V. Математикалық диктант. Слайд №6
VI. Сабақты бекіту
Шығармашылық жаттығу
Ауызша жұмыс ұйымдастырылады. Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте. Қалдырылған сандарды анықта? Слайд №7
VII. Үйге тапсырма. 8-мысал (теңдеді орындау)
VIІI. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Жоғарыдағы келтірілген теориялық талдау және бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын байқау, әңгімелесу т.с.с. негізінде біз баланың математикаға қызығушылығын былай анықтаған болатынбыз баланың математикаға қызығушылығы - математикалық объектілерге интеллектуалдық бағыттылығы, берілген объектімен жақынырақ танысып, оны уысынан шығармай тұрып сырын тереңірек біліп алу мақсатында, жинақталған ой-ниеті, танымдық, тыңдаушылық, эмоциялық қарым- қатынасы.
Баланың математикаға қызығушылығының қалыптасуының құрамдас бөліктері - көңіл қоюы, өзіндік ойлауы, ниеттенуі, тілек білдіруі, ықыласы, күш-жігері, шығармашылығы осы сабақ барысында қалыптасты. Бірінші оқушылар мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, одан соң бірнеше тапсырмалар, математикалық диктант, шығармашылық жаттығулар жасау арқылы өз білімдерін, сабаққа деген ынтасын арттырды.
Достарыңызбен бөлісу: |