(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Жалқау, ерке, жаман, таста.
Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгереді, сөйлемдер құрастырады.
Жаңа сөз
|
Мағынасы жақын сөз
|
Мағынасы қарама-қарсы сөз
|
Жалқау
|
Еріншек
|
Еңбекқор
|
Ерке
|
Тотай
|
Ерке емес
|
Жаман
|
Нашар
|
Жақсы
|
Жалқау бала сабаққа кешігіп келеді. Мен жалқау емеспін. Мирас - еркебала, ол ойыншықтарын шашып тастайды. Жаман әдеттен аулақ болу керек.
(Ұ) Грамматикалық қоржын.
Оқушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Кезектесіп сөз орамдарына жалғауларды дұрыс байланыстырып айтады.
І қатар ІІ қатар
Мен жалқау+мын Жоқ, мен жалқау емес+пін
Сен жалқау+сың Жоқ, сен жалқау емес+сің
Сіз жалқау+сыз Жоқ, сіз жалқау емес+сіз
Ол жалқау Жоқ, ол жалқау емес.
Енді рөлдерімен ауысады.
Мен ерке+мін Жоқ, мен ерке емес+пін
Тыңдалым.
Тыңдалымалды сұрақтар:
* Жалқау бала деп кімді айтамыз?
* Жалқау болу жақсы әдет пе, жаман әдет пе?
Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі.
(Ұ) Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Суретті пайдаланып (оқулық, 40 бет), мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Жалқаубек – жалқау бала. Ол өте ерке. Түске дейін ұйықтайды. Бөлмесіндегі заттарды шашып тастайды. Ата-анасының тілін алмайды.
Дескриптор:
- мәтінге тақырып қояды;
- мәтінді мазмұндайды;
- суретке сүйенеді;
- мазмұндау барысында тілдік нормаларды сақтайды.
(Т) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Оқушылар шағын 3 топқа бөлінеді. Диаграмманы толтырып «Жаман»деген сөзді сипаттайды, өз пікірлірен дәлелдейді.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім комментарий беру арқылы кері байланыс береді.
|