ҚБ: «Бағдаршам» өзін-өзі бағалау Әр оқушы сабақты түсіну деңгейіне қарай бағдаршам түстерін көтереді. «Қызыл»-қиналамын, «сары»-әлі де қосымша ақпарат керек, «жасыл»- бәрі де түсінікті болды. ІІІ. Қызығушылығын ояту, мақсат қою "5 сұрақ" әдісі (5 сұрақ әдісі арқылы қызығушылықтарын оятамын. Тақтада желі, интернетке байланысты суреттер тұрады.Оқушылар соған қарап, 5 не одан көп сұрақты мұғалімге қояды. Мұғалім тек "иә" немесе "жоқ" деген жауаптарымен шектеледі. Оқушылар осылай жаңа тақырыпты өздері ашады.) Саралау: «Диалог» «5 сұрақ» әдісі арқылы тақырыпты ашу үшін оқушылар сыни тұрғыда өздерінің жауаптарын ортаға салып, талқылайды. Оқушылар арасында және мұғалім мен оқушы арасында диалог жүреді. Нәтижесіне қол жеткізеді. ҚБ: «Ынталандыру сөздері» - мұғалім бағалауы