IV Мәнерлеп оқу:
Интернатта оқып жүр
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват?
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы болсаңыз
Здравомыслящий
Ақыл айтпай ма ағасы?
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға.
Жанбай жатып сөнуге,
Қалай сабыр қыласың
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып-желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Қалайша, қайда енуге?
V Сөздікпен жұмыс:
Шариғат – Ислам дінінің заңы
Прошение – Арыз, өтініш (орысша)
Иждиһатсыз – Ынта, талап, жігер (арапша)
Виноват – Айыпты, кінәлі (орысша)
Здравомыслящий – Зерек, әр істі ақылмен ойлап шешетін адам
Кореннойға – Ежелгі, негізгі, тұрақты. Бұл жерде істің ең орындысын табу деген мағынада
Счетың – Есеп
Прямотой – Занимайся прямотой (орысша) – турашыл, батыл бол деген мағынада
VІ Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі қай жылы жазылған?
Негізгі тақырыбы қандай?
Ең алғаш қандай жинақта жарияланды?
Өлең қандай тілдерге аударылған?
VІІ Үйге тапсырма:
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Құрылысына қарай талдау.
VІІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 19.01.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның ғылым-білім, табиғат туралы өлеңдерін оқыту, мән-мазмұнын меңгерту. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқуға және әдеби теориялық талдауға бейімдеу;
Дамытушылық: оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: парасаттылық пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өзінше ой түюге баулу; ақынның өсиет сөздерінен нәр алу;
Сабақтың түрі: семинар сабақ.
Сабақтың әдісі: зерттеу, шығармашылық жұмыс, түсіндіру, ізденіс жұмыстары, сергіту сәті, жаңа технологиялар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар көрмесі, ақын туралы ой-пікірлер.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өлеңді жатқа айту.
2. Құрылысына қарай талдау.
Сұрақтар:
«Интернатта оқып жүр» өлеңі қай жылы жазылған?
Негізгі тақырыбы қандай?
Ең алғаш қандай жинақта жарияланды?
Өлең қандай тілдерге аударылған?
ІІІ Жаңа сабақ:
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Абай өлеңдерінің ішінде афоризмдік сөздер көп кездесіп жатады. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер-білімге, адамгершілік қасиеттерден мол үлгі алуға шақырады. Адам мінезіне жақсы қасиеттер үйірлетеді. Кез келген нәрсеге құмарта бермей, өмірде өз жолын табуға сілтей отырып, кімнің бойында әділеттік, мейірімділік, қайраттылық болса, мұндай қасиеттер оған жарасып тұрады деген ой айтады. Ол жастарға арнап көптеген өлеңдер жазған. Әр өлеңі нақылға, қанатты сөздерге бай. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның ерекше ескертуі бар. Ол – қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу. Ғылым жолы – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Олай болса, ақын өлеңін мәнерлеп оқып, жалпы талдау жасайық.
Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқимыз. Мазмұнына талдау жасап, тақырыбын, көздеген идеясын ашамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |