Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру


«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...»



бет72/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...» - Абайдың 1896 ж. жазған өлеңі. Көлемі 38 жол. 1897 жөне 1898 жылдарда Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырыбы бар. Ол - қазақтың әніне арналған өлеңдері. Біреуі - «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», екіншісі - «Құлақтан кіріп бойды алар». Осы аталған әрі терең толғаулы, әрі әсем және бар сапасы бөлек соны шығармалар қазақтың әні мен күйіне арналған. Бұл да қазақ поэзиясында бұрын жекеше баға беріп, әсіресе Абайша үлкен эстетикалық ойшылдық баға беріліп, қозғалған тақырып емес. Абай бұл жайға өзінің ірі суретші, ойшылдық тұрғысынан қараумен, өз ақындығының қаншалық кең құлашты екенін көрсетеді. Анығында, өз тұсы мен өзіне шейінгі замандағы қазақтың қоғамдық, шаруашылық, үй -ішілік, ой-саналық, тіл-өнертудырғыштық, тірлік - барлық - барша тақырыптарын Абай түгел шолады. Мынау өлеңдерде Абайдың еске алып отырғаны - жалпы ән емес, қазақ халқының өзінің әні. Солай екенін
«...Көбінесе ән басы келеді ащы,
«Кел, тыңда» деп өзгеге болар басшы,
Керім толғап, тауысар қоңыр-күңгір,
Сол жеріне ойыңмен араласшы»

дегенінен байқаймыз. Бұл анық қазақ әнінің әуелі зор шырқаудан басталатын ерекше түрін еске алады. Ақын сол өз халқының әнін өзгеше ыстық көңілмен сүйеді. Көп уайымнан, ұлы дертті ойларынан қазақ әні мұны айықтырып, сергіткендей болады. Кейде шабытсыз, қанағатсыз, толықсыған жүрек сезіміне де ән қуат беріп, қайта оңалтқандай болады.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...
Міне, осы айтылған ән мен күйге кезектеп берген бағалар, Абайдың өз өлеңіндегі музыка қазынасына, тіпті барлық басқа өнер мұраның бәрінен де артықша, биік орын бергенін байқатады. Халқының әнін Абай өзінің мұңдасы етеді. Ойына, азаматтық еңбегіне қанат бітіретін сенімді серігі есепті санайды. Ақын жарқын жүзді, жақсы шырай мен жалынды  шабыт табады, жабырқаған көңіліне ем етеді. Бірақ онда да сынсыз шұлғымайды. Тағы да шыншыл, ойшыл ақын әннен әнді қатты талғап айырады: «... Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар», - деуменен бар дүниеге ойлана, сынап қарайтын ақын ән мен күйге де шарттар қояды.
Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. 



Абай Құнанбайұлы Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына
[1] билесін ол құлаққа.

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,


Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззәті бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,


Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.

Адам аз мұны біліп ән саларлық,


Тыңдаушы да аз ол әннен баһра аларлық.
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

Көбінесе ән басы келеді ащы,


"Кел тыңда!" деп өзгеге болар басшы.
Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір
Сол жеріне ойыңмен араласшы.

Әннің де естісі бар, есері бар,


Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар.

Білімдіден аяман сөздің майын,


Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.
Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы адамға
Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет