Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет32/42
Дата24.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#188051
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
8 кл қазақ тілі ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024 жыл

8. Кідіріс нені қажет етеді?
А) Тыныс белгіні
В) Жалғаулықты
С) Шылауды
D) Ой жалғастыруды
9. Тыныс белгісі қойылмай берілген мәтіндегі сөйлемдер жігін ажыратып, бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді анықтап, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
...қалдан серен абылайды пенде қылып алдырғанына сынаймын деп орнына шығарып алғанына пұшайман болып ұшып түрегеліп абылайдың келіп қолын ұстап жарасып елдесіп топыш сұлуды абылайға беріп қазақтан не заманда олжаға түскен өсіп өнген бірталай жанды азат есепті қылып абылайға қосып рулы ел қылып көшіріп қайтарған екен (мәшһүр жүсіп)
10. Мәтін сөйлемдерінің интонациялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.
Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым. Міне, қызық, шана теуіп жүрген Аян екен. Мені көріп, бұрылды да:
Жүр, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі.
– Қойшы, түн жарымында есі дұрыс адам ойнай ма?
– Ойнағанда қандай. Түу, сен өзің мынадай айлы, жарық түнде ойнап көрмедің бе? Айлы түнде шана ға сиқырлы қанат бітеді... – деді де, Аян жүгіре жөнелді.
Сәлден кейін көшенің басына шығып ап, тағы да жер көшкендей қып бүкіл ауылды жаңғырық тыра гүрілдетіп, шанамен төмен қарай жұлдыздай ақты. Дәл мен тұрған тұста кішкентай төмпешік бар болатын, зулап келген шана әлгі төмпе шікке жеткенде есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды да, табанынан от жарқ етіп, өте шықты. Аян қолын көтеріп:
– Ур-ра! – деп айғайлады.
Маған, шынында да, ол теуіп жүрген шанаға сиқырлы қанат біткендей көрінді.. (Сайын Мұратбеков)
11. Интонацияның құрамдас бөлігі – қарқынды өзгертіп
айтуға бола ма?
А) Көтеруге, бәсеңдетуге т.б. болады
В) Өзгертуге болмайды
С) Тек көтеруге болады
D) Тек бәсеңдетіп айтуға болады
12. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері сақталмаса...
А) Сөйлем түсініксіз болады
В) Сөздер түсініксіз болады
С) Тіркестер түсініксіз болады
D) Сөздер арасында байланыс болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет