Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет74/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

І. Сабақтың барысы: Сабақ сынып оқушыларының «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаумен басталады.
Кіріспе: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің тәрбиелік мәнін ашуға ғана арналады.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет