Сабақтың тақырыбы: Көшеде, көлікте.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Сағат саны: 3 (100%)



бет2/8
Дата27.11.2016
өлшемі1,68 Mb.
#2623
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен а дыбысы жазылады.  

 

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә

Жәмилә


Рәсуә

Жәйләу


Шәй

Кітәп


Рәзина

Жәмила


Рәсуа

Жайлау


Шай

Кітап


11. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин( 33 %).

1 Жаттығу. Словарная работа: разобрать слова, найти пройденные гласные буквы казахского алфавита. 

Мектеп, мұғалім, қалам, тақта, оқушы. 

2 Жаттығу. Прочитать вслух диалог. Перевести. 

Слова, встречающиеся в диалоге: Сәлем- привет, Қалын қалай?- как твои дела?, Рақмет- спасибо, Жақсы- хорошо, Сау бол- до свидания. 

Диалог. 
- Сәлем! 


- Сәлем! 
- Қалын қалай? 
- Рақмет, жақсы 
- Сау бол! 
- Сау бол! 

3 Жаттығу. Переписать диалог, подчеркнуть гласные буквы. 

4 Жаттығу. Составить слова по схемам. Переписать составленные слова, подчеркнуть все гласные буквы. 

1)Қо 2)Са 3)Ш 


Қа ра Та ры Қ ар 
Да То Т 

4)Бо 5)Си 6)Со 


То р Су ыр То ру 
Хо Қам Тұ 

7)Қа 8)Бала 


Та рау Қала лар 
ы Қора 

12. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин. (7 %)

13. Сабақты қорытындылау.

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



14. Үйге тапсырма беру

Жуан және жіңішке сөздерге мысал жазу.



Сабақ 5

Сабақтың тақырыбы: Асханада. Қазақ тіліне тән дауыстылар.

1. Сағат саны: 3



2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақ мақсаты:

оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. «Асханада» тақырыбында еркін сөйлесуін.тақырыпқа байланысты мәтін құрату.Тілдік білімдерін дамыту.

тәрбиелік : Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.

дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 / )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин.(26%)

1. Дыбыстарды жіктеу

2. Жуан, жіңішке дыбыстар

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)

Лексикалық тақырып : Асханада

Асхана- қоғамдық тамақтандыруда ең көп тараған кәсіпорын түрі. Орналасуына және тұтынушылар контигентіне байланысты: жалпы типті, өндірістік болып бөлінеді. Тағамдар ассортиментіне : салқын тағамдар мен басытқылар, бірінші жжәне екінші ыстық тағамдар, сүт және сүтті өнімдер, ыстық және салқын сусындар, тәтті және ұнды-кондитер өнімдері кіреді. Диеталық асханаларда мәзір кем дегенде диетаның 5-6 түрін қамтуы керек. Асханада әркімнің өзіне қызмет көрсету әдісі жиі кездеседі. Металдан, жартылай фарфордан,фаянстан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар қойылады.Құрал аспаптар тот баспайтын болаттан. Асханада жартылай өнімдер мен кулинарлық тағамдардың сатылуы жүзеге асырылады; тамақ жейтін,ішетін үстелі бар бөлек бөлме; осы бөлмедегіжиһаз; қоғамдық тамақтану кәсіпорны.

Асхана құралдары- тағамдар дайындауға қажетті құралдар (комбайындар,миксерлер,,пышақ,ыдыс-аяқ жәнет. б)

Грамматикалық тақырып : Қазақ тіліне тән дауыстылар.

Қазақ тіліне тән дауыстыларға Ә,Ө,Ү,Ұ,І дауыстылары жатады. Ә- жіңішке ашық, езулік дауысты дыбыс.Дыбысталғанда жақ ашылып, тіл алға жайылып,езу арқылы жасалады. Сөздерде сирек қолданылады. Оның басты себебі қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болса керек. Ә фонемасы еріндік дыбыстарданкейін айтылады. Ү-жіңішке, қысаң, еріндік дауысты. Дыбысжасулу кзінде тіл алға жайылып, жақтың қысылуы мен ерін арқылы жасалады.Ұ- жуан , қысаң еріндікдауысты.Дыбыс жасалу кезінде тіл артқа жиырылып,жақ қысылып,еріннің сүйірленуі арқылы жасалады . І –жіңішке ,қысаң езулік дауысты. Дыбыс жасалу кезінде тіл алға жайылып, жақ қысылып езу арқылы жасалады. Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі.Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяңжәне үнді болып үш топқп бөлінеді.

