Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Үлкен үйрек, тауықтың балапаны, бес қаз, әтешке су беру
Тауықтың балапаны жем жеді.
(Т) Тыңдалым
Тыңдалым алды тапсырма
Венн диаграммасын толтыру: үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады.
(Ж) Тыңдалым тапсырмасы
Тыңдалым мәтіні
Атамның қорасында үй құстары бар. Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш жатады. Үй құстары төмен ұшады.
Атам құстарға ұя жасады. Олар сол ұяда жатады. Мен құстарға жем, су беремін.
Мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Керекті сөздер: Қайда?Қалай Кім? Не? Нелер?
Атамның қорасында ... бар?
Үй құстарына ... жатады?
Олар ... жатады?
Үй құстары ... ұшады?
... құстарға ұя жасады?
Орындап болған соң, жұптар келесі жұппен бірлесіп, жұмыстарын талдайды. Жауаптарын бағалайды.
(«Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Сурет бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Атамның ... үй құстары бар. Үй құстары: ..., ..., ..., ..., ... .
Үй құстары ... ұшады. Біз үй құстарына ... .
(Дәптерлерін жинап тексеру)
(Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды. Сөйлемдерді интонациясына сәйкес оқуларын ескерту.
-Әлібек, мынау қандай құстар?
-Бұл – үй құстары.
-Мынау не?
-Бұл- үйрек.
-Мынау не?
-Бұл- тауық.
-Мыналар ше?
-Мынау-қаз. Анау- әтеш.
(МК, Ұ) Жазылым. «Бірлесіп жазу» әдісі бойынша мәтін құрап жазу (мұғалім жетекші рөл атқарады, оқушыларға сұрақ қоя отырып, тақырыпқа сәйкес мәтін жазады).
Тірек сөздер:
Ауыл, ата, үй құстары, қаз, аула, үйрек, тауық, үлкен, жем шашу, су беру
(Т) Айтылым. «Қандай құс?» ойыны. Оқушылар топқа бөлінеді. Текшені кезекпен лақтырып, шаршы тақтаның бетіндегі сурет бойынша үй құстары мен оған қатысты заттарды атау керек. Бір минуттың ішінде қай топ көп әрі дұрыс айтса, сол топ жеңіске жетеді.
«Бас бармақ әдісі» бойынша бағалау.
|
Сабақтың соңы
|
Үй тапсырмасы:
Сұрақтарға жауап бере отырып, ауызша шағын мәтін құрап айтады.
Әлібек пен Анна не туралы сөйлесті?
Үй құстары қайда жүреді?
Балалар қандай үй құстарын көрді?
Рефлексия
«Пайыздық көрсеткіш»
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
|
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|