Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


-сынып. Дүние жүзі тарихы



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,84 Mb.
#27556
түріСабақ
1   2   3

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: І тоқсанды қайталау қайталау

Сабақтың мақсаты:


  • І тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі:сұрақ жауап, интерактивті

Көрнекілігі:карта, кесте, сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталанатын материалдар:

  • Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы

  • ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық ғасыры

  • ХҮІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка

  • Француз буржуазиялық революциясы

  • ХҮІІІ ғасырдағы Ресей

  • Үндістан

  • Осман империясы

  • Қытай

  • Жоңғар хандығы

  • Жапония

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • «Ия-жоқ»

  • «Венн диаграммасы»

  • «Мұны әркім білуі тиіс»

  • «Эрудит»

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:І тоқсан материалдарын қайталау.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Иран

Сабақтың мақсаты:

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Ирандағы Сефевидтер әулеті билеген кездегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын айта отырып, халықтың феодалдық езгіге ұшырап, монархиялық тәртіптің орнағандығын әңгімелеу.Ауған тайпаларының Қандағар жеріне келуін, Сефевид мемлекетінің әлсіреуін,Мир Махмұд басқарған әскердің шабуылы және оның билікке келуін айту.

Иранның ішкі-сыртқы саясатына тоқталу.

Сабақтың түрі:Лекция

Әдісі:баяндау

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Ұлы Моғол мемлекеті Үндістанның қай бөлігінде билік жүргізді?

2.Падишах қандай билікке ие болды?

3.Моғол үстемдігі әлсіреуінің себептерін атап беріңдер.

4.Заминдарлар және джагирлер деп кімдер аталды?

5.Сикхалар қозғалысы Үндістанның қай аймағында болды?

6.Халық көтерілісінің нәтижесі болды ма?

7.Үндістанды алғаш отарлаушы еуропалықтар кімдер?

8.Отар сөзінің мағынасы.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:



  1. ХҮІІ ғасырда құрылған Ирандағы Сефевид мемлекеті.

  2. Нәдіршах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы жағдайы.

  3. Иранда Каджар әулетінің билікке келуі

  4. ХҮІІІ ғасырдағы орыс-иран соғыстары, оның себептері мен нәтижелері.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Картадан Иранның Сефевиттер әулеті билеген кездегі аумағын көрсетіңдер.

  2. Иранда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда феодалдық жер иеленудің қандай түрлері болды?

  3. Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады?

  4. Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді?

  5. Иранда мұсылман дінінің ықпалы қандай болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§11



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. Араб елдері /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Осман империясының құрамындағы араб елдері және олардың түрік үстемдігіне қарсы күресі, Арабия елделдерінің әлеуметтік-қоғамдық құрылысы мен діни қозғалыстары туралы әңгімелеу.

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Араб елдерінің саяси жағдайы мен экономикалық дамуына шолу жасай отырып, Мағриб елдерін жаулауды ойластырған Наполеонның жорығын, Мысыр халқының француз отаршылдарына қарсы күресі, ХҮІІІ ғасырда Араб елдеріне еуропалық отаршылдардың келуін, мағрибті француздар өз отарына айналдырғаны жайлы айту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:дәріс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Картадан Иранның Сефевиттер әулеті билеген кездегі аумағын көрсетіңдер.

  • Иранда ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда феодалдық жер иеленудің қандай түрлері болды?

  • Нәдір шах қандай елдерге басқыншылық жорықтар жасады?

  • Каджар әулеті билікке қашан, қалай келді?

  • Иранда мұсылман дінінің ықпалы қандай болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы араб елдерінің жағдайы

  2. Араб халықтарының қанауға қарсы күресі

  3. Мағрибтегі араб елдері

  4. Мысырдағы жағдай

  5. Францияның мысырға жорығы

  6. ХІХ ғасырдағы Мысырдың дамуыМұхаммед Әлидің сыртқы саясаты

Маңызды оқиғалар:

  • ХҮІІІ ғ.- Түркі империясында саяси –экономикалық дағдарыс басталды.

  • ХҮІғ.-ХҮІІ ғ. басы-империяның әр аймақтарына халық қозғалыстары таралды, Араб феллахтары Сирия мен Иракта феодалдық қанауға қарсы қарулы көтеріліс жасап, Бағдатты алды.

  • ХҮІІІ ғ.- бірінші ширегінде Иран Ресей қысымына түсті.

  • 1730-1735 жж.-Түрік империясы Иранға көпжылдық соғыс ашты.

  • ХҮІІІ ғ. екінші жартысы-мысырдағы мәмлүктер патшасы Әли-бей сұлтанға қарсы шығады, 17820 ж. ағылшындардың Ост-Үнді компаниясы зорлығына арабтар қарсы шықты.

  • ХҮІІІ ғ. ортасы-Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххаб бастаған қозғалыс басталды.

  • 1671 ж. –мәмлүктер ел билеушісін сайлады.

  • 1795 ж.- АҚШ-пен бейбітшілік, достық туралы шартқа қол қойылды.

  • 1798-1801 жж.-Франция мен соғысқан Түркия парижбен байланысын үзді

  • 1830 ж.- Франция Алжирге 37 мың әскермен басып кірді.

  • 1834 ж.- француздар бейбіт бітім жасады.

  • 1835 жылы-бітімді қайта бұзып соғыс ашты.

  • 1844 ж.- Франция жаңа соғыс бастады.

  • 1845 ж.- Абд әл Қадыр елге қайта оралып, күресті жалғастырды.

  • 1849-1851, 1854-1857 жж. – Алжир көтерілістері

  • 1798 ж., 1 шілде-Францияның Мысырға жорығы

  • 1801 ж.- француздар толық жеңіліске ұшырады

  • Англия мен Францияның Амьен келісімі бойынша ағылшын әскерлері елден шығарылды.

  • 1804 ж. – түріктер мысырдан қуылды

  • 1807 ж.- Мұхаммед Әли ағылшындарды Мысырдан қуды.

  • 1808 ж.- жер реформасын жүргізіп, феодалдар мен мәмлүк жерлерін тартып алды.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Араб әлеміне қандай елдер жатады? Саяси картаға қарап олардың ХҮІІ ғасырдағы жағдайын түсіндіріңдер.

  • Араб елдеріне әлеуметтік-экономикалық сипаттама беріңдер

  • Жер кімнің қолында болды? Қандай алым-салық түрлері болды?

  • Батыс елдерінің отаршылдық саясатына сипаттама беріңдер

  • Мысырдағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформаларға сипаттама беріңдер

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§12 «Арабтар» атты тақырыпта эссе жазып келу.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Азия және Африка елдерін отарлау

Сабақтың мақсаты: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы еуропалық өркениеттің іс жүзінде барлық құрлықтарға тарала бастауы, Англияның, Голландияның Үндістанды т.б. отарлауы, отарлық езгілердің зардаптары туралы баяндай отырып, белсенділігі жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: «ХҮІІІ ғ. ортасындағы дүние жүзі», 1876-1914 жж. Дейінгі дүние жүзінің саяси аумақтық бөлінуі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Араб әлеміне қандай елдер жатады? Саяси картаға қарап олардың ХҮІІ ғасырдағы жағдайын түсіндіріңдер.

  • Араб елдеріне әлеуметтік-экономикалық сипаттама беріңдер

  • Жер кімнің қолында болды? Қандай алым-салық түрлері болды?

  • Батыс елдерінің отаршылдық саясатына сипаттама беріңдер

  • Мысырдағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы реформаларға сипаттама беріңдер

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Азия мен Африканы отарлау

  2. Англия мен Голландияның отарлауы

  3. Отарлық езгі зардаптары

  4. Отарлық жүйенің отар елдер экономикасына әсері

Маңызды оқиғалау:

  • ХҮ ғ.-Портуғалияның Африкадағы алғашқы отары пайда болды.

  • ХІХ ғ. басы- Бразилия империясы құрылды.

  • ХҮІІ ғ. ортасы- Испания өз отарлық иеліктерінен айырыла бастады,

  • ХҮІІ ғ. – Англияның отарлай бастауы

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.-Францияның отарлауы

  • ХІХ ғ. 80-ж- Италия мен германияның бірінші отарлары

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?

  2. «жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер

  3. Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар

  4. ХҮІ-ХҮІІ ғ. аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?

  5. Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар

  6. ХҮІІІ ғасырда Үндістан үшін күрес қандай мемлекеттер арасында болды?

Отарлық иеліктер

Португалия

Испания

Голландия

Англия

Франция

Азияда

Африкада

















Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§13


8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениет және ғылым.

Сабақтың мақсаты:


  • Капитализмнің жаңа идеяларының мәдениеттің және ғылымның дамуына тигізген ықпалын айта келіп, ғылым мен ағарту салаларында жеке қайраткерлердің ашқан жаңалықтары қоғамды дамытудың жетекші күші болғандығын ұғындыру.

  • Оқушыларды қоршаған ортаны игеруде ғылымның әртүрлі салаларын меңгеруге, жаңа прогрессивтік идеяларға ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:пікір-сайыс.

Көрнекілігі:карта, кесте, газет-журналдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Шығыс елдерін отарлау үшін Еуропаның қандай мемлекеттері арасында күрес болды?

  • «жабық есік» саясатын ұстанған елдерді атап, оның тиімді және тиімсіз жақтарын көрсетіңдер

  • Капиталистік Батыс пен шығыс елдері арасындағы теңсіздікті атаңдар

  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында еуропалық отарлаудың аумағы қандай болды?

  • Африканы алғаш отарлаушы еуропалық мемлекеттерді атаңдар

  • ХҮІІІ ғасырда Үндістан үшін күрес қандай мемлекеттер арасында болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Мәдениеттің дамуына капитализмнің жаңа прогрессивтік идеялары

  2. ХҮІІІ ғасырдағы –жүзжылдық ағартушылық ғасыр.

  3. Жеке қайраткерлердің қоғамды дамытудағы ғылым мен білім, мәдениет саласындағы құнды ой-пікірлері.

  4. Шығыс әдебиеті мен өнері.

  5. Қорытынды.

Ағылшын философы Джон Локктың пікірі бойынша, барлық білім тәжірибеден жинақталады,соның негізінде ақыл-ой тәртіпке келтіріледі.

Галилео Галилей (1564-1642 ) механика, физика және астрономия салаларында көптеген жаңалықтар ашты. Ол әлемде тұңғыш рет өзі жасаған телескоп арқылы аспан әлемін бақылады.

Исаак Ньютон өзінің ең басты «Табиғат философиясының математикалық принциптері» (1687) деген еңбегінде ғалым әлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

ХҮІІғ. Еуропа ғылымы мен мәдениетіндегі елеулі құбылыстардың бірі- неміс ғалымы және философы Готфрид ВИЛЬГЕЛЬМ Лейбниц (1646-1716) шығармашылығы болды. Физика мен геологияда, заң ғылымы мен тарихта өзінің ізін қалдырды.

Дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізін қалады. Ол жасаған есептеуіш машинаға бүкіл Еуропа таңдай қақты.

Философиядағы жаңа идеялар.

Ағылшын философы, мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэкон (1561-1626 )үлгілі қоғам және мемлекет, адам бақыты,ғылымдардың дамуы төңірегінде ойлап, еңбектер жазған.

«Жаңа Атлантида»

Эмпиризм(гр. Тәжірибе)дүниені танудың бірден бір көзі-түйсіну және сезімдік тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт.

Ұлы француз философы әрі математигі Рене Декарт (1596-1650)ғылымға «Айнымалы шамалар» ұғымын енгізумен белгілі.

Ұлы неміс астрономы Иоганн Кеплер физикаға «инерция» терминін енгізді.

Суретшілер. ХҮІІІғ. Француз сарай кескіндемешілері-Антуан Ватто (1684-1721)

Франсуа Буше (1703-1770), Оноре Фрагонар(1732-1806)

Жан-Батист Симеон Шарден (1699-1779)

Уильям Хогарт (1697-1764)

Музыка. Немістің екі ұлы композиторы Георг Фридрих Гендель (1685-1759 ) мен Иоганн С. Бах (1685-1750) шікеулік музыканы дамытты.


ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?

  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.

  4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай?



Кезеңі

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.



Қайраткерлер

Қандай жаңалықтар ашты?

Әдбиет пен өнер саласында












Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

Параграф 14. Кестені толтыру



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына сипаттама беріп, өеркәсіп төңкерісінің аяқталуының нәтижесінде экономиканың өркендеуін және қоспартиялық жүйесінің қоғамның саяси дамуындағы рөлін ашып көрсету.

  • Оқушылар назарын жұмысшы табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалысқа аударып, кәсіподақ қозғалысы туралы түсінік беру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі: баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі:ХІХ ғ. мен ХХ ғ. Англияның саяси картасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қай ғалымдар қазіргі жоғарғы математиканың негізін қалады?

  3. Немістің ұлы астрономы Кеплер туралы әңгімелеңдер.

  4. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымы дамуының маңызы қандай?

Кезеңі

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.



Қайраткерлер

Қандай жаңалықтар ашты?

Әдбиет пен өнер саласында













  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?

  • Англиядағы парламенттік монархия елді басқаруға қандай өзгеріс әкелді?

  • ХҮІІІ ғ. Англияда өнеркәсіптің қай саласы жедел дамыған еді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі

  3. Парламенттік реформа үшін күрес

  4. Өнеркәсіп төңкерісі.

  5. Жұмысшы қозғалысы

  6. Кәсіподақтарды ұйымдастыру.



Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері

ХҮІІІ ғ.

Англияда өнеркәсіп төңкерісіне қажетті шаралар пісіп-жетілді.

1733 ж.

1738 ж.


Джон Кей тоқыма станогы

Адам қолының қатысуынсыз жіп иіретін машина



1764 ж.

Джеймс харгривс «Дженни» атты механикалық жіп иіретін машина ойлап тапты. Бір уақытта 15-18 ұршық

1769 ж.

1771 ж.


Ричарт Аркрайт-дөңгелекті суда қозғалысқа келтіретін машина

Жіп иіретін тұңғыш фабрика



1780 ж.

Фабриканың саны 20-ға жетті, ал 110 жылдан кейін 150-ге жетті.

1765 ж.

1771 ж.


Джеймс Уатт бу машинасын ойлап тапты

Оны жетілдірді






Бұл машина жұмыс істеуі үшін көмір өнеркәсібі, металлургия жетілдірілді

1769 ж.

Парламент машиналарды қиратқаны үшін өлім жазасы туралы заң шығарды.

ХҮІІІ ғ.

ІІ жарт.


Жұмысшылар мүдделерін қорғаған ереуілдер етек алды.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.

  • Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?

  • ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?

  • Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§15.




8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп елдегі негізгі партиялар мен саяси топтардың және парламенттік реформалардың мәнін ашып көрсету. Оқушылардың назарын «Британ империясы» деген атау алған сыртқы саясатына аудару.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:СТО,топтық жұмыс

Көрнекілігі: сызбалар, карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.

  • Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?

  • ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?

  • Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Саяси партиялар

Консервативтік партияның тірегі фермерлер болды.

Либералдар партиясы, сауда-өнеркәсіп буржуазиясының мүддесіне қызмет етті.



  1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы парламенттік реформалар.

1866Ж.ЛИБЕРАЛДЫҚ ПАРТИЯНЫҢ КӨСЕМІ У.Гладстон мүліктік цензді төмендетуді ұсынып, соның негізінде жұмысшыларға дауыс құқығын беруді көздеді. Бірақ бұл заң жобасын парламент бекітпеді.

Б. Дизраэли

1884ж. халықтық өкілеттілік туралы заң қабылданып,ол бойынша 21жасқа толған,үйі н-се пәтері бар ер адамдарға берілді.


  1. Англияның экономикалық дамуының ерекшелігі.

ХІХғ.орт. Англия «дүниежүзілік банкирге» айналды.

  1. Англияның сыртқы саясаты.

«Британ империясы» атауы ХІХғ. 70-ж.соң.королева Виктория Үндістан императоры атағын алғаннан кейін пайда болды. Парламент империялық деп атала бастады,осылайша «империализм» термині шықты.Алғашында бұл мемлекет иеліктерін неңейтуге ұмтылуды, отарлармен байланысты нығайтуды білдірді.

1875ж. Мысыр билеушісі Исмаил Англияға Суэц каналы компаниясы акциясының 44%-н бар-жоғы 4млн фунтқа сатып жіберді.



  1. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англия

ХХғ.б. елде ірі монополиялық бірлестіктер пайда бола бастады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

  2. У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

  3. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

  4. «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

  5. «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?




Англиядағы саяси партиялар мен топтар

Кімдердің мүддесін қорғады?

1.

2.

3.



4.




Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§16



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Франция

Сабақтың мақсаты:ХІХғ.Францияда Вена конгресінің шешімдерін қабылдаған мемлекеттер және оның мәнін әңгімелеу. І Наполеон соғысынан кейінгі Еуропада қалыптасқан саяси жағдайды реттейтін тұрақты конгрестер жүйесіне тоқтала отырып,мемлекеттердің шекара бөлісіндегі өзгерістерін айту.Қасиетті Одақ және Франциядағы революциялардың басталу себебінің мәні мен олардың тарихи маңызын ашу.

Өқушылардың өз елін, жерін қорғап, оның тыныштығы мен беріктігін бағалауға баулу.

Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдісі:баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

  • У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

  • ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

  • «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

  • «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?

1795-1815 жж. Еуропадағы соғыс

кезеңі

Францияның соғыс ашқан елдірі

Соғыс қимылдарының барысы

Нәтижелері













ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жаңа тақырып Наполеон ның басқыншылық соғыстары

  2. Консул және Наполеон тұсындағы өкіметтің ішкі саясты және экономикалық дамуы.

  3. ХІХ ғасыр басындағы Еуропа мемлекеттері

  4. 1800-1807 жж. Франциядағы соғыс

  5. Француз басқыншыларына қарсы Испаниядағы халық көтерілісі

  6. Француз империясындағы алғашқы дағдарыс.

  7. Наполеонның 1812 жылғы Ресейге жорығы және Отан соғысы

  8. Наполеон империясының талқандалуы. Вена конгресі, маңызы.

Маңызды оқиғалар:

  • 1796-1797 жж.-азаттық үшін соғыс басқыншылық соғысқа айналды.

  • 1796 ж.- Бонапарт басқаруындағы Француз армиясының Италияға басып кіруі

  • 1797-1799 жж.- Француздардың қолдауымен Италия аумағында Лигурие, Цизальние, Рим, Неополитан республикаларының құрылуы

  • 1798 ж.- Францияға қарсы коалицияның құрылуы;

Германияда Наполеон гегемониясының орнауы.

  • 1795 ж. Пруссия Франциямен Базель бітіміне қол қойды.

  • 1801 ж.-Люневиль бітіміне қол қойылды

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.

  2. «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

  3. Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

  4. «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.

  5. І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§17,18



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: ІІ тоқсанды қайталау қайталау

Сабақтың мақсаты:


  • ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі:сұрақ жауап, интерактивті

Көрнекілігі:карта, кесте, сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталанатын материалдар:

  • Иран

  • Араб елдері

  • Азия және Африка елдерін отарлау

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениет пен ғылым

  • Англия

  • ХІХ ғасырдың ортасындағы Англияның саяси-экономикалық құрылысы

  • І Наполеон кезіндегі Франция

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • «Ия-жоқ»

  • «Венн диаграммасы»

  • «Мұны әркім білуі тиіс»

  • «Эрудит»

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:ІІ тоқсан материалдарын қайталау.




8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18. ХІХ ғасырдағы Франция /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • 1799 жылы соғыстың жеңілісі режим дағдарысына әкелгендігі, осындай кезеңде консервативті буржуазиялық қайраткерлер шеңберінде мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары шығып, оған қолайлы адам Наполеон Бонапарт екендігін оқушыларға айта келіп, Бонапарт әскери диктатурасы орныға бастағанын анықтау.

  • Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.

  • «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

  • Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

  • «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.

  • І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Вена конгресіБурбондарды қалпына келтіру

  2. 1830 жылғы революция

  3. Франциядағы шілде монархиясы (1830-1848)

  4. 1848 жылғы революция. Франциядағы екінші революцияПариж жұмысшыларының маусым көтерілісі

  5. 1848 жылғы 10 желтоқсандағы президент сайлауы

  6. Франциядағы екінші империя

  7. Франция-Герман соғысы

  8. Париж коммунасы

  9. Үшінші республика

  10. Республикашылдар өкімет басында

  11. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Франция

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

  • Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

  • Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

  • Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

  • Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

  • Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§18.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Германия

Сабақтың мақсаты:


  • Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарын ашып көрсету. Германияның бірігу жолдарын нақты деректермен түсіндіру.

  • Біріккен Германияның мемлекеттік құрылысын қазіргі құрылысымен салыстыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/

  • Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

  • Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

  • Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар

  • Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

  • Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

  • Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

  • Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Германиядағы 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындылары

  3. Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы

  4. Герман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  5. Германияның мемлекеттік құрылымы.

  6. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық және саяси дамуы.











І топ

Германияның бірігу жолы



ІІ –топ

Италияның бірігу жолы



  1. Ерекшелігі

  1. Ерекшелігі

  1. Ұқсастығы

  1. Ұқсастығы

Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы



Германия

Италия

  1. Империя-22 монархия одағын қрады

  2. Мемлекет басшысы-император (кайзер)

  3. Үкімет басшысы-рейхсканцлер

  4. Рейхстаг 5 жылға сайланды. Жоғарғы палата (бундесрат). Төменгі палата (бундестаг).

  5. Рейхстагқа барлық ірі саяси партиялар кірді



ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.




  1. Германиядағы 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттары мен қорытындылары

  2. Германияны біріктіруде басты рөлді кімдер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  3. Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Отто фон Бисмарк

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ресей

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауыл болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.

  • Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал мен оның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.

  • Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:баяндау

Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Австро-Венгрия

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:


  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. 1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері

  3. Халық еріктілері қозғалысы

  4. Марксизмнің таралуы

  5. Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі

  6. 1905-1907 жылдардағы революция

Маңызды оқиғалар:

  • 1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою

  • ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы

  • 1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.

  • 1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды

  • 1878 ж. – «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды

  • 1883 ж. – «Халықты азат ету» тобы құрылды.

1861 жылғы реформа



Реформаның буржуазиялық сипаттары

Реформадан кейін де сақталып қалған басыбайлылық сарқыншақтар

Басты қағидалар:



  • Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі

  • 1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.

  • Революцияның ерекшеліктері

  • Революцияняң қозғаушы күші

  • Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы

  • Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс

  • Революцияняң жеңілу себептері

  • Революцияның маңызды жақтары

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?

  2. Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар

  3. «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§20.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Америка Құрама Штаттары

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық дамуына сипаттама бере отырып, Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлдеқайда артта қалса да, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптерде болған өзгерістерге тоқталу. Жер кеңейту мәселесі мен екі партиялы жүйенің қалыптасу мәнін ашып көрсету. АҚШ-тағы құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар туралы әңгімелеу. Ел ішіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы наразылықтардың Азамат соғысына әкеліп соқтырғанын деректермен нақтылау.

  • Күресуші жақтардың ерекшеліктерін, ХХ ғасырдың басында қол жеткізген маңызды табыстарын ашып көрсету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:баяндау,топтық жұмыс,кесте

Көрнекілігі: «1876-1914 жылдарға дейінгі дүние жүзінің аумақтық саяси бөлінуі», «1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы» жөніндегі мәлімет беретін карталар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ресей»

  • 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?

  • Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар

  • «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы АҚШ-тың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктері

  2. АҚШ аумағының кеңеюі және қос партиялы жүйенің қалыптасуы.

  3. Қара құлдар қозғалысы

  4. АҚШ Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінуінің себептері және олардың ерекшеліктері.

  5. Азамат соғысының басты мақсаты.

  6. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері

  7. АҚШ-тың сыртқы саясаты, жаңа аумақтарды басып алуға талпынысы.

1. АҚШ

Конгресс Президент 4жылға Жоғарғы сот

Заң шығарушы Басқарушы Сот билігі

2. АҚШ президенттері тұсындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар



  • Федерелистер партиясы

  • Қаржы жүйесі, «Ұлттық банк»

  • Бірыңғай ақша

Дж. Вашингтон

1789-1797жж



  • Жеке кәсіпорын

  • Сауда жүйесі

  • Қаржы жүйесі

  • «Ұлттық банк»

А.Гамильтон

Қаржы министрі



  • Ауыл шаруашылығы құлдыққа қарсы

  • Демократияландыру

  • Экономикалық-әлеуметтік қорғау құндылығы

Т.Джефферсон

1801-1809жж.



  • Демократиялық партияны қолдау

  • Әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің күшеюіне қарсы болды.

Э.Джексон

1829-1837жж.



  • Вигилер партиясын жақтаған Оңтүстіктегілермен ымыраға келді

У.Гаррисон

1889-1893жж.



  • Аграрлы мәселелер қара құлдарды азат етті

  • Жұмысшы партиясын құрды

А.Линкольн

1861-1865жж.



  • Плантаторларға азаматтық саяси және жеке меншікке ие болу құқығы қайтарылды

  • рақымшылық

Э.Джонсон

1865-1869жж.



3. 1861-1865жж. азамат соғысы

Оңтүстік 11штат 9млн Солтүстік 23штат 22млн

Сызба жұмысы: түрткі болған жағдай,мақсаты,артықшылығы, зардабы,нәтижесі,маңызы

4.жаңа сөздер Аболиционизм-құлдықты жою.Гомстед- жер телімі

Ку-клукс-клан-террорлық ұйымдар

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Скваттерлік дегеніміз не?

  2. «Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

  3. АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?

  4. Аболиционистер деген кімдер?

  5. 1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?

  6. Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресуші жақтардың қандай ерекшеліктері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§22.




Каталог: uploads -> doc -> 0bbc
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bbc -> «Элементтер сөйлейді» атты химиялық кеш. Кештің мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет