Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы



бет1/7
Дата01.04.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12792
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Абайтану 9 «А» сынып


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы



Сабақтың мақсаты: Абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түсіндіру

1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны туралы мәлімет беру. Қазақша сөйлеуге дағдыландыру

2.Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке баулу. Ақынның өмірін үлгі ете отырып тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.



II. Жаңа сабақ:

Сөздік жұмысы:

Ширақ, пысық-шустрый, расторопный, деловитый


ықпал-влияние


әкімшілік-билік жұмыстары-административно-управленческие работы


әлеуметтік-социальныйескіліктерден жеріну-отречься от пережитков прошлого


ру тартысы-родовое столкновение


өлмес әдеби мұра-вечное литературное наследие

көркемдік-художественный

тең дәрежеде пікір таластыру-спорить на равных

көзқарас-мировозрение


зеректік-сообраительность, смышленность


ерекшелену-отличаться




Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Абай бала кезінде елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесінтез ұғып алатын зеректігімен, ынталығымен ерекшеленген. Бала күнінен Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шөжелерді тыңдап өскен. Әкесі Құнанбай да өззаманының беделді адамдарының бірі болған. Құнанбай қажы «Ескітам» деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол «Ескітам» медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі «Ахмет-Риза» медресесіне береді. Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға» түсіп, онда қосымша үш ай орысша оқиды.

Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте көріп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алады. Сөйтіп, 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен,білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа хафи т.б. оқыса екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин мұраларымен де таныс болады. Батыс әдебиетінен Гете, Дж байрон сияқты ақындар шығармашылығына қызығушылық танытқан. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, көптеген туындыларын қазақ тіліне аударған.

Абайдың жас кезіндегі өлеңдері саққталмаған. 1864 жылы 19 жасында «Әліф-би» өлеңін жазады. Абай тек ақын ғана емес, сонымен бірге жүрек тербеген оқиғалы ғажайып әндер де шығарған композитор. Абайдың алғашқы өлеңдер досы Көкбайдың атынан жарияланады.Абайдың прозалық шығармасы-45 қара сөзі.

Абай 176 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз, 1 мақала жазған кісі еді. Ұлы ақын 1904 жылы 23 маусымда дүниеден озған. Бейіті- қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жидебай қонысында.Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Абай туралы даналық сөздерді оқу, мағынасын ашу.

III.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:


  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

  • Бүгін сабақта не білдіңдер?

  • Абай кім?

Рефлексия

Үй тапсырмасы: коспекті оқу, мазмұндау
Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты: Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы, рухани қажеттілігін түсіндіру

1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны туралы мәлімет беру. Қазақша сөйлеуге дағдыландыру

2.Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке баулу. Ақынның өмірін үлгі ете отырып тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

II. Жаңа сабақ:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы еді» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.



Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту.

2.Ақын тіл өнерінің құдіретін қандай жолдар арқылы суреттеген?

3.Өлеңде Абай өз заманының адамдары туралы қандай ой толғайды? Қандай қорытындыға келеді?

4.Ақынның қанатты сөздерге айналған жолдарын тауып, жұмыс дәптерлеріне жазғызу.

III.Қорытынды:Сұрақ-жауап:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Бүгін сабақта не білдіңдер?

Абай кім?

Рефлексия

Үй тапсырмасы: Баяндама жазу


Күні:

Сабақтың тақырыб: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білу

1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны туралы мәлімет беру. Қазақша сөйлеуге дағдыландыру

2.Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке баулу. Ақынның өмірін үлгі ете отырып тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

II. Жаңа сабақ:

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мүхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман-эпопеядан үзінді) жайлы түсіндіремін.

Мүхтар Әуезов Семейдің Абайында, қазіргішығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қасқабүлақ-Бөрілі аулында 1897 жылытуған. Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семйдегі, орсы гимназиясында, оны бітірген соң осындағы мүғалімдер семинариясында 4 жыл оқиды. 1922 жылы Ташкент Мемлекетік университетіне түсіп, 1923 жылы Петербург университетіне ауысып, 1928 жылы бітіреді.



Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады. Түңғыш жарық көрген еңбегі (1917ж.) «Адамдық негізі—эйел» деп аталады.

М.Әуезовтің қазақ эдебиетінің, үлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарык көрген.

Абай жөніндегі роман—сол кезеңде күллі дүние жүзіне көркем сөз кұдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ елінің эдебиетін, мэдениетін, эдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың эдебиетін мойындатқан туынды.

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып, соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мэліметерін қажетке жаратып, кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрсетуді мақсат түтты. ¥лы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерлерден аса сом түлғалы көркем бейне жасады.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы, саналы шығармашылық, жеке бас тіршілэігі молынан қамтылған. Абайдың балалык шағынн алынған эпизодтар жазушы киялы болғанымен де, бұл болашак азамат, ақын, ел ағасы, үлт қадірі Абайдың мінезін ашып, қалыптасу кезеңдерін суреттеу үшін алынған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын.

  1. Оқуніылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: «Біржан сал Абай ауылында» эңғімесін оқып, мазмұнын эңгімелеу.

III.Қорытынды:Сұрақ-жауап:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Бүгін сабақта не білдіңдер?

Абай кім?



Рефлексия

Үй тапсырмасы: Өлең жаттап келу


Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың мақсаты: Абайды тану, рухани қажеттілігін түсіндіру

1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны туралы мәлімет беру. Қазақша сөйлеуге дағдыландыру

2.Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке баулу. Ақынның өмірін үлгі ете отырып тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

II. Жаңа сабақ:

Ибраһим тобына
1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
Абай тобына


  1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

  2. Абайдың руы. (Тобықты)

  3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

  5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)

  6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

  7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)


Телғара тобына
1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)

3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқыту.

2.Ақын тіл өнерінің құдіретін қандай жолдар арқылы суреттеген?

3.Өлеңде Абай өз заманының адамдары туралы қандай ой толғайды? Қандай қорытындыға келеді?

4.Ақынның қанатты сөздерге айналған жолдарын тауып, жұмыс дәптерлеріне жазғызу.

III.Қорытынды:Сұрақ-жауап:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Бүгін сабақта не білдіңдер?

Абай кім?

Рефлексия

Үй тапсырмасы: Пікірлерді талдау

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

Сабақтың мақсаты: а) Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру,әдемілікті түйсінуге,туған жердің табиғатына қамқорлық жасау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті,суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,сөз өнері

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

А. Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу,көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу-білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.



Хронологиялық таблицамен жұмыс:

өлеңдері

Қара сөзі

поэмалары

күйі

176 өлеңі бар

45 қара сөзі бар

«Ескендір»

«Масғұт»


«Әзімнің әңгімесі»

«Май түні»

«Тор жорға»

«Абай желдірмесі»


Топпен жұмыс:

Талап еңбек өсек өтірік


Бес асыл іс

Бес дұшпан


Терең ой мақтан

қанағат


рақым еріншек бекер мал шашпақ
Кітаппен жұмыс: Оқушыларға өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқыту.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Абайдың табиғат лирикасының ерекшелігі неде?

  2. Абай жырларындағы ғылым мен білім туралы ойларына байланысты не айта аласыңдар?

  3. «Жігіттер ,ойын –арзан, күлкі-қымбат» -дегенде,нені мегзейді?

Үйге тапсырма: Коспекті оқу, Абайдың өлеңін жаттау.


Сабақтың тақырыбы: Абай және Батыс әдебиеті

Сабақтың мақсаты: а) Абайдың шығармашылығы туралы түсінік беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру,әдемілікті түйсінуге,туған жердің табиғатына қамқорлық жасау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті,суреттер т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,сөз өнері

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абай  және  орыс, Батыс  әдебиеті

1860жылдыңдың  аяғында  Абай  өзінің  білімінің  таяздығын  сезініп,  Семей  қаласындағы Гоголь  

кітапханасына  келіп  орыс, Батыс  классиктерінің   шығармаларын  өз  бетінше  ізденіп  оқи  бастайды.  Осы кітапханада Л.Н.Толстойдың  шығармаларын  оқып  отырған  Абай  Петербург  университеті  студенттерінің  саяси  ереуіліне  қатысқаны  үшін жер  ауып  келген  жартылыстанушы  ғалым  Е.П.Михаэлиспен  кездесіп, танысады, кейін  олар  айырылмас  дос  болып кетеді.  



Қараңғы түнде тау қалғып




     Ұлы Абайдың кәрі Шыңғыстауы өткен жылы тағы бір оқиғаға куә болды. Ұлы неміс Гете... Өрен орыс, Лермонтов... Дана қазақ Абай... Бұлар бірін-бірі әсте көрмеген, бірі бірімен әсте кездеспеген жандар. Көзінің тірісінде кездесе алмаған өнердің осы үш алыбы бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы Қарауылда бас қосты.

  Мәрмәр тақта-ескерткіш. Онда Абай, Лермонтов, Гете бейнелері жарқырайды. Әр бейненің астында қазақша, орысша, немісше қашалған сегіз жол өлең — Лермонтов аударған, Лермонтовтан Абай аударған Вольфганг Гетенің белгілі өлеңі: «Қараңғы түнде тау қалғып». Үш елдің үш ұлы перзентін бір өлең табыстырған.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал ғып

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол дағы,

Сыбдырламас жапырақ

Тыншығарсың сен дағы

Сабыр етсең азырақ.

  Аударып қана қоймай, әдейі арнап ән шығарған Абайдың сыйқырлы сезімге толы, лиризмге тұнып тұрған осы бір сегіз жолын қай қазақ білмейді?! Қай қазақ әндетпейді?!

  Адам тағдыры секілді өлең тағдыры да қызық. Бұл өлеңді Лермонтов немісшеден былай аударған:

Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихне долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы.

Подожди немного,

Отдохнешь и ты.

  Сыйқырлы Лермонтов қаламынан туған бұл жолдар керемет емес пе! Неміс тілін жетік білген Лев Толстой осы аударманы неміс тіліндегі түп нұсқадан әлдеқайда көркем деп бағалаған. Түпнұсқадан Лермонтов аудармасы асып тұрса, Лермонтов аудармасынан Абай аудармасын әсте кем дей алмайсың. Сап алтыннан құйылып түскен сұлу да мінсіз мүсін секілді емес пе!

Шашау шыққан бір сөз жоқ. Түн басқан тау келбеті, жым-жырт дала келбеті қандай ғажап! Шаң шығармайтын жол мен сыбдырламайтын жапырақ көңіл күйін тыныштыққа шақырып тұрған жоқ па?! Лермонтов аудармасының бүлк-бүлк соққан тамырын Абайдың айнытпай дөп басқандығы соншалық, содан бергі өткен жүз жылдан астам уақыт ішінде қазақтың мен тіл білем деген бірде-бір өнерпазы бұл өлеңді қайта аударам деп қарекет жасамаған. Ондай ақын келешекте де шыға қоймайтын шығар деп шамалаймын.

  Бір қызығы, мамандардың айтуынша, Лермонтов Гете өлеңін өз көңіл күйіне әуендестіріп өзгертіңкіреп еркіндеу аударған секілді. Содан ба әлде өнер салыстыру мақсатымен бе, әйтеуір, орыстың тағы бір сөз сиқыршысы Валерий Брюсов те бұл өлеңге аянбай тер төккен.

Брюсов аудармасы мынадай:

Навсех вершинах —

Покой;


В листве, в долинах

Ни одной


Не дрогнет черты;

Птицы спят в молчании бора.

Подожди только: скоро

Уснешь и ты.

  Бұл аударма, неміс тілін білетіндердің айтуынша, рифма, өлшем, рухы жағынан түпнұсқадан айнымайды екен. Сөйтсе де Лермонтов аудармасы жұрт құлағына сіңіп, оқырман қауымға кең тарап, етене жақын болып кеткендіктен, елеусіз қалып қойған. Егер қазақ ақындарының ішінен сондай бір өлермен шыға қалса, қанша дарынды болса да Валерий Брюсов кебін кимейді деп ешкім кепілдеме бере алмайтын шығар.

  Гете өлеңінің тарихы мұнымен бітпейді. Ол жөнінде «Наука и жизнь» журналы өзінің сексен үшінші жылғы бір санында мынадай қызық фактыны келтіреді: бір мың тоғыз жүз екінші жылы Гете өлеңі жапон тіліне аударылыпты. Арада тоғыз жыл өткенде Қиыр Шығыс халықтарының поэзиясына көңіл қойып жүрген бір француздың жапон тіліндегі осы өлеңге көзі түскен ғой.

  Авторының кім екені айтылмаған ба әлде өзі аңдай алмай қалған ба, қайтсе де жаңағы кісі оны жапон өлеңі деп танып француз тіліне аударады. Одан кейін жапон өлеңі болып кетеді де, енді француз тілінен қайта неміс тіліне аударылған ғой. Сонда Жапония мен Франңияны аралап өз еліне оралған Гете өлеңі мынадай болып шыққан. 

Ләулік тасты отырғышта тып-тыныш,

Қарғалар үнсіз ұшады.

Қар басқан шие ағаштарына

Ай жарығымен.

Мен отырмын.

Және жылаймын.

(жолма-жол аударма)

  Өлеңнің өзгеріп кеткені соншалық, мұның негізі Гетеде жатқаны немісшеге аударған адамның түсіне де енбеген.

  Қарауылда арнап ескерткіш-тақта орнатылған Гете өлеңінің тарихы міне осындай.



 

Үйге тапсырма: Коспекті оқу, Абайдың өлеңін жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты: білімділік – Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып оқытып оқушы бойына дарыту,өлең мен қарасөздерінің мазмұн бірлігін,сабақтастығын түсіндіру;

дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;

тәрбиелік – ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып оқушыларды адами қасиеттерге баулу,ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі карточкалар, буклет,журналдар.

Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,талдау,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай өлеңдері мен қарасөздерінен даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады.Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып еске түсіру керектігі айтылады.

ІІ.Өтілген материалды қайталау. Балалар,біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана да дара ұлдарының бірі Абай Құнанбайұлына арнамақпыз.Жыр алыбы Жамбыл Абай суретін көргенде:

Мына тұрған Абайдың суреті ме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне, - деп айтқан екен.Абай туралы білетінімізді ортаға сап,өлеңдерін жатқа оқып,терең ой салар қарасөздеріне үңілейік.


  1. Абай кім? Ол қай жерде туған? Қай жерде оқыған?Абайдың әкесі кім,ол қандай адам болған?Абай ертегі,жырларды кімдерден тыңдап өсті?Абай өлең жазумен ғана шұғылданды ма? т.б.

  2. Абайдң қандай өлеңдерін білеміз?Сол өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып көрейік.

ІІІ. Жаңа сабақ ғылым,білімге шақырған өлеңін талдаудан басталады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде неге асық болу,неден қашық болу керек екендігін санамалап көрсетелік» дей отырып,қарасөздерімен салыстыра отырып талдау.

1. Талап – 44-қарасөзі 2. Еңбек – 2-қарасөзі 3. Терең ой – 9-қарасөзі 4. Қанағат – 10-қарасөзі 5. Рахым – 17-қарасөзі.

- Міне,бұл бесеуі адамның асық болатын,үйренетін бес асыл іс екенін Абай ата өлеңінде көрсетсе,өзінің қарасөздерінде ой түйіндеп осылар туралы тағы да айтып өтеді.Ал кәнеки осыларға көз жүгіртелік.

44,2,9,10,17-қарасөздерін оқушылар кезектесе оқып,түйінін ашып,өз ойларын айтады.

Дәл осылайша адам баласының аулақ жүретін бес дұшпанын санамалап,оны қарасөздердегі айтылатын ой-түйіндермен жалғастырып талдайды.

Өсек пен өтірік – 2-қарасөзі,мақтаншақ – 38-қарасөзі,еріншек – 38-қарасөзі.

Қарасөздері мен өлеңдегі өмір сүруді үйрететін нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін оқушылар өз ойларын айта отырып ашқаннан кейін шығармашылық жұмысқа жұмылдырылады. «Атадан ұл туса игі» тақырыбында ой-толғаныс (эссе) жазғызу.Абайға еліктеп қарасөз жазуларына да болады.

IV. Қорытынды. – Балалар,Абай атамыздың асыл сөздерін,өлеңдерін оқи отырып бүгінгі сабақта не үйрендік?Абайды біз кім дейміз?

Осы сұрақ бойынша оқушылар дәптерлеріне топтастыру жүргізіп жазады.

Абай:ұлы ақын,ғалым,философ,көркем әдебиеттің темірқазығы т.б.

V.Білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: 17-қарасөзін оқу,үзіндіні жаттау,9,10-қарасөздерін қосымша оқу.

«Адамның бекер мал шашпағы» жайында Абай атаға еліктеп қарасөз жазып келу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

Ұлы суреткер

Сабақтың мақсаты:

а) А.Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақынның өмірі

І деңгей /міндетті деңгей/

1. Абайдың әкесі кім?

А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай

2. Абай қай жылдары өмір сүрді?

А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906

3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім?

А) Әбдіжаппар В) Ғабулжаппар С) Ахмет-Риза Д) Әбдірахман

4. Абай болыс блды ма?

А) Жоқ В) Иә С) мүлдем Д) ешқашан

5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров

6. Сөзжұмбақты шешіңдер.










1







А
















2













Б

























3

А
















4

Й
















1) Құнанбайдың Абайға еркелетіп қойған аты? /қарашұнақ/

2) Абайдың үлкен әкесі,атақты би /Өскенбай/

3) Абай қай айда туды? /тамыз/

4) Абайдың әйелі. /Әйгерім/

ІІ деңгей /алгаритімдік деңгей/

1.Абайдың шын аты кім?

