Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет71/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы,жылы:  10.04.201 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»,
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері
Сабақтың мақсаты: 1.Ән мен күйдің халық өмірінде алатын орны туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2.Абайдың халық музыка өнеріне енгізген жаңалығы туралы мағлұмат беру;
3.Музыканы түсіне білуге баулу.
Көрнекілігі:  Слайд,аудиожазба
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Абай әндері, олардың сипаты туралы түсінік сұрау
«Бойы бұлғаң» әні, «Өзгеге көңілім тоярсың»,  «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін жатқа сұрау
Жаңа сабақ Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдері
Қызығушылықты ояту Әндерді аудиожазбадан тыңдату
Ой қозғау Әндердің мазмұнын талдау
«Құлақтан кіріп, бойды алар...» - Абайдың 1897 ж. М. Ю. Лермонтов- тың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі.
«Құлақтан кіріп, бойды алар...» – Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...»,«Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы .
Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Тек 1957 жылғы жинақта жазылу мерзімі 1896 ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған. [1]
Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Орыс ақынының шығармасы 20 жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімәләніп алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет