Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы



бет2/7
Дата01.04.2017
өлшемі2,13 Mb.
#12792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Абай Құнанбаев


Данышпандардың бәрі – ақын емес,

ақындардың бәрі – данышпан емес,

Абай солардың екеуі де болады.



С. Мұқанов


Абай Құнанбаев – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұлы ақын, философ, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірі болып саналады.

Абай – үлкен өнерпаз, оның сазгерлік өнері де болған. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», т.с.с. әндері ақын өзі айтқандай, «құлақтан кіріп, бойды алар».


Абай

Ұлы ақын халықтың болашағы – жастар деп оларға арнап бір топ өлеңдер жазған. «Ғылым таппай мақтанба» (1886 ж.) деген өлеңі жасөспірімдерді өнер-білімге шақырады. Жастарға ғылым жайын түсіндіріп, оның тек еңбекпен, талаппен келетіндігін ескертеді. Нағыз ғылым жолына түскен адам өз бойына бес нәрсені жинау керектігін айтады.




  • Ақын қандай қасиеттерге асық бол, ал қандай қасиеттерден қашық бол дейді?

Асық бол Қашық бол

____________________________ _____________________________

____________________________ _____________________________

____________________________ _____________________________

____________________________ _____________________________

____________________________ _____________________________


  • Сұрақтарға жауап беріңдер:

    1. Абайдың табиғат мерзіміне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

    2. Абайдың жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыратын қандай өлеңдерін білесіңдер?



      • Өлең жолдарын қалай түсінгендеріңді жазыңдар:




Цитата

Комментарий


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...






Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.






Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.





Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!





қырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.





Сибакова Алмагүл Тұрсынбекқызы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты: Абайдың қарасөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып түсінеді.

Міндеттер:

*Мазмұнға байланысты міндеттер:

* Қарасөздердің мазмұнын ашады.

* Қарасөздерді өлеңдерімен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады .

* Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:

* Қарасөздерді оқып, негізгі ойды табады.

* Мазмұнын ашып, айтып бере алады.

* Өлеңдерімен салыстырып, қорытынды жасай алады.

* Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:

* Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін

көрсете алады, өлеңмен салыстырады, қорытынды шығарады.
Сабақтың барысы:


  • Қызығушылықты ояту

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1.Абай өміріне байланысты сөзжұмбақпен жұмыс.

2.Топтастыру .


  • Мағынаны таныту

Жаңа тақырыпты меңгертуге бастапқы қадам.

* Мұғалімнің кіріспе сөзі.

...Абайдың қарасөздерінің тақырыбы әр алуан. Оның бәрін бір сабақта қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі сабағымызда негізгі Абайдың 3 тақырыпқа топтастырылған қарасөздері мен оған тақырыптас өлеңдеріне тоқталамыз (әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары,адамның мінездері, ғылым,өнер жайындағы ой пікірлері).


  1. «Жүрек» тобы: әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары

  2. «Қайрат» тобы: адамның мінез-құлық, ерік- жігері туралы ой толғамдары

  3. «Ақыл» тобы: білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлері

  4. «Ғылым» тобы: қарасөздерімен мәндес, мағыналас өлеңдеріне талдау


«Жүрек» тобы әлеуметтік болмыс жайындағы қарасөздеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы осы қарасөздеріне мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.


«Ақыл» тобы білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы «Интернатта оқып жүр» өлеңі бойынша талдау жасайды.

Ақын ғылым жайлы қарасөздерінде «Оқу керек,оқығанды көңілге тоқи білу керек. Оқып-білім алу үшін әуелі талап керек» десе, 38-сөзінде «Білімсіздік хайуандық болады. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады» дейді.

Адамда кездесетін осы мінездер жайлы «Қайрат» тобының мүшелері сөйлейді. «Ғылым» тобы мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.

Мұғалім: Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қарасөздерінде де көрініс тапқан. Абай- өз заманының биік парасат иесі ғана емес бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға.


  • Екі түрлі түсінік күнделігі. (стратегиясы)


Мәтіннен үзінді

Пікір







, Бірнеше оқушы өз пікірлерін оқиды.




  • «Қарасөзге» бес жолды өлең.

сын е сын е

ет ет ет

сөз тіркесі (4 сөз)


  • Соқтықпалы, соқтықпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай есімі ешқашан өлмек емес. Абай тірі, өйткені оның шығармалары мәңгі жасай бермек.




  • Сауаттылық хаты.

Абай атамызға хат жазып көрелік.

Бірнеше оқушыға хаттары оқытылады.


Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын коп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

деп ақын өзі жырлағандай, артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес.

Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем.




  • Кері байланыс парағын тарату.

Оқушыларды бағалау.

Қайырбаева Сәуле Рысбекқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласындағы № 30 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай – үйі

(9-сынып)



Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай- үйі туралы толық мәлімет беру; Оқушылардың сөздік қорын молайту, Абай туралы білетін білімдерін жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, тақырыпқа байланысты өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру; рухани – эсетикалық талғамын дамыту, бүкіл әлемге танымал ұлы ақын - жерлесіміздің өмірімен таныса отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрінекілік: Бейнефильм, суреттер, тірек – сызбалар.
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1. Түгендеу

2. Топқа бөлу

3. Сабақтың мақсаты мен міндеті

І. Абай туралы не білеміз? / Оқушылар Абай туралы не білетінін айтады, мұғалім тақтаға жазады/
Осы айтылғандарды мынандай топқа жіктейік


өміріне байланысты

шығармашылығы

заттары









Мұғалім осы топтарда жазылған сөздер бойынша оқушылардың Абай тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды

  • Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  • Абайдың туындыларын ата

  • Абайдан қалған мүлік, заттар бар ма ? Бар болса, оларды қайдан көруге болады?

ІІ. Жақсы , балалар, дұрыс айтасыңдар Абайдан қалған мүлік, заттарды мұражайлардан көруге болады. Бүгінгі сабағымыз: Абайдың мұражай – үйі.

1. Оқулықтың 98- бетін ашып, мәтінді оқып шығып, қандай сөздер сендерге түсініксіз?

/ оқушылар топта жұмыс істейді/ Бірлесе отырып, жаңа сөздерді айқындаймыз.

Замандастар – современики

Пішіні – форма

Дәліз- коридор

Кіреберіс- прихожая

Өлкетану- краеведческий

а.Сөздердің жасалу жолына тоқталу. Сөз құрамына талдау.

б.Жаңа сөздерді қолданып, сөйлем не сөз тіркесін құру



Асадал, кебеже, қазанаспа, самаурын- деген сөздердің мағынасын, көнерген сөздер екенін мұғалім түсіндіріп, суреттерін көрсете кетеді.

Көнерген сөздер:



Асадал- ыдыс салатын шкаф

Кебеже- тамақ салатын шкаф

Қазанаспа-

Самаурын-

2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.

/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

3. Дәптермен жұмыс. Сөйлем мүшесіне талдау .

1.Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізді.

2. Топтағы балалар 1,2,3,4,5 сандарына саналады.

1-шілер зат есім

2-шілер сын есім

3-шілер етістік

4- шілер есімдік

5-шілер етістікті жоғарыдағы үш сөйлемнен теріп жазады.

Қай сөз таптары жоқ?- деген сұраққа ауызша жауап береді.

4. Бейнефильм көреміз. / Жұмажанова Т. Қ. Электрондық қазақ әдебиеті оқулығындағы Абайдың мұражайы/

ІІІ. Үш топқа Абай мұражайын таныстыру тапсырмасы беріледі.

1-топ оқушыларға таныстыру керек, 2 –топ шетелдіктерге, 3- топ ақсақалдарға таныстырады



/ Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды/

Мұғалімнің сөзі:Абай мұрасы- қазақ халқының қазынасы. Замандар ауысар, біреулер келер, біреулер кетер бұл өмірге, бірақ қазақ халқы, тіпті бүкіл әлем үшін Абай есімі мәңгілік.

Елбасымыз Абай туралы былай деген екен:

«.....Менің балаларыма, ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» Нұрсұлтан Әбішұлының осы айтылған сөздеріне не негіз болды? Қандай өсиет келешек ұрпаққа айтқысы келді? Қандай ой салды сендерге?- деген сұрақтарға үйде жауап іздеп келіңдер. / әрбір оқушыға Елбасының айтқан сөздері жазылған қағаз үлестіріледі/ Үйге тапсырма :Семейдегі Абай мұражайы туралы мәлімет жинау.

Абай дәстүрі және Шәкәрім». Алиева Маржанкүл Әбитбекқызы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы А.Байтұрсынов атындағы №83 жалпы орта мектебінің қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «Абай дәстүрі және Шәкәрім»

Сабақтың білімділігі: Шәкәрім реализмі – Абай реализмінің заңды жалғасы екендігін, яғни Шәкәрім Абай Құнанбаевтың реалистік дәстүрін, стилін әрі қарай жалғастырушы екенін жан-жақты салыстыра отырып, оқушыға байқату, ұқтыру, түсіндіру, қортындылау.

Тәрбиелігі: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Шығармашылығы: Абай, Шәкәрім шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:


  1. Абай портреті

  2. Шәкәрім портреті

  3. Абай шығармаларының жинағы

  4. Шәкәрім шығармаларының жинағы

  5. Абай, Шәкәрім өлеңдерінен үзінділерді жазылған сөздер (таблицалар)

  6. Қазақстан картасы – Семей

  7. Магнитофон. Әндер. Абай, Шәкәрім әндерінің касетасы

  8. Видиокасета. Теледидар. «Абай ұрпағының қасіреті». Мәриям Мұхам-меджанова баяндайды. Абай туралы

  9. Абай және Шәкәрім ата – тегі жайлы схема

10. Шығыс ақындары шығармаларының жиынтығы

11. Орыс ақындары А.Пушкин, Ю.Лермонтов, И.Крылов, Л.Толстой портреттері.



  1. Сөзжұмбақ. «Шәкәрім Құдайбердіұлы», «Абай Құнанбаев»

Оқушылар шығармашылығы.

Пәнаралық байланыс: Ән, география, тарих.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру, сабақ мақсатымен таныстыру. Сыныпты 3 топқа бөлу.



ІІ. Жаңа сабақ:

«Абай дәстүрі мен Шәкәрім»

ІІІ. Құдайбердіұлының шығармашылығын қортындылау.

І-бөлім

Ақындар жайлы мағлұматтар. Сабақты Шәкәрімнің «Жастарға» деген өлеңін жатқа айтқызудан бастадым.

Үзінді:

Кел, жастар, біз түрлі жол табалық,



Арам, айла, зорлықсыз мал табалық

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық...

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалынарлық Абайға, жүр, барарлық.

Ол өлеңде жастарға өшпес өмір, таусылмас мал берелік бір білімді данышпан табалық дей отырып, өлеңде нағыз ғалым, данышпан Абай екенін айтады.

Мынау кімдер? Оқушылар айтады:

Абай, Шәкәрім портреттін көрсету. Абай мен Шәкәрімнің ата-тегі жайлы схеманы көрсете отырып, оқушыларға айтқыздым. Қазақстан картасынан кәне қайсың Абай, Шәкәрімнің туған жерін айтып, көрсетесіңдер дей отырып, оқушыларға айтқызып, көрсеткіздім.

Абай, Шәкәрім шығармалары жинағын көрсету.

Абай қандай шығыс ақындарын оқыды?

Шәкәрім қандай шығыс ақындарын оқыды?

Олар Физули, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фердаусиді оқыды. Шәкәрім Физулидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын аударды.

Абай қандай орыс ақындарын оқыды, аударды?

Пушкин, Лермонтов, Крыловтың поэмаларын көп аударды.

Шәкәрім қандай орыс ақындарын оқыды, аударды?

А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Н.Некрасов шығармаларын оқыды. А.С.Пушкин, Л. Толстойдың шығармаларын аударды.



ІІ-Бөлім.

Әдебиет теориясы

Өлең тақырыптары, өлең құрылысы, тілі жайлы

Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық

Шәкәрім поэзиясы - өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден – бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақыл мен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер - ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды.

Абайдың осы тақырыптағы қандай өлеңдерін білесіңдер, атап жіберіңдер дегенде оқушылар:

«Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әр неге», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерін атайды.

Ал бұл тақырыпта Шәкәрімнің жазған өлеңдерін ата дегенде оқушылар «Жастарға», «Ашу мен нысап», «Талап пен ақыл», «Насихат», «Сен ғылымға», «Адам немене?» т.б. өлеңдерін атады.

Ғылымның артықшылығын көрсететін Абайдың бір өлеңінен үзінді оқыңдар дегенде оқушылар «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен мына үзіндіні оқыды.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба...

Ойнап босқа күлуге ...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рахым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп...

Шәкәрімнің өлеңдерінен ғылымның артықшылығын көрсететінін бір үзінді келтіріңдер дегенде оқушы «Ашу мен ынсап» өлеңінен үзінді оқыды.

Ей, еріншек, жүзі қара

Не қылмадың сен маған?

Сенің қылған ісің ғой,

Қаракетсіз надан ғой,

Ел саңырау надан ғой,

Құлағы мен көзін аш,

Оқу оқыт, ғылым жай,

Насихатты сөйтіп шаш.

Газетке жаз кітап жаз.

Бастыр, оқыт, қазаққа...

Өлең құрылысында қандай ұқсастықтар бар. Абай мен Шәкәрімнің өлең құрылыстарына келейік. Шәкәрім Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы дедік.

Онысын өлең құрылысын салыстыра отырып та байқаймыз, көз жеткіземіз. Абай қазақ өлеңдеріне таза 8 буынды, 6 буынды, аралас ұйқас буынды өлеңдердің бірнеше түрін, сондай – ақ шалыс, егіз, аралас түрлерін кіргізгенін, сондай ақ Шәкәрімде осындай 8, 6 буынды өлең түрлері бар екенін көреміз деп оқушылар жауап берді.

Нақты мысалдар келтіріңдер, өлең үзінділерінен дегенде Абайдан 6 буынды өлең түрінен мына үзіндіні оқыды.

1- оқушы:

Қара сөз, имек қас - А

Қараса, жан тоймас - А

Ауызың бал, қызыл гүл - Б

Ақ тісің кір шалма - А

8 буынды өлең түріне мысал келтір дегенде 2-оқушы мына үзіндіні оқыды.

Есіңде бар ма жас күнің - А

Көкірек толы, басың бос - Б

Қайғысыз, ойсыз, мас күнің - А

Кімді көрсең бәрі – дос - Б

Абайдың бұл өлеңдері қанедай ұйқаспен жазылған?

3-оқушы:

Алдынғы өлең қара өлең ұйқасымен, соңғысы шалғыс ұйқаспен жазылған деді.

Дәл осындай буын сандары, өлең ұйқастары Шәкәрімде қалай берілді, қане қайсың айтасыңдар?

Оқушылар мына үзінділерді оқыды:

Абайша таза 6 буынды өлең үзіндісі

Жібектей қап – қара - А

Таралған шашың бар - Б

Бұлдырсыз тап – таза - А

Жаралған басың бар - Б

Абайша таза 8 буынды өлеңнің үзіндісін айтыңдар.

Қазақтың жаманы болмас - А

Жаманның аманы болмас - А

Бірігіп іс қылатұғын - Б

Түзелер заманы болмас - А

Өлең ұйқастары Шәкәрімге қалай берілген?

Алдыңғы өлең шалыс ұйқаспен, ал соңғысы қара өлең ұйқасымен жазылған. Бұнда да Абайша өлең ұйқастары қайталанып отыр. Шәкәрім Абай дәстүрін жалғастырушы дедік. Абай өлеңге, өлеңнің мазмүнына, мақсатына, тіліне шарт қойды. Ол қандай өлеңдерінде өлеңге деген талабын, шартын айтты, деген сұраққа оқушы «Өлең – сөздің патшасы» өлеңінен бір шумақ үзінді келтірді.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.

Ал Шәкәрім оны қалай жалғастырады, кәне мысал келтіріңдер дегенде оқушылар «Ақындарға», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңінен үзінді келтірді.

Бұл ән –

Бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған

Ұйқасты өлең сөз керек

Өзіңе орайлы

Денең –


Жан нұрлы болса, жөнделмек.

Өлең –


Әнге өлшеп айтса, өңдемек.

Ұйқасса қолайлы.

Ән - өлшеуіш

Өлең – күміс,

Қоспаңыз мыс аралас.

Артық алу,

не кем салу

Қалпы қалу жарамас.

Шәкәрім поэзиясының көркемдігі туралы не айтасыңдар?

Шәкәрім поэзиясының көркемдігіне келсек, ол өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытушы, жалғастырушы екенін көреміз.

Абай поэзиясында троп, эпитет, метафора, теңеу, риторикалық сұрау, портрет, т.б. көркемдеуші сөздер көп. Шәкәрім де осы көркемдеуіш сөздерді көп қолданады.

Мысалы, Шәкәрімнің «Шын сырым» өлеңінде, Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінде де сұлу қыздың портреті жасалып отыр.



ІІІ. бөлім.

Ақын – сазгерлер.

Абайдың сазгерлігіне, Шәкәрім сазгерлігіне тоқталайық, қане қайсың айтасың-дар дегенде оқушылар Шәкәрім – Абайдың сазгерлік ән дәстүрін әрі қарай жал-ғастырушы.

Абай бірнеше өлеңіне ән шығарған сазгер «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Татьянаның әні» т.б. бірнеше әндер шығар-ды. Бір оқушы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Сондай-ақ, Шәкәрім де жиырмаға жуық ән шығарған, сазгер – ақын. Олар: «Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. Осы жерде «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні орындалады.

IV. бөлім.

Поэмалары.

Бұл бөлімде поэмаларына тоқталдық. Енді Шәкәрімнің поэмаларына келейік. Ол «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр» поэмаларын жазды. Физули Бағдадидің «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасын аударды. Онда Қайыстың (Мәжнүн) Ләйліге ғашықтығы, махаббаты жырланған.

«Ләйлі – Мәжнүн» поэмасынан үзінді оқыттым.

Білеме сіздің қазақ ғашық жайын,

Ұқсаңыз, білгенімше сипаттайын.

Ғашықтық – махаббаттың ең күштісі,

Жүрекке қатты орнығар басқан сайын.

Осы жерде «Махаббат» деген қазіргі сазгерлердің әні орындалады.

Шәкәрім поэзиясы – оның тақырыптары, тілі, көркемдігі Абай поэзиясының, дәстүрінің жалғасы дейміз. Оны өз поэмаларында да жалғастырады. Абай шәкірт-теріне осы поэмаларды жазуды ұсынып, осы оқиғаларды өзі айтып берген. Шәкәрім соның екеуін де жазған. Оқушылардан бұл поэмалардың тақырыптары қандай, оған жазуға кім кеңес берді, Абайдың қандай поэмасында әйелді қоғамның тең мүшесі деп таныған, әлеуметтік өмірдегі орнын көрсеткен, ер мен әйелдің достығын қадір тұтқан поэмасы қайсы дей отырып, олардың жауабын алған соң, осы поэмадан үзінді оқыттым. Олар Абайдың «Мақсұт» поэмасы екенін дәлелдеп жауап берді де үзінді оқыды.

Ағын жесең, ақылың жаннан асар,

Сары жесең, дәулетің судай тасар.

Егер де қызыл жеміс алып жесең,

Ұрғашы да жан болмас сенен қашар, - деген шал сөзіне Мақсұт-тың жауабын айтады.

Қызылды жесем, мені әйел сүйер,

Арамдыққа жүрмесем де, не жан күйер.

Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса,

Деп едім бір пайдасы маған тиер...

Шәкәрім бұл дәстүрді қалай жалғастырды, «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр» поэмаларының басты тақырыбы – махаббат, сондай-ақ, поэмада қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастар да реалистікпен суреттеледі. Бұл поэмадағы оқиғалар трагедиямен бітеді. Осы поэмалардан бір-екі шумақтан үзінді келтіріп оқыттым.

Бір оқушы «Қалқаман – Мамыр» поэмасынан мына төмендегі үзіндіні оқыды.

Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,

Іс емес құдай кешер қылған ісің.

Өлтіртпе, тілерім сол, Қалқаманды,

Барасың, тәңір алдына, білемісің?

Екінші оқушы «Еңлік – Кебек» поэмасынан мынаны оқыды.

Кебекпен мені азғана арыздастыр,

Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.

Мына бала – Тобықты баласы ғой,

Мұны өлтіртпе, Кеңгірбай биге тапсыр.

Жалпы қорытындылай келгенде, Шәкәрім шығармашылығы, тақырыбы, көркемдік ерекшелігі, сазгерлігі қай жағынан алсақ та Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы, дамытушы екеніне сабақ барысында оқушылардың толық көзім жетті.

IV. бөлім.

Бұл бөлімінде Абаймен Шәкәрімнің тек шығармашылық жағынан ғана емес туыстық жағынан да өте көп байланыстығы бар екені жайлы Абай өмірінен жаңа мағлұмат берген Абай немересі Мариям Мұхамеджанованың баяндауымен Абайдың 150 жылдық мерейтойынан кейін түсірілген «Абай ұрпағының қасіреті» оқу фильмінен 5-7 минуттай үзінді көрсетумен аяқтадым. Фильмнің режиссері – Сергей Азимов. «Абай Құнанбаев», «Шәкәрім Құдайбердіұлы» деген оқушылар жасап келген сөзжұмбақты шешуге тапсырдым.



Сабақ үш топқа бөлініп сайыс түрінде өтілді.

Сабақ соңында бірнеше оқушы бағаланды.


Каталог: uploads -> doc -> 061a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
061a -> «Қазіргі жастар тілінің СӨйлеу ерекшеліктері» (тіл секциясы, ағылшын тілі) Орындаған
061a -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфиллин Ақсақ киік Сынып: «3»б мақсаты: Жаңа тақырыптың идеясын ашу, мазмұнын түсіну Міндеттері
061a -> Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану. 1 слайд. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады слайд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет