Сабақтың тақырыбы: Көшпелілікті зерттеу тарихы Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі117,56 Kb.
#18042
түріСабақ
Қазақстан тарихы Сынып 10

Сабақтың тақырыбы: Көшпелілікті зерттеу тарихы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселесі туралы,көшпеліліктің шығу тегі,қалыптасуы туралы толық түсінік беру.

  • Тәрбиелік:Оқушыларды өз елінің тарихын, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: көшпеліліктің қалыптасу туралы оқыта отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, білімділігін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;

Сабақтың түрі:Ізденіс сабағы Әдісі:сұрақ-жауап, баяндау,ойын сұрақтары,деректермен жұмыс Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,нақыл сөздер Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқу құралын тексеріп түгелдеу 2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ-ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Ғұндар

Шарты:

Түстерді таңдау арқылы ұяшықтағы тапсырманы топпен бірлесе отырып орындау керек.

1.Семантикалық карта (сары түс)

2.Сәйкестендіру (көк түс)

3.Қатемен жұмыс (жасыл түс)
1.Семантикалық карта


Мемлекеттік бірлестіктер

Б.з.д

3-б.з 5 ғасыры

Битянь

Б.з.д 8-3 ғасыр

Күнби

Б.з.б 530 жылы

Б.з.д 3-2 ғасыр- б.з. 5 ғасыры

Қызыл Аңғар

Б.з.д 3-2 ғасыр- б.з. 5 ғасыры

Ғұн мемлекетінің бірлестігі

*






















Сақ тайпаларының бірлестігі







*
















Үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі
















*







Қаңлылардың мемлекеттік бірлестігі






















*

Үйсін билеушісі










*













Сақ тайпалары парсы билеушісі Кирге қарсы соғысты













*










Қаңлылардың астанасы




*



















Үйсіндердің астанасы



















*





2.Сәйкестендіру


1.Халқының саны 600 мың болды




Үйсін тайпасы 2

2.Қытаймен елшілік туысқандық байланыс орнатты




Ғұн тайпасы 8

3.«Аң стилі» қай тайпаға тән




Сармат 6

4.Қазақстан жерінде алғаш мемлекеттік бірлестік құрды




Қаңлылар 1

5.Каспий маңын мекендеген тайпалар аталды




Үйсін тайпасы 4

6.«Әйелдері садақ атады,аттың үстінде жүреді» қай тайпаға тән




Сақтар 3

7.Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар (Страбон)




Гирканилер 5

8.Лаушан билеуші




Массагеттер 7

3.Қатемен жұмыс

1. Сырдарияның орта ағысы,Тянь-шань Жетісу жерін ғұндар мекендеді? Сақ-тиграхауд
2.Үйсіндердің асанасы-Битянь (Қызыл Аңғар)
3. Ғұн тайпалары шығыстан батысқа қарай б.з.д 5 ғасырдан- б.з. 8 ғасырында жылжыды. ( б.з.д 2 ғас-б.з 4 ғасыры)
4.Ғұн мемлекетнің негізін қалаушы-Аттила ( Мөде)
5.Ғұн әскерлерінің саны - 120 мың (30 мың немесе 300 мың)
6. Ғұн мемлекетінің билеушісі Мөде б.з.д 204 жылы билікке келді

( б.з.д. 209 ж)

7. Б.з.д 152 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды

( б.з.д. 133 жылы)

8. Ғұн мемлекеті б.з.д 59 жылы ыдырап 3 ке бөлінді

( б.з.д 55 жылы 2 ге бөлінді)
Кім алғыр

Ауызша сұрақтармен жұмыс

1.Тиграхауд сақтары мекендеген жер Сырдарияның орта ағысы,Тянь-шань Жетісу
2.Үйсіндердің асанасы-Қызыл Аңғар
3.Қаңлылардың билеушісінің лауазымы-хан
4.Қаңлылар туралы қандай деректерде кездеседі? Қытай деректерінде,Асвестада Сыма Цяннің еңбегінде
5.Қаңлы әскерлерінің саны- 120 мың
6.Ғұн мемлекетін әскери басшы кім басқарды- шанью

7.Ғұн тайпалары б.з.д 5 ғасырда қай жерді мекендеді-

Оңтүстік Моңғолия
8. Қытай деректеріндегі ғұндардың саны -300 мың немесе 1 млн.500 мың
9.Ғұн тайпалары Жетісу жеріне қоныстанып қандай мемлекет құрды? Юэбань
10.Мөде қай жылы қайтыс болды? Б.з.д 174 жылы
V. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары:


  • Көшпелер өркениетінің зерттеу мәселелері

Көшпеліліктің шығу тегі

Сыныпты топқа бөлу

Тарих тобы

Тағылым тобы

Зерде тобы


  • Көшпелі қоғам-көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып,күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын,белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяси қауымдастығы және өркениеті.

Көшпелілер туралы түсінік,алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне қытайда «көшпелілер- жабайы,мәдениеттің –қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы,өркениеттің жауы» деп есептеді.

Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша,Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы,темір дәуірінің басына ,яғни б.з.д 9-7 ғасырлырға дәл келеді. Осы кезден бастап,Орталық,Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу,ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап,жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.

Ғалымдардың пікірінше,көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді,ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам-бұл даму болашағы шектеулі қоғам.

Көшпеліліктің шығуы көпшілік жағдайда ,географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақтытарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы-белгілі бір климаттық жағдайлар,экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне,табиғи ресурстарға байланысты.

Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңыойпаттары,Үстірт,Торғай,Жем жоталары,Бетпақдала,Балқаш маңы далалары,Сарыарқа,Іле Алатауларының тау беткейлері тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.

Жаңа тақырып бойынша оқушыларға дайындалуға 3 минут беріледі.

Шарты :

Деректер сөйлейді

Шарты:Айтылған мәліметтер кімнің дерегінде жазылғанын табу керек.

«Көшпелілер- жабайы,мәдениеттің қас жауы» Көне Қытай деректерінде
«Жабайылырдың тұқымы,өркениеттің жауы» Еуропа ғалымдары
«Көшпелілерде әлеуметтік қарам-қайшылық болғанымен,мемлекет болған жоқ»-деп жазған философ Философ Гегель
Тарихи диктант

Шарты тиісті орынға сөздерді қойып орындау.

«Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты,............................................................,содан соң .......................... қоғамды басынан өткізді.»

Жауабы:«Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты,алдымен құлиеленушілік,содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді.»

«Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық .........................................,осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі .....................................................,ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды»

Жауабы:«Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді,осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды,ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды»

«Көшпелілерді таптық қоғам болған жоқ тек,рулық қауым болды» деп мәлімет берген зерттеуші А.П.Чулашников

«Көшпелілерді таптық қоғам....................................... ,..................... қауым болды» деп мәлімет берген зерттеуші ......................................

Жалпы көшпелілікті зерттеу тарихына өз қорытынды пікірлерің қандай?

Көшпелілер өркениеті жөнінде ғалымдардың көзқарасына өз пікірлерің қандай?

Оқулықпен жұмыс

Көшпелілікті пайда болуы....................................... 101 бет

20 ғасырдың 60-80 жылдарынан бастап ................... 101 бет

Табиғи –климаттық өзгерістер....................................102 бет



Орта ғасырда өткен 7 сыныпта өткен материалды еске түсіру мақсатында берілетін тапсырма

Мемлекеттер

шаруашылығы

Көшпелі

Жартылай көшпелі

Жартылай отырықшы

Отырықшы егін шаруашылығы

Батыс Түрік қағанаты




*







Түргеш қағанаты

*

*

*




Қарлұқ қағанаты




*

*

*

Сәйкестендіру



Тапсырмалар

Дұрыс жауап

Қате жауаптар тізімі

1

Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым




Батыс және Орталық Қазақстан

2

Қалалардың құрылым жүйесі қанша бөлікке бөлінген




Мезолит

3

Мал бағудың көшпелі түріне көші қалыптаса бастаған дәуір




Қыстау

4

Алғашқы егіншілік қалыптса бастаған дәуір




Қола

5

Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақ




тебінді

Қорытындылау Көшпелілік шаруашылық жүргізудің ғана емес,тұрмыстіршіліктің детүрі болды. Қоғам дамыған сайын көшпелі шаруашылық пен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Б.з. 5-6 ғасырладан бастап бір мың жылға таяу уақыт көшпелілер саяси аренада күшейді. 14-15 ғасырларда қайта құлдырады,бұл қоғам заңдылығы.ҮІ. Сабақтың бекіту:

Тесттік тапсырма

Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру



Кестемен жұмыс


Қоныс атауы

Аймақ

Негізгі табылған заттар

1.Терісек,Қарағайлы,Сексеуілді







2.Бұғылы,Шортанбұлақ







3.Кіші Красноярка,Усть-Нарым







4.Шірік-Рабат,Бәбіш молда







5.Ұйғарақ,Түгіскен







6.Пазырық,Берел








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет