1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі» тренингін ұйымдастырады.
2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып қыздар мен ұлдар тобына бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.
3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық ситуация тудыру. Қолайлы психологиялық климатты құру үшін оқушыларды «Досыңды сезін ойынына шақырады.Оқушылар шеңберде тұр.Мұғалім әр оқушыға кезек-кезек оның ішкі сезімін білдіретін іс-қимылдар жасауын сұрайды.Қалған оқушылар олардың көрсеткен қимыл-дарын қайталап,не сезінгенін айтады.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өткен сабақтан қайталау сұрақтары қойылады:
1.Брейстроминг дегеніміз не? 2.Брейстроминг кезеңдерін атаңыздар.
Жұптасқан оқушылар қойылған сұрақтарды талқылайды,оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды.Оқушылар оның мақсат,міндеттерін болжайды.
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.Сабақта өткен материалды пайдаланып,мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Прототип жасау дегеніміз не?
2. Прототип жасау қандай қызмет атқарады?
3. Прототип жасаудың қандай түрлері бар?
2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы. Топтық жұмысты ұйымдастырыңыздар.
Сұрақтатрды талқылаңыздар және толық жауаптарын дайындаңыздар.
1.Не себепті прототип жасау маңызды?
2. Прототип жасауда неліктен кейбір жайттарды ескеру қажет?
3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы. 1.Бизнестегі прототип жасаудың рөлін талдаңыздар.Кестені толтырыңыздар.