Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштырға жіктеу. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет1/3
Дата13.08.2017
өлшемі224,23 Kb.
#23510
түріСабақ
  1   2   3
М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған

№12 мектеп-интернаты

Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Манат Мұсақызы

Сабақтың тақырыбы:

Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштырға жіктеу.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей білуге және кері түрлендіруге үйрету.

Дамытушылығы: Разрядтар мен кластар ұғымын пысықтау. Есептерді шығаруға жыттықтыру. Логикалық ойлай білуін, өз ойларын еркін жеткізуін, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, слайд, кеспе цифрлар

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

II Тірек білімді еске түсіру.

Ауызша есептеу. Ойын «Қай қатар жылдам?»



Оқушылар кезекпен тақтаға келеді және жауап жазады.Слайд №1



III Жаңы сабақты түсіндіру

Разрядтық қосылғыштардың қосындысы терминін енгізу.

Үшінші разрядтық 4 бірлік, екінші разрядтық 6 бірлік және бірінші разрядтық 9 бірліктен тұратын санды жазу. 469- бұл үш таңбалы сан өйткені ол жүздіктен, ондықтан, бірліктен тұрады.Мыс,400+60+9=469.

Мұндай жазуды санды разядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастыру және санды раярядтық қосылғыштарға жіктеу дейді.



Кестені пайдалану арқылы ұғыну. Слайд №2



Мысалы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету.

52369 = 50000 + 2000 + 300 + 60 + 9

125500 = 10000 + 20000 + 5000 + 500

14003 = 10000 + 4000 + 3

30200125 = 30000000 + 200000 + 100 + 20 + 5

Көп таңбалы сандарда барлығы бірлік, ондық, жүздік, бірлік мыңдық, ондық мыңдық, жүздік мыңдық бар екенін ұғындыру. Слайд №3






  • Бірліктердің жалпы санын анықтау үшін, барлық санды атайды.

  • Ондықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан бір цифрды ойша бөліп алады (10 санында бір нөл).

  • Жүздіктердің жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан екі цифрды ойша бөліп алады (100 санында екі нөл ).

  • Мыңдықтардың жалпы санын анықтау үшін, оң жақтан үш цифрды ойша бөліп алады (1 000 санында үш нөл) және тағы сол сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет