Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
-Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
-Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың»).
Сергіту сәтіҚараокемен «Қарлығаш» әнін айту
(Т) Айтылым. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы – шешен, біреуі – тілші және үшіншісі – хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді.
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ж) Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды.
үйдің
бұтағы
қораның
қабырғасы
ағаштың
беті
талдың
төбесі
көлдің
арасы
таудың
етегі
тоғайдың
шатыры
үйдің
басы
Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ө) Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Тырна –ірі құс. Ақ, қара, сұр тырналар болады. Тырналардың мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа болады. Ол жақсы жүгіреді. Ұясын жерге салады. Тырналар өсімдік тамырымен, құрттармен, жәндіктермен қоректенеді. Тырна күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Мәтінді тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
№
Ақпарат
дұрыс
дұрыс емес
1
Тырна – кішкентай құс.
2
Тырнаның аяқтары ұзын.
3
Тырна жақсы жүгіреді.
4
Тырналар жәндікті жемейді.
5
Тырналар әртүрлі болады.
Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз жауаптарын тексереді, өзін-өзі бағалайды.
(Т) Оқулықта берілген екі суреттің қайсысына қатысты ақпарат бар? Жауаптарын түсіндіреді.
«Фотосуреттер» әдісі.
Екі топ суреттердің ішінен бір суретті таңдайды.
суретті таңдау себебін түсіндіреді;
суретке ат қояды;
суретке қатысты туындаған идеяларды жазады немесе сұрақтар қояды.
Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалады.