Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет75/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

ІІ. Абай әндерінің сипаты туралы – Дастан. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып керсетті.
Абай әндерінің тақырыбы —Абайдың вокальдық шығармаларының тақырыбы сан қилы. Зерттеушілер Абай әндерін азаматтық тағылымдық, сатиралық, философиялық тақырыптарға топтаса келе сезімдік, психологиялық толғаныстар басым махаббат лирикасын ерекше атайды. Лирикалық әндерге «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» жатады. Абай әндері өсиетке, ұлағатқа, ақыл – парасатқа өте бай. «Ата –анаға көз қуаныш», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
ІІІ. Абай туралы жалпы мәлімет. (Компьютер арқылы).
ІV. Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.
1 топ. «Бойы бұлғаң» әні.
2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың».
3 топ. «Сегіз аяқ».
4 топ. «Қараңғы түнде тау қалғып».
1 топ. «Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.
Бойы бұлғаң
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым
Қатты састым
Тұра қаштым, жалма – жан.
Ақын топас екі жүзі адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.
2 топ. «Өзгеге көңілім тоярсың» адам өміріндегі әннің мән- маңызы туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Ән халық шешендігін, тілді құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.
3топ. «Сегіз аяқ» өлең мәні әуені жымдасқан жаңа ұйқас үлгісімен құрылған ән.
Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас
Білген маржан
Білмеске арзан
Надандар бәһра ала алмас
Қиналма бекер тіл мен жақ.
Көңілсіз құлақ ойға олақ. Бұл шумақтарда қызыл тілдің құдіреттілін айтса,
Басында ми жоқ,
Өзіңе ой жоқ.
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көңді
Жұрт айтса болды
Әдеті надан адамның – деп адам бойындағы жігерсіздік, жасықтық сияқты жағымсыз қасиеттердің мінеп шенейді. Ән көркем сөз бен тілді құрметтеуге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, тәрбиелейді. Қызыл тілдің құдіреттілігін мақтап, еңбек етуге шақырыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет