Лексика және терменология: Стартап мәдениеті- стартап – култура-start-up-culture, тарату арнасы- канал распространение-distribution channel , прототип-прототип-prototype.
Құндылықтарға баулу
|
Тапсырмаларды орындау барысында жауапкершілікке, елжандылық, отансүйгіштік қасиетке, сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылыққа баулу
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Қиял әлемі», «Досыңды сезін», «Сұраққа тез жауап», «Джигсо», «Робин раунд», «Сен суретшісің», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
|
Қолданылатын ресурстар
|
Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қандай кәсіпорындар жатады
2. Орта кәсіпкерлік субъектісіне кімдер кіреді?
|
Сабақтың басы
( 5 мин)
|
1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі» тренингін ұйымдастырады.
2.Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды
3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Қолайлы психологиялық ахуалды құру үшін оқушыларды «Досыңды сезін» ойынына шақырады. Оқушылар шеңберде тұр. Мұғалім әр ойыншыға кезек-кезек оның ой-сезімін білдіретін іс-қыймылдар жасауын сұрайды. Қалған оқушылар олардың көрсеткен қыймылдарын қайталап, не сезінгенін айтады
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өткен сабақтан қайталау сұрағы қойылады:
1.Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қандай кәсіпорындар жатады?
2. Орта кәсіпкерлік субъектісіне кімдер кіреді?
Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |