Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
Жақ
|
Соңғы дыбыс
|
Дауысты
|
Дауыссыз
|
Жуан
буын
|
Жіңішке
буын
|
Жуан
буын
|
Жіңішке
буын
|
1. I жақ
|
-м
|
-м
|
-ым
|
-ім
|
2. II жақ
|
-ң
|
-ң
|
-ың
|
-ің
|
3. II жақ
|
-ңыз
|
-ңіз
|
-ыңыз
|
-іңіз
|
3. III жақ
|
-сы
|
-сі
|
-ы
|
-і
|
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер(мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
|
Жекеше
|
Көпше
|
менің
|
ата-м, қалам-ым
|
ата-лар-ым, қалам-дар-ым
|
сенің
|
ата-ң, қалам-ың
|
ата-лар-ың, қалам-дар-ың
|
10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
Жаттығу жұмыстары.Тәуелді жалғаулы сөздерді анықтаңыз
Атам диванда отыр.
Әжем қолғап тоқып отыр.
Әкем мен шешем теледидар көріп отыр.
Біздің отбасымыз тату- тәтті тұрады.
Балалар, біз үлкен адамдарды құрметтеуіміз керек, сыпайы болуымыз керек.
Ал кім отбасы туралы мақал-мәтелдер біледі? (оқушылар білетін мақалдарды айтады)
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)
12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)
а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
б) сұрақтарға жауап беру;
в) тест тапсырмаларын орындау
13. Үйге тапсырма беру.
Мысалдар жазып келу.
Сабақ 23
Сабақтың тақырыбы: Өмірбаян. Тәуелдік мағынаның –нікі,-дікі,-тікі формалары.
1. Сағат саны: 3
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақ мақсаты:
оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тәуелдік жалғауларын меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.
тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.
дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж
2 Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.
3 Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
4 Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993
5 А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.
6 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
1. Жалғаулар туралы
2. Көптік жалғауы
3. Тәуелдік жалғауы
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Лексикалық тақырып : Өмірбаян
Менің тегім-шыңғыстегі, есімім –Әліби, әкемнің аты –Қамбар.Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туылдым. 1985 жылы 1 ақпанында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ
Әкем –Шыңғыстегі Қамбар, 1949 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген, жұмысшы. Шешем- Шыңғыстегі Бибіфатима, 1956 жылы 6 шілдеде дүниеге келген, оқытушы.
2001 жылы Қызылтаң орта мектебін үздік үлгеріммен бітірдім. Мектепте домбыра үйірмесіне қатыстым. Атақты күйші композиторлардың, мысалы, Құрманғазы, Дина, Сүгір күйлерін орындауды үйрендім. Оқудағы үлгерімім мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігім үшін аудан әкімінің алғыс хатына ие болдым.
Мен дәрігер болуды армандадым. Сондықтан 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына оқуға түстім. Қазір емдеу факультетінің 1 курс студентімін.
Грамматикалық тақырып : Тәуелдік мағынаның –нікі, -дікі,- тікі формалары.
Иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады. Тәуелдік жалғаудағы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. Мысалы: менің кітаб-ым, менің шеше-м, сенің жолдас-ың. Тәуелдік жалғауы бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде, зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: балам, қызым дегендер зат есім болса, Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді (мақал). Осылардың жақсысы да, жаманы да бірдей деген сөйлемдердегі үлкені, жақсысы, жаманы дегендер — заттанған сын есімдер. Алты жылқышы — төртеуі түнге, екеуі күндізге. дегендегі төртеуі, екеуі деген сөздер зат есім қызметін атқарып түрған жинақтық сан есім сөздер. Еріншектің ертеці таусылмас деген мақалдағы ертеңі заттанып тұрған мезгіл үстеу.
Тәуелдік жалғау үш жақта: жекеше көпше, II жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады.
-нікі, -дікі,-тікі жұрнақтары тәуелдік форманы туғызатын жұрнақтар болып есептеледі. Заттың біреуге тәуелді екенін қазқ тілінде ек түрлі жолмен жеткізеді. Біріншісі тәуелдік жалғауы арқылы,екіншісі –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары арқылы. Тәуелдік жалғауында тәуелдеушіге ілік септігінің жалғауында жалғанып, тәуелденетін затқа тәуелдік жалғауы жалғанса,-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары арқылы заттарға тәуелдік мағына үстеу кезінде тәуелденетін зат түбір күйінде қалады да, тәуелдеуші зат иесіне-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары қосылады. Мысалы: Менің кітабым ( тәуелдік жалғауы кезінде ), Кітап менікі (-нікі, -дікі, -тікі) жұрнақтары кезінде
10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
1 жаттығу Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз ауырып тұрсаңыз дәрігерге неге көрінбейсіз? Ақшасы бола тұра , Марат ештеңе алмады ма? Үйіме қанша шақырса да, неге келмейсің? Күн суық па? Шөлдесең, су ішпейсің бе? Кітапханада кітап көп, оқуға кітап алмайсыз ба? Әжесі баяу жүреді, пойызға үлгере ме? Мына сағатты қымбат болса да, аласың ба ? Алматыда көп уақыт тұрсаңыз да, адасып қаласыз ба?Ертең күн суық болса үйде отырасыз ба?
жаттығу Қазақ тіліне аударыңыз.
Хоть Чохан Валиханов и жил мало, но сделал много. Хоть я и болею, но в поликлинику не хочу. Хоть у Марата и были денги, он ничего не купил. Хоть у Сауле и был отпуск, она не отдохнула. Хоть он и хороший ученик, но ленивый. Хоть у меня и есть время, но я не пойду на почту. Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по казахски. Хоть и холодно на улице, но хорошо.
жаттығу Көп нүктенің орнына қажеттіграмматикалық көрсеткіштерді қойыңыз.
Нығметтің ауылға бар.... келіп жүр. Сәрсеннің өлең айт... келді. Сенің театрға бар... келді. Біздің ин,ститутұа бар... келді. Менің жауап бер.. келіп отыр. Оқытушының менен сұра... келмейді. Бұл оқытушыныңлексиясын тыңда... келмейді. Бұл институтта оқы... келмейді. Асханағ бар... келмейді. Менің қазір тамақ ішкім кел... отыр.
11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)
12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)
а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
б) сұрақтарға жауап беру;
в) тест тапсырмаларын орындау
13. Үйге тапсырма беру.
Өмірбаян жазып келу.
Сабақ 24
Сабақтың тақырыбы: Септік жалғаулары. Септеулік шылаулар, олардың түрлері мен қызметі.
1. Сағат саны: 3
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақ мақсаты:
оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту. Тәуелдік жалғауларын меңгерту. Тілдік білімдерін дамыту.
тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.
дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж
2 Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.
3 Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
4 Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993
5 А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.
6 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
1. Жалғаулар туралы
2. Көптік жалғауы
3. Тәуелдік жалғауы
Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Грамматикалық тақырып: Септік жалғаулары. Септеулік шылаулар, олардың түрлері мен қызметі.
Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]
Мысалы:
Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
Еңбек етіп күшті туған ерлер
Еңбекке ерте тұра бекін буады.
Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б.).
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.[2]
Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесінсөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
|
Септік жал-
ғауларының
аты
|
Сұраулары
|
Жай септіктің
сұраулары
|
Тәуелдік септік сұраулары
|
1
|
Атау
|
кім? не?
|
кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?
|
2
|
Ілік
|
кімнің? ненің?
|
кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?
|
3
|
Барыс
|
кімге? неге?
қайда?
|
кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?
|
4
|
Табыс
|
кімді? нені?
|
кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
|
5
|
Жатыс
|
кімде? неде?
қайда?
|
кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?
|
6
|
Шығыс
|
кімнен? неден?
|
кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?
|
7
|
Көмектес
|
кіммен? немен?
|
кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?
|
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мьшалар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.
Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі- қызмет атқарады Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ. М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А). Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Ә.). Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы. (Ғ. Мұст.). Мысалдагы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік катынаста, кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.
10. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)
Сөз тіркесінің екінші сыңарын тауып, байланысу түрін анықтау
№ Мысалдар -----барамыз------маржан------жазушысы-------оқиды------сақтау-----көзі------үй
1. халық
2. денсаулықты
3. біз
4. Айман
5. күннің
6. білгенге
7. біздің
-Шылау дегеніміз не?
-Шылаудың басқа сөз табынан қандай айырмашылығы бар?
-Шылауларға қосымша жалғауға бола ма?
-Шылаулар қандай топқа бөлінеді?
-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-Шылау нешінші сөз табы?
11. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау 10 мин.. (7 %)
12. Сабақты қорытындылау 10 мин (7 %)
а) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
б) сұрақтарға жауап беру;
в) тест тапсырмаларын орындау
13. Үйге тапсырма беру.
Мәтінмен жұмыс жасау
Сабақ 25
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігі. Көмекші есім.
1. Сағат саны: 3
2. Сабақ түрі: тәжірибелік
3. Сабақ мақсаты:
оқыту: Студенттің тілдік қорын дамыту.Септеулік шылаулар, олардың түрлері мен қызметі жөнінде түсіндіру .Тілдік білімдерін дамыту.
тәрбиелік: Ұлттық дәстүрлерді қастерлеуге және де тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп ,жеке тұлға тәрбиелеу.
дамыту:оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыру.
4. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
5 Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:
а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:
Ж.Доспанова.С.Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002
Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.
3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
4 Оралбаева Н.ӘбдіғалиеваГ.ШалабаевБ,«Практикалық қазақ тілі»Алматы, 1993
5 А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002
6 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.
б) Қосымша әдебиеттер:
1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж
2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985
3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.
4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.
5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.
6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
7. Ұйымдастыру кезеңі 10 мин.( 7 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
8. Өткен тақырыптарға шолу жасау.35 (26%)
1. Тәуелдік жалғауы
2. Септеулік шылау
3. Септік жалғаулары
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33%)
Грамматикалық тақырып : Жіктеу есімдігі. Көмекші есім.
Септеулік шылаулар, олардың түрлері мен қызметі. Жіктеу есімдігі. Көмекші есімдер.
Септеулік шылаулар деп белгілі бір септік жалғаулы сөзіне тіркесетін шылаулар түрін айтамыз. Олар өзінен алдын тұрған сөздің белгілі бір септікке тұруын қажет етеді.Мысалы: үшін, сайын шылаулары атау септігінің шылауы деп аталады.
Барыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар: дейін, шейін, тарта,таман, жуық, қарай.
Шығыс жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар : бері, бұрын, соң, астам, кейін, аса.т.б.
Есімдік- зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы деп атасақ, жіктеу есімдігі соның мағыналық түрлерінің бірі.
Сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде адамды немесе заттың атын, сынын алмастыратын есімдіктерді жіктеу есімдігі деп атайды.
Жіктеу есімдіктері жекеше және көпше түрде үш жақта қолданылады:мен, сен, сіз, ол, біз, ( біздер) сендер, сіздер, олар.
Кейбір зат есімдер өздеріне тән байырғы қызметтерінен жартылай айырылып, көбінесе көмекші сөздер, яғни көмекші есімдер есебіне жұмсалады.
Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталынып, бірде солғындап өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық, жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын есімдерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан онша көп емес. Оларға : алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады. Сан жағынан аз болғанмен бұл сөздердің қолданылу өрісі өте көң. Себебі олар тілімізде үлкне роль атқарады. Мысалы: Сыртын көріп ,ішінен түңілме.
Достарыңызбен бөлісу: |