Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
8.2А бөлім: Квадрат теңдеулер
|
Мектеп: Қаратай Тұрысов атындағы
№ 53 мектеп-гимназиясы
|
Күні: 20.11.2019 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Исаева Аида Бахытовна
|
Сынып: 8 «В»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Квадрат теңдеулерді шешу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Виет теоремасын үйренеді.
Көпшілік оқушылар:
Виет теоремасын біледі және есептер шығаруда қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Виет теоремасына және оған кері теореманы қолданып, квадрат
теңдеудің түбірлері туралы дәлелдей алады.
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
Квадрат теңдеудің түбірлерін анықтау үшін Виет теоремасын қолданады;
Виет теоремасына кері теореманы қолданып, берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрады.
квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысын табады;
квадрат теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісін табады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат:
Виет теоремасына (оған кері теоремаға) сүйеніп, квадрат теңдеудің түбірлері туралы талқылау жүргізеді;
квадрат немесе бөлшек-рационал теңдеудің шешімін түсіндіреді;
квадрат теңдеудің түбірлерінің саны туралы дәлелді талқылайды;
Бөлім бойынша лексика және терминология:
квадрат теңдеу;
толық және толымсыз квадрат теңдеулер;
келтірілген квадрат теңдеу;
бірінші немесе басты коэффициент, екінші коэффициент немесе х-тің коэффициенті, бос мүше;
дискриминант;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік;
... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады;
берілген квадрат теңдеудің... түбірі бар, өйткені ... ;
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары
Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Денсаулық, достық және айнадағыларға қамқорлық көрсету
|
Пәнаралық байланыс
|
геометрия – Виет теоремасын дәлелдеуде
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интербелсенді тақта, ұялы телефон
|
Алдыңғы білім
|
Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары.
|