А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали

2. Әкесі Абайды неше жасында оқуға берді?

А) 9 В) 10 С) 11 Д)12

3. «Кәрі әже» ауылдың кімге қойған аты?

А) Ділдаға В) Зереге С) анасы Д) немересі

4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі

5. Абай қай рудан шықты?

А) Арғын В) Тобықты С) Шекті Д) Найман

6.Абай кім?





Абай кім?



ІІІ деңгей /эврестикалық деңгей/

  1. Абайдың Ұлжаннан туған ағасы кім?

А) Құдайберді В) Тәңірберді С) Оспан Д) Ысқақ

2. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?

А) 1907 В) 1908 С) 1909 Д) 1910

3. Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-деомакрат кім?

А) Крылов В) Лермантов С) Пушкин Д) Михаэлис

4. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?

А) шырын В) Шынар С) Шүкіман Д) Шырайлы

5. Құнанбайдың замандас құрдасы Тана мырзаның мешіт салдырған жерін анықтаңыз.

А) Үржар В) Семей С) Көкпекті Д) Алматы

6.Абайдың қандай ақын шәкірттерін білесіңдер?



IV деңгей /шығармашылық деңгей/

Кестені толтырыңдар.

Абай шығармаларын Мұхтар Әуезов

5 түрге жіктейді



Абай шығармаларын сен неше түрге бөлер едің?

  1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері

  2. Абайдың лирикасы

  3. Абайдың поэмалары.

  4. Абайдың аудармалары

  5. Абайдың қара сөздері





Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.
Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Сынып 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ .

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алады, Абай өлеңдерін терең меңгертеді, мәнерлеп жатқа айтады.

2. Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамытады.

3.Тәрбиелік : Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіреді.

Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаевтың портреті, слайдтар,

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс әдебиеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу

Топқа бөліп отырғызу

Сабаққа дайындықтарын тексеру
«Қызығушылықты ояту.»

«Абай кім?»тірек сызба бойынша сөйлейді.

Абай

Ақын Жазушы Сазгер Аудармашы


Мұғалім сөзі: Негізгі күн көрісі мал болғандықтан, соның жайын ойлап, сай-сала, ықтасынды паналаған көшпелі қазақ елінің қалың қар, қақаған аяз, ақ түтек бораннан көрген азабы аз болмаған.

Ұлы ақын , міне, сол қазақ үшін қаҺарлы маусымға да «Қыс» деген өлең

арнаған. Ал қысты адам кейпінде, адам бейнесінде суреттеу ұлы Абайға дейін болмаған.

Ақ киімді, ақ сақалды, үсті –басы ақ қырау, алып денелі соқыр, мылқаудың басқан жері сықырлап келіп қалды, әрі сондай қорқынышты болса, әрі сондай әсерлі, бейнелі.


Жаңа сабақ. « Мағынаны таныту»

Сөздікпен жұмыс:

Түсі суық- суровый вид

Сықырлау-скрипеть

Бұлт –туча

Қасы-брови

Сілку- трясти

Алты қанат үй шайқалды - раскачалась шести крылатая юрта
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс:

Шидем-қойдың терісінен тігілген тон

Алты қанат ақ орда- киіз үй
Өлеңін мәнерлеп оқу : А.Құнанбаев « Қыс»

1-тапсырма:

Өлеңді суреттеу



2-тапсырма: Аудармасын тап.

Дұрыс аудармасын тап.Екі топқа орыс халқының ақындарының өлеңдерінен үзінді беру.



3-тапсырма:

Суретпен жұмыс. Абай атамыз суреттеген қысты табады.



4-тапсырма: Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Бекіту:


Абай

Пушкин

Оқушы











Сабақты қортындылау. «Ой- толғау»

Ал, балалар біздің жерімізді халық «ұлылар мекені»- деп бекер айтпаған. Осы жерде ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың өмірге келуі - сирек құбылыс. Бұл өңірде бұдан бұрын да атақты адамдар өмір сүрген.

Осы Семейде туған қандай атақты, ұлы адамдарды білеміз?

Абай атамыз туралы не білдік?



Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттап келу.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!
Абай тереңіне үңілу

Сабақтың мақсаты: І.Білімділік.Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекіту, қортындылау.

ІІ.Дамытушылық.Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.

ІІІ.Танымдық. Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақ әдісі:аралас, панорамалық.

Түрі:қазына сабақ.

Көрнекілігі:ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, сабақ жоспары, эпиграф жазылған плакат беттер, газет журнал материалдары, фотосуреттер, ақын шығармашылығына арналған папка, кітап көрмесі, сөзжұмбақ, тест материалдары.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру.

ІІ.Кіріспе.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.

Абайдың суретін көрген ол:

Мына тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?-деп айтқан екен.( сабақтың басталуы-слайд) көрсетіледі.

Сабақ жоспары


І.Абай -сазгер

ІІ. Абай-аудармашы

ІІІ.Абай –қарасөз шебері

ІҮ.Абайдың –табиғат лирикасы

Ү. Әдеби теориялық талдау

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

ҮІІ.Қортындылау

Үй тапсырмасы бойынша Маржан слайд арқылы ( 92Е8) Абайдың өмірбаянымен таныстыру.


1.Сабақ жоспары бойынша Құндыз дайындаған материалдарымен таныстырады.(слайд І-ІІ бөлім)
2.Абай-аудармашы бөлімі бойынша Құндыз таныстырады. Соңында «Татьянаның хаты» әнін орындайды.
3.Мұғалім: «Абай-бүгінгі адамға қажетті сауатты, ерекше білімді уағыздың иесі...Хакім Абайдың қарасөздкрі адам туралы ғылымның көркем сөзбен баяндалуы» дейді ғалым А.Ісмақова.

Ары қарай Ауғанбай дайындаған материалын Абайдың қарасөздері слайды арқылы таныстырады.


4.Мұғалім: -Абайдың орыс поэзиясынан алған тағы бір үлгісі-табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп , өмір сүретін ортасы.Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған.Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған.Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» атты табиғат лирикалары бар.Абай қыс табиғатын бұдан өзгешелеу стильде суреттейді. Бұл нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туылған өлең. Абай қысы: Н.Некрасовтың «Аяз атасы» тәріздесБұл өлеңінде Абай қысты бейнелей келе көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін, кедей үйлерінің тұрмысын көрсетеді. Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып.Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Енді оқушылар өлеңдерінің шығу тарихымен слайд арқылы таныстырады.(Маржан Еламанғ Ақжол, Құндыз)
Абайдың «Қыс» өлеңі оқылады.(оқушы оқиды)

«Қыс «өлеңінің шығу тарихы Абай ізбасарларының бірі Тұрағул өз естелігінде : «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында кеткен. Соны өлең «етке» делінген.


«Жаз» өлеңіндегі ауыл-Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы –Абайдың Әбдірахматпен алған аяңшыл Күреңтөбел аты.Айқайшы шалы –сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары –Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.
«Жазғытұры» өлеңінің шығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде : «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді. 1886 жылдың жазында ел жайлауға шықты.Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп : «Осы суретті өлең қыл» деді. Мен біраз өлең қылып едім , жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жиналған соң, Абайға келіп едім: « Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой » деді. Мен « Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес. Енді ретін тауып өзіңіз қайырып алыңыз » деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні « Жазды күн шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне өзі аз да болса қанағат қылғаныны көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып : Сен соғымыңа бір ту бие ал , ал мен енді өлеңімді өзім алайын » деді.
5.Сатылай кешенді талдаумен Қазақ тілі ,әдебиет сабақтарында «Жазғытұры» сөзіне талдау жасау.(слайд –сатылай кешенді талдау)
6.Бес жолды өлең. Әр оқушы мына ережелерді сақтай отырып 5 - жолды өлең құрастыруы қажет.1. зат есім.2.2-сын есім 3-3- етістік.4 - 4-жолдан тұратын сөйлем.5.синоним сөз. Оқушылар өздерінің жазғандарын ұжымда оқып талқылайды. Бұл кезеңдегі әр жұмысты өзінің бағалауы, топтың бағалауы, қорытындыланып бағаланады.
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне өзі орнатып ескерткішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырған келешекке

Біздермен осы күнгі тербеткен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан ізденуден жалықпайық.

Үйге тапсырма: « Абай-қазақ поэзиясының асқар биігі» шығарма жазу.

Еңбектерін бағалау.


Каталог: uploads -> doc -> 061a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
061a -> «Қазіргі жастар тілінің СӨйлеу ерекшеліктері» (тіл секциясы, ағылшын тілі) Орындаған
061a -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфиллин Ақсақ киік Сынып: «3»б мақсаты: Жаңа тақырыптың идеясын ашу, мазмұнын түсіну Міндеттері
061a -> Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану. 1 слайд. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады слайд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет