ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
1-тапсырма.
Ортағасырлардағы түркі тілдес халықтардың қоныстануын түсіну мақсатында оқушыларға тарихтағы алғашқы жаппай қоныс аударуға арналған материалдың қысқаша талдауын қарастыруды ұсыныңыз
1-Ғұндардың қоныстану территориясын сипаттаңыз.
2- Ғұндардың қоныс аудару себептерін анықтаңыз.
3-Көшпелілердің миграциясы Батыс пен Шығыс елдеріне қалай әсер еткенін түсіндіріңіз.
2-тапсырма.
Халықтардың алғашқы жаппай қоныстануын анықтаған соң ортағасырлардағы миграция үрдісін зерттеуге кірісіңіз. Оқушылардан Қазақстан территориясында өмір сүрген ертеортағасырлық мемлекеттерді атауды өтініңіз.
Оқушыларға түркі халықтарының миграциясын зерттеп, талдауды ұсыныңыз.
1-Түрік қағанатының қоныстануының себептері мен барысын талдайды;
2-Оғыз бен қимақтардың қоныстану жолдарын анықтайды;
3-Қыпшақтардың кеңею территориясын және Дешті Қыпшақ державасының пайда болуын сипаттайды..
Алған білімді төмендегі сұрақтардың көмегімен бекітіңіз:
1. Миграциялық үрдістің нәтижесінде қандай өзгерістер орын алды?
2.Қандай себептердің әсерінен миграция орын алады? Оқушыларды сабақтың басында жұмыс дәптерлеріне жазылған болжамды миграция себептерін салыстыруды ұсыныңыз. Қандай себептер сәйкес келді? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Интерпретация
Миграция себептерін бекіту мақсатында тақтаға немесе қабырғаға А1 форматындағы ватманды іліп, оған миграция себептері көрсетілген кестені сызып қойыңыз.
Оқушылар Еуразиядағы түркі халықтарының миграциясының екі саяси себебін талқылап, анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар саяси себепті жазып, кестеге орналастыруды өтініңіз. Оқушыларға бұл сабақта сіздер тек миграцияның саяси себептерін ғана қарастырғанын түсіндіріңіз. Сәйкесінше келесі сабақта осы кестемен жұмыс жалғастырылады. Келесі сабақта оқушылар миграцияның әлемуеттік-экономикалық, мәдени және т.б. себептерін анықтайды.
|
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.
Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|