Салдырдан жасалған дауыссыздарды қатаң жауыссыздар деп атайсыз. Қатаң дауыссыздар мыналар : п,ф,к,.қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч. Үн менсалдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды.Бұларда үннен салдыр басым болады. Ұяң дауыссыздар мыналар: б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Қатаң, ұяң дауыссыздардың бірімен-бірі жұп құрайтындары бар.Мұндай жұп болып келетін қатаң, ұяң дауыссыздар мыналар:п-б,ф-в,к-г,т-д,с-з,ш-ж. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атайсыз. Үнді дауыссыздар мыналар : р,л,й,у (тау) м,н,ң.

10.Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

1- жаттығу Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.


  1. Это дом Карима. 2. Комната Алии чистая и светлая.3. Я иду к другу Жанны.4. Дочьсестры спит на диване.5. Урок учителя хорош.6. Тетрадь ученика лежит на столе7. Родители Айжан разговармвают на ули це.8. Друг брата катается на коньках,на Медеу.9. Семья бабушки смотрит телевизор.

2-жаттығу Мына төмендегі сөздерге фонетикалық жасаңыздар.

Таза,жарық, ұйқы,дәптер,сөйлем, бөлме, ауа, кітап.

3- жаттығу Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Мынау Гүлнардың кітабы ма? Мынау Әселдің үйі ме? Аеау Жаппардың жолдасы ма? Жанардың дүкені осы ма Мынау үстелдің аяғы (ножка) ма? Бибігүлдің әкесі қайда? Жаңылдың әкесі осында ма?,ауылда ма? Виктордың анасы қалада жүр ме? Валерийдің көмегі керек пе?



11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин. (7 %)

12. Сабақты қорытындылау.

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау



13. Үйге тапсырма беру.

Мәтін жазып келу


Сабақ 6

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстар және олардың құрамы.
1. Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту : Студенттерге кітапханада пайдаланалылатын айтуға керекті сөздік қормен қамтамасыз ету.Тақырыпқа, жазу мәнеріне қажетті грамматикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.Қазақ тіліне тән дауыссыздар, буынның түрлері,ілгерінді және кейінді ықпалдар.
тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке тәрибиелеу. Ұлттық ұғым танымдарын кеңейту.
дамыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен қамтамасыз ету. « Кітапханада»тақырыбында еркін сөйлесуін, тақырыпқа байланысты мәтін құрауға үйренуін қадағалау.
4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин ( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин ( 26 %)

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин( 33 %)

Грамматикалық тақырып: Дауыссыз дыбыстар және олардың құрамы.
Дауыссыз дыбыстардың жасалуында өзіндік айырма бар. Қазақ тіліне тән дауыссыздардың саны төртеу.Олар қ ,ғ ,ң ,һ. Қ фонемасы қазақ тіліндегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді.Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді,сөз басында 213кірме сөзде кездессе,сөз ортасында кеңінен қолданылады.Қ дыбысы к дыбысы секілді дыбыстардың әсерінен ұяңданып айтылуға дайын тұрады. Һ дыбысы бірден-бір көмей дыбысы. Бұл мынандай сөздерде жазылады: аһ, гауһар,қаһар,қаһарман,мәшһүр т.б. Қарапайым сөйлеу тілінде һ дыбысы к,қ дыбыстарымен алмастырылып айтыла береді.

Ң фонемасын айқан кезде тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да,тез ажырайды.Ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді.

Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,к,қ,г,ч,ц.

Ызың дауыссыздар мыналар: в,ф,с,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ.

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин( 33 %).



1-жаттығу Мына сөздердегі шұғыл, ызың дауыссыздарды атаңдар.

Айшық,ақиқат,бапкер,баспасөздік,вариант,графа,мұқаба,жабағы,жерағаш, жиһан,кәкпір,қайнаға,мұхит,падиша,шілік,халуа.



2-жаттығу Мына сөздердегі көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін бос орындарға жазыңдар,

п-б .....айдасыз, .....аласыз, ...аңдық, ....алық, са...ар, са...ақтас,са..антой

т-д ба...пақ, жа...ақ, ....омбыра,

к-г ә...е,е...ін, кө...тем, кө...ер.

с-з а..тар, а...амат,ба...тық, сү.....бе.

ш-ж ша...пау, қа...ымас, қа..шқын.



3- жаттығу Мақал-мәтелдерді оқып шығып жаттап алыңыздар.

Адам деген ардақты ат «человек –это звучит гордо», Әсемпаз болма әрнеге «На чужие кучи глаза не пучи ,не будь падким на всякую вещь», Ештен кеш жақсы « Лучше поздно , чем никогда»



11.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау. 10 мин( 7 %)

12. Сабақты қорытындылау. 15 мин

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау

13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазып келу

.


Сабақ 7

Сабақтың тақырыбы : Дауыссыз дыбыстардың қатаң,ұяң,үнді болып бөлінуі.

1. Сағат саны: 3



2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту : Студенттерге кітапханада пайдаланалылатын айтуға керекті сөздік қормен қамтамасыз ету.Тақырыпқа, жазу мәнеріне қажетті грамматикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.Қазақ тіліне тән дауыссыздар, буынның түрлері,ілгерінді және кейінді ықпалдар.
тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке тәрибиелеу. Ұлттық ұғым танымдарын кеңейту.
дамыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен қамтамасыз ету. « Кітапханада»тақырыбында еркін сөйлесуін, тақырыпқа байланысты мәтін құрауға үйренуін қадағалау.
4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин ( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин ( 26 %)

Фонетикалық талдау жасау



  1. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин( 33 %)

Грамматикалық тақырып : Дауыссыз дыбыстардың ұяң,үнді болып бөлінуі

Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстардауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдыңқатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар:п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстарболып табылады.
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды.
Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды.
В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстарыайтылады, бірақ жазылмайды.

 


АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Ыриза

Ырақат


Ырас

Ірең


Ірет

Іреніш


Ылайық

Ылақ


Ылажсыз

Ылаңкес


Ілебіз

Ілезде


Риза

Рақат


Рас

Рең


Рет

Реніш


Лайық

Лақ


Лажсыз

Лаңкес


Лебіз

Лезде


 

Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сөздергеқосымша қатаң дауыссыздан басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.
кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сөздергеқосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жалғанғанда соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы,металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт – киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т. б.
щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сөздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тұщы, кеще;
х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.
У дыбысы дауыссыз болады:
1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.
2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.
3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.
Ь біткен сөздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегіь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялі

10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин( 33 %).

Дауысты дыбыстар саны
Дауыссыз дыбыстар саны
Ашық дауыстылар
Қысаң дауыстылар
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар
Еріндік дауыстылар
Езулік дауыстылар
Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.
Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Саин)

Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М. Әуезов)


Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С. Мұқанов)
Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.

2. Деңгейлік тапсырмалар:


І деңгей
1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж. Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею

11.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

10 мин( 7 %)

12. Сабақты қорытындылау. 15 мин

а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) тест тапсырмаларын орындау

13. Үйге тапсырма беру.

Мысалдар жазу

Сабақ 8

Сабақтың тақырыбы: Кітапханада. Қазақ тіліне тән дауыссыздар. Олардың дұрыс айтылуы,жазылуы.

1.Сағат саны: 3

2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту : Студенттерге кітапханада пайдаланалылатын айтуға керекті сөздік қормен қамтамасыз ету.Тақырыпқа, жазу мәнеріне қажетті грамматикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.Қазақ тіліне тән дауыссыздар, буынның түрлері,ілгерінді және кейінді ықпалдар.
тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, адамгершілікке тәрибиелеу. Ұлттық ұғым танымдарын кеңейту.
дамыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен қамтамасыз ету. « Кітапханада»тақырыбында еркін сөйлесуін, тақырыпқа байланысты мәтін құрауға үйренуін қадағалау.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж

2.Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

3.Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

4.Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

5.А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.



  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин ( 7 %)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



8. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин ( 26 %)

Дауыссыз дыбыстардың бөлінуі.



9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин( 33 %)

Лексикалық тақырып: Кітапханада

Біздің университетте үлкен, жарық кітапхана бар.. Кітапхана ішінде оқырмандар үшін арнайы оқу залы бар. Мен университетке түскеннен кейін кітапханаға жазылдым. Жеке куәлігім бойынша оқырман куәлігін жазып берді.Бұл жерден өзіме қажетті деген оқулықтарды, кітаптарды әртүрлі сөздіктер,әдеби кітаптарды каталогтар жүйесі бойынша тауып алуға болады. Сабаққа дайындалуға мүмкіндіктер көп, өйткені барлық оқулықтарды осы жерден табасың.Бос уақытымда әдеби кітаптарды көп оқимын. Әсіресе қазақ жазушыларынанМ.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, С.Мұқановтың, М. Жұмабаевтың шығармаларын үйге жаздырып аламын.Мен кітапханаға келгенімде кітапханашыдан кеңес аламын.Үйге алған кітабымды уақтылы қайтарамын.Кітапхана өз дәрежесінде қызмет етеді.

Мен осы кітапханада жұмыс жасағанды ұнатамын.Кітапхана іші өте таза,ыңғайлы және тыныш. Менің курстастарым да басқа кітапханаға қарағанда осы кітапханаға келгенді ұнатады.

Адам баласының ақыл дариясына құйылатын алтын көлі-кітап.Сол кітаптар қоймасы,білім ордасы,алтын сарай кітапхана.Кітап қоры- еліміздің баға жетпес ұлттық байлығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет