Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет73/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

Құлақтан кіріп, бойды алар


Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9 Күні, айы,жылы:  17.04.2017 ж.
Тақырыбы: Ұйықтап жатқан жүректі кім оятар? Абай әндерінің тәрбиелік мәні
Мақсаты: Абай әндерінің тәрбиелік мәнін ашу.
Тәрбиелілігі: Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адамгешілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:  
1. Абай суреті.
2. Абайдың ән- өлең туралы сөздері.  

а) Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
ә) Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
б) Жақсы әнді тыңдасаң ой-көзіңмен
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
в) Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
г) Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.
1. «Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа формалар енгізді».Г.Шомбалова.
2. «Абай қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторының өнерінен нәр алды». Б.Г.Ерзакович.
3. «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті толықтырды». А.Қ.Жұбанов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет