256-257-беттер,өлеңді мәнерлеп оқу,өлең құрастыру.

  • Қорытынды .

Нан –дастархан құты. Нан – тоқтық , нан-байлық. Дастархан басындағы әрбір түйір нан қаншама адамның еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, тастауға, басуға болмайды. Жерде нан жатса,алып адам баспайтын жерге қою керек. « Егер менен Әлемдегі ең асыл не?-дей қалса «Нан»деп жауап берер едім. Себебі нан –әлемнің жарығы. Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады»деген екен Ыбырай Жақаев.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,



Торғайларғат астаңдар!

  • Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет