Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы
на сілтеме)
|
1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлем сөйлем құрастыру
1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша/неше?) сұрақ қоя білу
1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу
1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Ертегі кейіпкерлерін атай алады, ертегі мазұны бойынша кейіпкерлердің рөлін ойнай алады, Ұ ұдыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай
алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Осыған дейін үйренген ертегілерді атай алады. Тірек суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айта алады.
Кейбір оқушылар:
Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады, ұ дыбысы кездесетін
сөздер қатарын толықтыра алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.
Сурет бойынша сөйлеммен өз ойларын білдіре алады;
Жаңа тақырып ертегі екенін ажыратады;
Ертегінің мағынасын ашады, заттардың таныс атауларын жаза алады;
Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбысталу ерекшелігін мән беріп,сөздерді дұрыс жазады;
|
Сабақтың ортасы
3-38мин
|
Сабақты басталмас бұрын құстардың сайраған әсем әуені,сарқыраған өзен,ұйқыдан оянған жан- жануарлардың дауысын құлаққа естірту
Мұндай дыбыстарды біз жылдың қай мезгілінде естиміз, көреміз?
Көктем.
Көктемде табиғатта, адамдардың, жануарлардың,құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
Көктем айларын білесіз бе?
Наурыз,сәуір,мамыр
Көктемде қандай мерекелер болады?
8 Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі, 22- наурыз Ұлыстың ұлы күні.
Олай болса, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз
«Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.
1-тапсырма бойынша мұғалім ертегіні көрсетеді «Көктем сәні» ертегісімен танысады.
Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атайды. Содан кейін басты кейіпкердің (арыстан) сұрағына басқа аңдар қалай жауап бергенімен танысады.
(МК, Ұ) 2-тапсырманы «Бес қадам» әдісінен пайдаланады. Әр қадамда сұраққа жауап береді.
Сұрақтар: Су қандай? (Таза)
Жаңбыр қандай? (Жылы) Гүлдер қандай? (Әдемі) Ағаштар қандай? (Әдемі)
Күн қандай? (Жылы)
3-тапсырма.Суретке қара.Толықтырып айт.
Әдемі гүлдер.Әдемі ағаштар. Жылы күн.Таза су.Жылы жаңбыр.
(ОТ) 4-тапсырмада оқушылар ертегінің басты кейіпкерінің сұрағына (Көктем сәні не?) өз қалаулары бойынша жауап береді.
Өз жауаптарын сурет түрінде көрсете алады.
Сондай-ак окушылар ертегіні рөлге
бөліп ойнайды.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Құлын-құлын, құлыншақ,
Құйрығы ұзын құлыншақ.
Қос құлақты қайшылап,
Қарашы, қандай құлыншақ!
МК, Ұ) Мұғалім ұ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Ұұ
дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.
Мәселен, тілдің алға-артқа жылжуынан дауыс тылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі.Оқушылар ұ дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.
Ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.
Олар: құс, үшаң, жұлдыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ұ
дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді. (Ұлан
т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сүрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Есте сақта!» айдары
бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше?
қандай?), мұғалім ұ дыбысы кездесетін сөздерге кандай
сұрақтар қоятынын түсіндіреді. Мысалы: ұшақ (не?), құс
(не?), жұлдыз (не?), Үлан (кім?).
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар
оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
|
"Көктем сәні" ертегі - YouTube
|